Павлодарская область

Павлодарда тұмылдырығы жоқ ит жасөспірімді қауып алды

Ит иесі жауапкершілікке тартылды

Павлодарда тұмылдырығы жоқ ит жасөспірімді қауып алды. 13 жастағы жасөспірім медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше,  бұл жайт туралы полицияға қоңырау шалып тұрғындар хабарласқан.

«Жетекші ауылында көшеде қарғыбауы мен мен тұмылдырығы жоқ ит 13 жастағы жасөспірімді қауіп алған. Тәртіп сақшылары иттің 36 жастағы иесін анықтап,  ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартты», — делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласында Алматы көшесі бойында баланы өз иті қауып алған, ол да медициналық көмек үшін ауруханаға жеткізілген.

Другие новости

Back to top button