Павлодарская область

“Қайран, 53 млн теңге”: Павлодарда мұз қалашығы еріп, су болып ағып кетті

Жергілікті журналист Болат Аманбаевтың жазуынша, оны салуға 53 млн теңге кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

— Айтудай-ақ айттым, амал не? Бюджет қаржысы су болып ағып жатыр. Павлодарда салынып жатқан мұз қалашығының бүгінгі сиқы осындай. Қайран 53 млн.теңге… Өңірде қыс ерекше жылы, жаңбырлы боларын бүкіл ел естіді. Бірақ бірде-бір адам қой демеді. Депутаттар, сіздер сайлаушыларға не дейсіздер енді? Шана бар, сырғанақ жоқ. Сауал салар шама бар ма?! – деп жазады журналист.

Жергілікті Павлодарньюс ақпарат көзі осыдан 8 күн бұрын қала әкімдігі мұз қалашығын салатынын хабарлаған. Ол Естай өткелінік ауданында салынатыны хабарланған. Фигуралармен қатар сырғанақ пен лабиринт салу көзделген.

Другие новости

Back to top button