Социум

«Пара ма, қайырымдылық па?»: Қазақстандық жол сақшылары ресейлік азаматқа айыппұл салып, қайырымдылыққа аудартқызған

Ресейлік азамат Қазақстанда жол жүру кезінде жылдамдықты азайтпағаны үшін айыппұл алғанын айтты. Бір қызығы оны ұстаған полицейлер азаматқа айыппұлдың орнына ақшаны сол жерде қайырымдылық қорына аудартқызған. Ресейлік бұл пара ма әлде қайырымдылық па деп таң болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Видео авторы TikTok желісіндегі парақшасында жариялаған.

“Қазақстандағы жолдағы камералардың өзі бір бөлек әңгіме. Онда сіз алдымен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, кенет 40 км/сағ жылдамдықпен жүру міндет болады. Әдетте бұлай болмауы керек, жылдамдық біртіндеп төмендеуі керек қой. Осылайша бізді жылдамдықты төмендетпегеніміз үшін тоқтатып, айыппұл салды. Құжаттарды тексеріп жатқанда, айыппұл қанша болатынын айтты. Айыппұл өте үлкен көлемде болды. Осы соманы алады деп қорыққанымыз рас. Себебі біз өзге елде тұрмыз. Жергілікті ережелер мен заңдарды білмейміз», – дейді видео авторы.

Кейін жағдай ресейлікті мүлде таңдандырған екен. Айтуынша, жол сақшылары 65-75 мың теңге айыппұлды арзанырақ, қолма-қол өздеріне төлесе болатынын айтыпты. Енді бір қызығы, полицей кейін өзіне берген соманы Instagram парақшасындағы еміне қаражат қажет баланың шотына аударуды сұраған.

«Мен өзге елде болған соң өз құқықты саралайтын шамам болмады. Өзге мемлекет болған соң заңды да анық білмеймін. Сол үшін полицейдің сұрағанын беруді шештім. Алайда, қызығы сол, ол қаражатты қайырымдылыққа аударуымды сұрады. Өзіне бір тиын да алмады. Енді ойласам, бір жағынан бұл – пара, екінші жағынан – адамдарға көмектесу», – деді ер адам.

 

Другие новости

Back to top button