Социум

Қазақстанда 20-22 сәуір күндері жаңбыр жаумайды

«Қазгидромет» баспасөз қызметі антициклон сілемі бойынша еліміздің көптеген аймағында жаңбыр жаумайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қоса, екпінді жел болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сонымен қатар күндізгі ауа температурасы батыста және оңтүстікте +25 және +32 градус, солтүстікте және орталықта +20 және +28 градус аралығында ысиды. Ал еліміздің шығысында +17 және +25 градус күн ақырындап жылиды.


Еске салайық, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде мамыр айында 40 градусқа дейін аптап ыстық болатыны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button