Алматы

«Өлтіремін» деп қорқытады»: Алматылық келіншек Бас прокурорға жүгінді

Оның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматылық Арайлым Жексембекова әлеуметтік желіде өзін бұрынғы нашақор күйеуінің ұрып-соғып, «өлтіремін» деп қорқытатынын жазды. Келіншек Бас прокурордан көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арайлым Жексембекова полицияға арызданған, дегенмен бұрынғы күйеуі бар мәселені тамыр-танысы арқылы шешетініне сенімді. Әйелдің айтуынша, бұған қоса нашақор күйеуі есепшотынан 4,5 миллион теңге алып кеткен.

Полиция бұл жағдайға түсініктеме берді. Оның арызы бірден сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Алмалы аудандық полиция басқармасында Ж.есімді азаматшаның әкесінің арызы бойынша бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

Ведомство өкілдері шоттан 4,5 миллион теңгені шешіп алуға байланысты алаяқтық жөнінде полицияға арыз түспегенін айтты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.

Другие новости

Back to top button