Павлодарская область

Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті

Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпрат агенттігі. 

 

«22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар полициясына бір қыздың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған баланың құлап кеткенін көрді. Оқиға Н. Назарбаев даңғылы, 204 мекен-жайында болған”, – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button