Социум

Қазақстанда орташа жалақы айтарлықтай төмендеген

2022 жылғы ІІІ тоқсандағы Қазақстанда орташа жалақы көлемі айтарлықтай төмендеген дейді Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп. 

Биылғы ІІ тоқсанда айлық еңбекақы көлемі 312 мың теңге болған болса, қазір ол 299 782 теңгеге дейін төмендеген. Ал медианалық жалақы (ең жоғары жалақы мен ең төмен жалақының қақ ортасындағы көрсеткіш – ред.) 196,7 мың теңгеден 189 мың теңгеге дейін азайған.

Сарапшылар биыл жалақы төмендегенмен, былтырғы ІІІ кварталмен салыстырғанда 23%, ал инфляцияны ескерсек 5,8% өскен дейді.

Облыс бойынша статискаға келсек, ең жоғары орташа жалақыны Атырау облысындағы жұмысшылар алады екен. Олардың еңбекақысы – 526 848 теңге. Ал ең төмен жалақы Түркістан облысында тіркелген – 216 710 теңге.

Другие новости

Back to top button