Госорганы

Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – ҚР СІМ

Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Оның айтуынша, «Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды» .

 

Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын.Айбек Смадияров

Другие новости

Back to top button