Образование

Қазақстанда ескі мектеп саны 400-ден асады, оның 239-ы саманнан жасалған

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 442 ескі мектеп барын мәліме тті. Оның айтуынша, оның 239-ы саманнан жасалған мектеп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Маңызды сұрақ. Бізде ескі мектеп өте көп. 442 ескі мектеп бар. Саманнан жасалған 239 мектеп бар. Қазіргі уақытта апаттық жағдайағы мектеп саны 52-ден асты. Жүз жылдан асқан мектептер көп. Сондықтан, осы меткептерді тиісті мерзім сайын тексеру маңызды. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда мектепте төбесі опырылып түсті. Сол кезде әйтеуір мектепте балалар болған жоқ. Сол сияқты осы мектептерді біз дер кезінде тексеріп отыру керек деп санаймыз. 30 жылдан асқан меткептерді инвентаризация жасалады. Екіншіден, жылына 1 мың мектеп жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеуден өткізгенде бірінші кезекте дәл осындай ескі мектептерге басымдық беріледі», — деді Асхат Аймағамбетов білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын талқылау барысында.

Өз кезегінде оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов жаңа мектеп салу бойынша министрліктің нақты жоспары барын айтады.

«Биыл түрлі қаржы көздерінен, оның ішінде трансферттер мен Білім саласының инфрақұрылымын қолдау қорынан, жеке инвестиция мен жергілікті бюджет есебінен бізде 22 мектептің құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. 7 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, Білім саласын инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржы бөлуді көздеп отырмыз. Қалған 23 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде шешіледі», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button