25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаратау мен Жаңатасты дамытуға бөлінген қаржы неге игерілмеді?

Қаратау мен Жаңатасты дамытуға бөлінген қаржы неге игерілмеді? «Бірсалалы шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы қабылданып, жұмыс істей бастағалы да екі жылға жуықтады. Бұл құжат шаруасы шатқаяқтаған шағын қалалардағы ең маңызды салаларды дамытуға көңіл бөлуде. Оның ішінде қаланы абаттандыру, көріктендіру, қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, тұрғындарды еңбекпен қамту, өз бизнесін ашуына көмек беру тетігі де кеңінен қарастырылған.

Моноқаланың басты проблемасы – жұмыссыздық

Жамбыл облысында екі бірдей шағын қала бағдарламаға енгізілді, олар – Қаратау және Жаңатас. Екеуі де кезінде бір-бір өндіріс ошағының жанына топтасып, қанат жайып, соның арқасында өркендеп дамыған қалалар еді. Өндіріс тоқтаған сәтте-ақ қаланың қызу қарбалас тіршілігі де бір сәтке саябырсып, оның соңынөлі тыныштық басты.

Жұмыссыз сенделген тұрғындар лек-легімен қоныс аударып, қаланы тастап кетті. Көп үміт артылған «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» әзірге қалалардың азып-тозып, шаршаған кейпін жақсартуға, жалпы қала келбетін өзгертуге үлес қосып жатыр.

Алайда, жұмыссыздық дерті«жартылай өлі» қалаларды әлі де төңіректеп жүргенін, оған қарсы қабылданған шаралар босқа кетіп, тиімсіз тірліктің арқасында екі жылдан бертінде көзге шұқып көрсетер нәтижеге қол жеткізбегеніміздіде мойындау керек. Естеріңізде болса, өткен жылдың соңына таман бұл мәселе Үкіметте де қаралды.

Өңірлік даму министрлігі берген мәліметке сүйенсек, көптеген моноқалаларда экономикалық белсенді, яғни еңбекке қауқары бар халықтың үштен бір бөлігінен астамы өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың санатына жатады екен. Осы көрсеткішті есепке алып, жіктеп шықсақ, Қаратау (49,7 пайыз), Арқалық (49,3 пайыз), Жітіқара (47 пайыз), Жаңатас (37,1 пайыз) және Құлсары (30,7 пайыз) қалалары расымен де «қара тізімнің» бас жағынан табылды.
Сонымен бірге, аталған мақсатта бөлінген 18,18 миллиард теңгенің игерілу қарқыны да мәз емес. Бәрінен бұрын, осы қатарда өңіріміздегіқос қаланың да көш бастап тұрғаныкөкейдегі біраз сұраққа қозғау салды.

Жаңа жұмыс орындарын құрудың басты алғышарты – сол аймақтағышағын және орта бизнесті дамытуға қолдау жасау, жұмыс істеп тұрған бизнес нысандарының кеңейіп, жұмысын дұрыс жүргізе білуінекөмек беру.

Бағдарламада осы факторларға да жете мән берілген еді. Сөйтіп, бұл мақсатта қос шаһарға 221 миллион теңге бөлінді. Алайда, жылдың басында аударылып қойған қаражат қыркүйектің ортасына дейін бюджеттің қоржынында сары майдай сақталып жатты да қойды. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бейсен Жолболдиевтің өзі қаржыны таратуда бірқатар әкімшілік сұрақтар өз уақытында шешілмей, үлестіру механизмі нақтыланбағандығын айтып, алдағы уақытта олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз деп ақталды.

Бұл қаржы кәсіпкердіңқай жыртығын жамап, несімен көмектесе алатындығын түсіндіріп көрелік. Ең әуелі субсидияға қаралған 85 млн теңгені(Қаратау – 45 миллион, Жаңатас – 40 миллион) тарату талаптарын сөз етсек, ол негізінен табысты жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бір бағытына ұқсайды.

Тек мұндағы субсидияланатын пайыздық мөлшерлемеәлдеқайда жоғары. Егер сіздің банкте несиеңіз болса немесе енді алуға ниеттенсеңіз, сол несиенің жылдық пайыздық ставкасының 10 пайызын мемлекет өз мойнына алады. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында бұл мөлшер – 7 пайыз. Демек, 12-14 пайызбен алынған кредиттің бар-жоғы 2-4 пайызы сіздің еншіңізде. Бұл – өте үлкен жеңілдік. Оның пайдасын басқа түсінбесе де, бизнесте жүрген азаматтар жақсы біледі.

Екінші бір көмек түрі – инновациялық жобаларға қайтарымсыз гранттар беру. Ол үшін Қаратауға 8 миллион, Жаңатасқа 6,5 миллион теңге бөлінген. Үшінші тетік – жаңадан кәсіп ашамын дегендерге 3 миллион теңгеге дейін шағын несиелер үлестіру. Ол алыпсатарлықты айтпағанда, кезкелген бизнес түрін қолдауға беріледі, шектеу жоқ. Пайыздық мөлшерлемесі – жылына 6 пайыз. Әр адам 3 миллион теңгеге дейін несие алуына болады. Тек кепілдікке жылжымайтын мүлік қоюың керек. Оған республикалық бюджеттен 120 миллион теңге қаралды.

Шағын несие алғысы келетіндер көп, қаржы аз

Бейсен Бөгенбайұлы: «Субсидияны «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» арқылы таратсақ, кәсіпкерге де оңтайлы болмақ. Ал, шағын несиелендіруге бағытталған 120 миллионды «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ында комиссия құрамын белгілеп, микрокредиттік ұйымды анықтаған соң игереміз» деп уәде еткен.

Сонымен, 2013-тің соңғы екі айы қаржыны апыл-ғұпыл, асығыс игеруге арналды. Шағын несиені «МеркіФинансКредит» ұйымы таратты, ал, гранттардың иесін арнайы комиссия таңдады. Мәселен, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Е.Мұқановтың айтуынша, жаңа өндірісті дамытуға үш кәсіпкерге грант берілген. Олардың жобалары өзінің инновациялық жаңалығымен комисссияның қызығушылығын тудырыпты.

Зәуре Альмуратова сүт өнімдерінен түрлі тағамдар дайындайтын цех ашу үшін 3 миллион алса, жеке кәсіпкер Бақытжан Түсіпбеков мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп шығару туралы жобасын жүзеге асырмақ. Ол да цех ашқалы жатыр. Ал, Дархан Махамбетов құрылыс қоспаларын шығаруға ден қойған.

Мұндай гранттар Қаратауда да өз иелерін тапты. Азот және кислород баллондарын, кондитерлік өнімдер пісіретін екі цех және заманауи үлгідегі пиццерия ашылып, 20-дан астам адамды жұмыспен қамтыды. Шағын нысандар болса да, әйтеуір, жаңа жұмыс орындары ашылып, бір отбасының бизнеске араласқаны көңілге демеу. Үлкен өзендер де бұлақтардан басталған емес пе.

Күздің алғашқы күндерінде Қаратауда болғанымызда, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Р.Қырықбаев қала халқының шағын несие туралы естіп, күнде сұрап келіп жүргенін, құжаттарын әзірлеп қойғандарын жеткізген. Алайда, ол қаржы қара күзде ғана таратыла бастады. «МеркіФинансКредит» микрокредиттік ұйымы екі қалада да ақшаны соңғы тиынына дейін үлестірді. Тіпті, Қаратауда 63 адам құжат өткізген екен, қаржы соның 30-ының ғана қолына тиді. Жаңатаста бүгінде 75 адам үміткерлер тізімінде тұр. Барлығы да биылғы несиеден дәмелі. Бірақ, биыл Жаңатасқа 45 миллион ғана бағытталғанын ескерсек, ұсыныстың сұранысты қанағаттандыра алмағанын түсінгендей боламыз.

Шағын несие бизнестің қай саласын жарылқағанын білгіңіз келсе, негізінен мал шаруашылығы басымдыққа ие болғанын байқауға болады. Қаратаулық 30 кәсіпкердің 17-сі, яғни жартысынан астамы 3 миллиондық шағын несиесіне мал сатып алған. Әрине, бұл шаруаны қолдауға тыйым салынбаған, шектеу жоқ. Қалалық жер үшінтиімсіз әрі жұмыс орындарын ашу ісіне үлес қоса қоймайтын мал шаруашылығының орнын басқа бір кәсіптің басқанын құп көрер едік, әрине. Десе де, алғашқы жыл үшін бұл да жаман емес. Аталмыш көмектің қалған бөлігін 2 азамат - компьютерлік қызметтерінің аясын кеңейтуге, 3 кәсіпкер – техникалық қызмет көрсету орталығын ашуға, 2 адам – наубайханасын ұлғайтуға жұмсаған. Қалғандары электрлік құрылғылар жөндеу қызметі, тігін цехын ұлғайту, қонақ үй салу, оттегі цехын ұлғайту, кондитерлік цех ашу, дәмхананы кеңейту секілді мақсаттарға пайдаланған.

Субсидияға сұраныс болса да, 60 миллион бәрібір «иесіз» қалды

Екі қалада да игерілмей, бюджетке қайтарылған – банк несиесінің пайызын субсидиялауға арналған қаражат. Өкінішке қарай,кәсіпкерлер оны түгел пайдалана алмады. Оған уақыт тығыз болғанын да жоғарыда айтып өттік. Ал, күзге дейін тұяқ серіппей, мәселені қаперіне ілмеген шағын шаһарлардың басшылығы әлбетте, екі айда қаржыны түгел таратып бермеді. Әйтпесе, тілек білдіріп, құлшыныс танытқандар қатары көп еді.

«Екінші деңгейлі банктер субсидиядан үміткер жобаларды қабылдайтын кезде өте ұзақ «ойланады». Кейде бір жылға да созылуы мүмкін. Ал, өздерінің пайызы жоғары, қымбат кредиттерін беретін кезде бір-екі аптада мақұлдайды. Міне, сол үшін уақыт жағынан ұтылудамыз. Бүгінде банк қарауында бірнеше жоба жатыр, көп жоба өткен жылға үлгермеді, енді биыл алады деген үміт бар. Жалпы, биыл субсидияға 45 миллион, инновациялық гранттарға 7,5 миллион теңге ғана бөлінді.

Одан да сол ақшаның жарымын грантқа аударса, сауапты іс болар еді. Өйткені, грантқа ие болуға талаптанған азаматтар көп, бүгіннің өзінде 17 адам бизнес-жоспарын өткізіп, күтіп отыр. Ал, субсидияны тағы игере алмай, мемлекетке қайтаруымызға тура келе ме деген қауіп бар» дейді Талас аудандық кәсіпкерлік бөлімібасшысының міндетін атқарушы Ө.Айтбаев.

«Зәкірлік» жобалар шағын қаланы өрге сүйрейді

Осылайша ең басты мәселеге де келіп жеткен сияқтымыз. Ол – іргелі өндіріс орындарын қайта іске қосу. Шағын қаланы өмірге қайта әкелу үшін әлбетте, сол қаланың халқын жұмыспен қамтып, асырайтын, кәсіпкерлердің бизнесіне әріптестік қолдау көрсетіп, қызметі мен тауарын тұтынатын, жалпы шаһарға «бас-көз» болатын алып зауыт-фабрикалар қайта салынуы тиіс.

Қуаныштысы сол – Қаратау мен Жаңатаста ондай жобалар баршылық. Егер «зәкірлік» жоба болмағанда бағдарлама қаланың болашағы үшін қаржы қарастырмауы да мүмкін. Бүгінде «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі cеріктестігі Қаратаудың іргесінен натрий цианидін шығаратын өндіріс орнын іске қосуға әзірленуде.

Жобалық құны 7 миллиард 500 миллион теңгені құрайтын алып зауытта 274 адам жұмыс істейді деп күтілуде. Жоспар бойынша, мұнда жылына 13500 тонна өнім өндіріледі. Бұйыртса, «Talas Investment Company» Қаратаудың болашағына бағдар болуы тиіс.

Ресейлік«ЕвроХим – Тыңайтқыш» компаниясы да Жаңатас қаласынан тау-кен өңдеу кешенінің құрылысын салып, көпжылдық алып жобаның тұсауын кесті. Компанияға қажетті өндіріс орындарын тұрғызуға, кен орындарын ашуға және жолдар салуға 862 гектар жер берілді. Биыл зауыт300 адамды жұмысқа қабылдамақ. Өндірістегі алғашқы тау-кен жару жұмыстары 2013 жылдың 28 қазан күні жасалды. Өндіріс алаңдары мен техникалық жолдарды салатын мердігерлер белгіленді. «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясымен бірге аймаққа табиғи газдың келуі жоспарлануда.

Облыстық бюджеттен 49 миллион теңге бөлініп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Қазір жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін ұсыныстар әзірленуде.

Жаңатаста ресейлік инвесторлардан бөлек «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің суспензиялық байыту және ұсақтау-ұнтақтау фабрикасы»ашылады. Бұл жоба бойынша500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Одан өзге «Central Asia Green Power» «ВЭС Жаңатас» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны «Жаңатас жел электр станциясы» жобасын қолға алып отыр. Жоба бойынша 100-400 МВт электр қуаты өндіріліп, 100-ден астам адам жұмысқа тартылады.

Ақерке Мұратқызы, Тараз
Просмотров материала: 3 458

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 613 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 444 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 085 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 109 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 417 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 668 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 737 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 929 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 073 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 454 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 328 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930