Социум

Қазақстанда пандемиядан кейін халықтың қарызы күрт өсті

Қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетті

3 жыл бұрынғы пандемияның қазақстандықтардың қалтасына әсері әлі тоқтаған жоқ. Осы уақыт аралығында азаматтарымыздың несиесі 30 пайызға өсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетті. Бұл қарыздың 60 пайызы -тұтынушылық несие. 34 пайызы баспана ипотекасы болса, 6 пайызы автонесие сияқты өзге қажеттіліктер үшін алынған.

Дегенмен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, қазақстандықтардың жиған қаржысы одан да көп. Жеке тұлғалардың депозиттерінде 17 трлн теңгеден астам қаржы бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Другие новости

Back to top button