Оқушылар енді Snapchat, TikTok, Facebook, Instagram және X желілеріне тіркеле алмайды
Австралияда 12 айдан кейін әлемдегі ең қатал заңдардың бірі күшіне енеді. Елде он алты жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркеліп, оны қолдануға тыйым салынбақ. Ал заң бұзған технологиялық компанияларға 32,5 млн доллар айыппұл салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Премьер-министр Энтони Альбанезе заң балаларды әлеуметтік желілердің зиянынан қорғайды деп мәлімдеген, оның сөзін көптеген ата-ана қолдаған.
Министр Мишель Роулендтің сөзінше, тыйым Snapchat, TikTok, Facebook, Instagram және X желілеріне қатысты болмақ, ал ойын платформалары, хабарлама алмасу платформалары және YouTube бұл заңның қатысы болмауы мүмкін. Алайда сыншылар бұл заңның қалай жұмыс істейтіні түсініксіз екенін айтады, оның үстіне VPN сияқты мекен-жайды жасыратын құралмен оп-оңай желілерге кіре беруге болады. Сыншылар сонымен қатар, жеке деректің құпия сақталатынына кепілдік алғысы келеді.
Google мен Snap заң жобасында толық ақпарат берілмеген деп сынаса, Meta заңның тиімсіз болатынын, оның өз мақсатына жетпейтінін хабарлаған.
Былтыр Франция 15 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының бақылауынсыз әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салған, бірақ зерттеу нәтижелері қолданушылардың VPN арқылы тыйымды оп-оңай бұзғанын көрсетеді.