17 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресей Федерациясы ыдырап тына ма?

05 декабрь 2016, 16:20
Ресей Федерациясы ыдырап тына ма? Байқауымызша, алдағы 1-2 жылда әлемдік геосаясатта үлкен өзгерістер болуы мүмкін.

Бұл өзгерістер Ресей федеративтік республикасының ыдырауымен аяқтала ма?

«Левада» орталығы жүргізген сауалнамаға сенсек, ресейліктердің 63 пайызы Путиннің 2018 жылы президент болғанын қалайды екен. Ал 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 34 пайыз болатын.

Жалпы, Путиннің келесі сайлауға түсуін 2014 жылдан бастап ресейліктердің 50 пайызы жақтай бастаған. Бұл Ресейдің Қырымды тартып алып, Украинаға әй-шай жоқ шабуыл жасаған сәті болатын.

Бірақ, осы ресейліктердің шын мәнінде Путинді қолдайды дегені рас па? Бәлкім, «Левада» орталығының сауалнамасы Кремльдің тапсырмасымен дайындалған саяси тапсырыс шығар?

Бұл сұрақтарды білікті саясаттанушыға емес, Ақтауда тұратын Қуаныш Еділхановқа қойдық. Себебі ол facebook әлеуметтік желісінде халықаралық саясатта болып жатқан соңғы жаңалықтарды жиі жариялап тұрады.

Оның айтуынша, бұл сауалнама президент сайлауы жақындаған кезде шығып отыр. Себебі келер жылы Ресейде кезектен тыс президент сайлауы өтуі әбден мүмкін.

– Менің ойымша, ресейліктердің 63 пайызы Путинді қолдайды деген деректің түбі шикі болса керек. Өйткені интернет арқылы Ресей экономикасының кері кетіп, қиын жағдайда тұрғанын бақылап отырмыз. Бұл биылғы жағдай ғана. Ал келер 2017 жылы Ресейдегі халықтың әлеуметтік ахуалы одан сайын нашарлап, қиындық тудырады. Сарапшылар 2017 жылдың мамыр айында кезектен тыс сайлау болуы мүмкін екенін айтуда. Себебі 2018 жылы Ресейде барлық ресурстар таусылып, халық көшеге шыға бастауы мүмкін. Ал халықтың наразы көңіл-күйі артатын болса, сайлауда жеңіске жету мүмкін емес, – дейді Қуаныш Еділханов.

Әрине, «Левада» орталығының жүргізген сауалнамасына 100 пайыз сену қиын. Өйткені Америка мен Еуропа одағының қыспағынан кейін ресейліктердің күн көрісі күн өткен сайын нашарлап барады. Болашақта алпауыт елдердің Ресейге деген қысымы бұдан да қатты артады. Себебі Ресейдің Қырымды аннекциялап, жағдайды ушықтырып отырғанына ешкім де көз жұма қарамайды.

Ресейге қарсы үлкен ойын жүріп жатыр

Айтпақшы бұған дейін Хиллари Клинтон Трампты ресейшіл позиция ұстанады деп сынап келген болатын. Алайда Қуаныш Еділхановтың айтуынша, су жаңа президент жауапты салаларға Ресейге жан-тәнімен қас басшыларды тағайындап жатыр.

– Мәселен, Трамп АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасына (ЦРУ) Майк Помпеоны ұсынды. Аталған азамат бұған дейін Ресейге қарсы қатқыл мәлімдеме жасау арқылы көзге түскен болатын. Біздің бұл сөзімізге оның «Ресеймен тек қатаң түрде сөйлесу керек» деген сөзі дәлел бола алады. Сондай-ақ, ол «Ресей (Сирияда) ешқандай да ИГИЛ-мен күресіп жүрген жоқ, өз ықпалын сақтап қалудың жолында жүр. АҚШ бұған жол бермеуі керек», деп мәлімдеген болатын. Ұзын сөздің қысқасы, Ресейдің агрессиясын айыптайтын азаматтар жаппай билікке келіп жатыр. Сондықтан да Америка мен Ресейдің арасындағы қырғи-қабақ соғыста Ресей тағы да жеңіледі, – дейді Қуаныш Еділханов.

Ия, байқауымызша, алдағы 1-2 жылда әлемдік геосаясатта үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер Ресей федеративтік республикасының ыдырауымен аяқтала ма? Себебі аталған мемлекеттің құрамында тәуелсіздігін аңсап отырған ондаған халықтар бар. Әрине, аталған халықтардың Тәуелсіздік алар-алмасы белгісіз.

Бізге бір белгілісі, Америка мен Еуропа одағы бірігіп, Ресейге қарсы үлкен ойын жүргізіп жатыр. Ал бұл ойында кімнің жеңіп, кімнің ұтылатынын әлі көре жатармыз.


365 Info, Серғали Асланбек
Просмотров материала: 3 984

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 070 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 603 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 167 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 217 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 543 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 902 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 021 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 277 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 566 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 697 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 218 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 239 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 506 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 326 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 159 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 481 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 406 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 095 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 500 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 236 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 206 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 041 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 878 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 162 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 096 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 596 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 253 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 917 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 550 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 941 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 890 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 955 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 919 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 279 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728