Социум

Қазақстанда 17-19 маусым аралығында күн күркіреп, жаңбыр жауады

 «Қазгидромет» РМК-сы 2023 жылдың 17-19 маусымына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы Оңтүстік циклоны мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Елдің көп бөлігінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусым күні солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Тек республиканың ең шығыстағы бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды», — делінген синоптиктердің болжамында.

Қазгидромет мәліметі бойынша, күндізгі ауа температурасы батыста +20+28 градусқа, солтүстік-батыста +13+26, солтүстікте +17+27 градусқа төмендеуі, республиканың солтүстік-шығысы, шығысы мен орталығында +30+37 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде температура айтарлықтай өзгермейді.

 

Другие новости

Back to top button