Госорганы

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бөлігі мемлекетке қайтарылды

Бұған дейін Қайрат Сатыбалды базардың басым бөлігін өзі қайтарған

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды», — делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.

Другие новости

Back to top button