Социум

«Қатты аяз бен көктайғақ күтіледі»: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 5-7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ күтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Қазгидромет мамандары еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі байқалатынын жеткізді.

Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігінде циклон әсерінен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Жауын-шашын мен қар күтіледі. 6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар жауады деп болжанып отыр. Көктайғақ күтіледі.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 7 желтоқсанда антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін болжанып отыр. Оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін температура күрт төмендейді. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

Другие новости

Back to top button