Жамбылская область

«Қазақмыс» компаниясының кенішінде екі адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген компанияның хабарламасында.

Осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болған еді.

Другие новости

Back to top button