
Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың шоты бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhyqazaqstan.tv – ға сілтеме жасап.
Олардың тізімі сот орындаушыларына жолданған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бүгінде мүлік пен көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың жалпы қарызы 29 млрд теңгеге жетеді. Оның 90 пайызы — көлік салығына тиесілі.
Қарызы 138 мыңнан асатын борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынбақ.