Павлодарская область

Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты концертке шақыруға 10 млн жұмсамақ

Павлодар қаласының әкімдігі Наурыз мерекесін тойлауға танымал әншілер Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақырғалы жатқаны туралы ақпарат тарады. Ең қызығы — оларға қала әкімдігі бюджетінен айтарлықтай ақша бөлінетіні. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді деп жоспарланыпты. Ал жұлдыздарға гонорар ретінде қала бюджетінен жалпы 10 миллион теңге бөлінеді екен.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева мәлімдепті.

«Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыру өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары — шамамен 10 миллион теңге«, — деді Светлана Гладышева.

Другие новости

Back to top button