Восточно-Казахстанская область

Өскеменде ер адам күшіктерді балталап тастаған

Күдікті ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Өскеменде қария күшіктерді балталап тастаған. Кішкентай тіршілік иелерін аяусыз өлтірген видео желіде тарады. Бұл туралы Azattyq RuhyYK-news-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұны жасаған қаскөйді полицейлермен бірге 12 сағат іздеп, таптық. Өскемен қаласының қарт тұрғыны екен. Ол Үлбі полиция бөліміне жеткізілді. Ал, өлтірілген күшіктердің кімдікі екенін білмейміз», — деді «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау ҚҚ басшысы Лариса Прокопьева.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Другие новости

Back to top button