Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге тапсырылған үйлерге бүгінге дейін жылу берілмеген
Су тасқыны кезінде зардап шеккен 59 отбасы Орақбаев көшесіндегі №1В үйден жаңа пәтерлер берілген. Олар 17 қыркүйекте жаңа ғимаратқа қоныстанды. Алайда бұл үйлерге әлі күнге дейін газ бен жылу берілмеген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үйдің іші тек шағын ғана жылытқыштармен жылынып тұр. Алайда тұрғындар үйлерінің іші қара суық екенін айтып, шағымданды. Балалар бас киімі мен күртешесін киіп ұйықтайды.
Облыс әкімдігі 21 қазанда жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері көшпелі тексеру жүргізгенін хабарлады. Пәтерлерде автономды жылыту орнатылғаны белгілі болды және тұрғындар оны өздері іске қосуы керек. Әкімдік бүгін, 22 қазанда барлық пәтерде жылу берілетінін айтып, уәде берді.
«Газ қазандықтарыңыз таза автономды, яғни тек сіздің пәтеріңізге арналған. Біз қалаларды жылумен қамтамасыз етеміз, ал сіздер оны бөлек реттеуге тура келеді. Мұнда сіз өзіңіздің жеке үй басқаруыңызды, ПИК немесе МИБ құруыңыз керек. Сіздерге жылуға қосылуға көмектесетін мамандар келді», — деді Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мулькай тұрғындармен кездесуінде.
Үй тұрғыны Галина Перекрест сонымен қатар кешке қарай пәтерді аралап, әр тұрғынмен әңгімелесу өткізілгенін айтты.
«21 қазан күні сағат 20.00-де әкімдік қызметкерлері келді. Олар пәтерді аралап, әрқайсысымен әңгімелесті, барлығын қарады, түсіндірді және алдағы уақытта бәрін қосуға уәде берді. Бізден, тұрғындардан шыдамдылық қажет. Үй әдемі, бәрі жақсы», — деді Галина Перекрест.