22 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мен қауіп қылған соң айтамын

«Баламен баладай, данамен данадай болып сөйлесетін министр сүттен ақ, судан таза болуы керек шығар?»


«Мен қауіп қылған соң айтамын» деген екен, баяғыда бір дана қария. Амал жоқ қолға қалам алдырып отырған – соңғы уақыттағы БАҚ-та министр Б.Жұмағұлов пен ректор Ғ.Мутановтың ғылыми еңбектеріндегі табылған плагиат мәселесі. Осы мақаланың лейтмотиві ретінде Оңтүстік Қазақстандық жазушы Әдіһәм Шілтерхановтың афоризмге айналған бірнеше ойларын алдым. Солардың көмегімен бұл проблемаға тереңірек үңіліп көрейік. Сонымен,

«Күрмек көбейсе, күріштің соры;
Дүрмек көбейсе, жұмыстың соры».


Шынтуайтына келсек министр де, ректор да, құдайға шүкір, елде бар ғылым докторларының қатарындағы адамдар. Бірақ, мына әңгімеден кейін олар «күріш» емес, «күрмекке» ұқсап тұр. Сөйтіп басқа «күріштердің» - шын ғалымдардың беделіне, абыройына үлкен нұқсан келтіріп отыр. Ал білім мен ғылымдағы үлкен, әрі биік мансаптарын ескерсек, бүкіл қазақтың ғылымына күмән тудырып, ыңғайсыз жағдай туындап отырғандай.

Қолында билігі мен мүмкіншілігі бар шын ғалымдардың өз мектебі болса керек-ті. Қалай аударып қарасаң да, академик Б.Жұмағұловтың немесе профессор Ғ.Мутановтың «ғылыми мектебі» бар дегенді естімеппін. Бәлкім, естіген-көргендер бар шығар.
Ал енді «күрмек» қанша мықты болса да, «күріштей» бола алмайды. Сондықтан шын жұмыстың орнын дүрмек алмастыруы заңды нәрсе.

Жалпы «күрмек» пен «дүрмек» егіз сияқты, бір бүтіннің екі жағы ма, қалай? Министр болып тағайындалған соң, оның орнына ректор келді. Екеуі де реформа деген сылтаумен үлкен дүрмекті дүрілдетті. Шын ғалымдардың қарсылығына да екеуі бірдей ілінді десе болады.

«Осы реформаларың үшін рахмет, талай дүниемізді жөндеп алдық» - деген адам көрмедік. Сонда бұл реформалар кім үшін? Бұл сұраққа басын ауыртқан ректорды да, министрді де тағы көре алмадық. Одан бетер өршелене түспесе, ешкімді тыңдамады...
Дүрмекпен атқарылып жатқан реформаларынан шалалықтың сұлбасы көрініп тұрды. Мына БАҚ-та жарияланған мәліметтерден кейін, осы шалалықтың алғышарты мен түбі көрінгендей.

«Шала білім шатастырар» - дейді Әдіһәм Шілтерханов ағамыз. Енді бұған бірдеңені қосып-алу қиынның қиыны. Кез-келген тірліктің шалалығының ең басты көрінісі – оның түсініксіздігі, нәтижесіздігі, таяздығы. Министр де, ректор да ауқымды істер атқаратын мансап иелері. Олардың атқарған, атқаруға тиіс істерінің нәтижелері біздің еліміздегі адами капиталды (человеческий капитал) ұлғайтуға, дамытуға тікелей әсер ететіні дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Пафоспен айтсақ, бүгінгі Ұлттық университеттің ректоры мен министрдің қолында Елдің, Ұлттың ертеңі мен болашағының тізгіні тұр. Ал олар шалалыққа, таяздыққа бой алдырып отырғандай.

«Ойы саяз адамның ісі ауқымсыз» - дейді Әдіһәм ағамыз. Ғылыми диссертациялары мен монографиялары шала, түбі шикі-шатақ осындай мансап иелерінің елімізде ауқымды ғылыми реформа жасай алатынына, қолдағы барды ұқсата алатынына сенім жоқ. Интернеттегі, БАҚ-тағы жарияланымдар мен айтылған мыңдаған пікірлер осыған меңзейді.

Ең өкініштісі және сорақысы – кеше ғана мансабына сай «дуалы сөз» айтып жүрген министрдің де, ректордың да осы жарияланымдардан кейін «аузының дуасы» кетіп қалғандығы. Ал «аузының дуасы» жоқ басшының кейпі әрі аянышты, әрі күлкілі емес пе? Олардың ендігі жерде парықты істер атқара алмасы анық.

Қалай болғанда да, жарияланған ақпараттарға қарағанда, Б.Жұмағұловтың да, Г.Мутановтың да плагиаттары нақты дәлелденіп тұрғандай. Яғни, бұл екі азамат қоғамнан да, халықтан да шындықты жасырып келген. Ұят болды, халықтың жігері құм болып, сенім азайды.

«Алдағаннан алданған тәуір – Арың кірленбейді» - дейді Әдіһәм Шілтерханов ағамыз. Бұл ретте алданған халық болып тұр ғой, яғни халықтың ары таза, кірленбеген. Ал біздің Конституциямыз бойынша Халық – биліктің қайнар көзі; мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Сол халықтың ішінде бала да, дана да бар. Осы ғана көңілге үміт ұялатып, болашаққа үмітпен қарауға жетелейді. Құдайға шүкір, үміт бар...

Сол Әдіһәм ағамыз айтады:

«Мықты жеріңді жақының пайдаланады,
Осал жеріңді дұшпаның пайдаланады»
- деп.

Мен қауіп қылған соң айтамын да...

Нұгман Аралбай, профессор, биология ғылымының докторы
Просмотров материала: 3 362

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 968 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 644 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 148 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 561 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 639 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 675 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 003 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 676 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 715 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 913 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 823 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 933 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 586 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 465 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 414 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 698 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 446 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 853 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 648 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 466 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 511 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 400 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 887 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 244 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 214 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 849 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 197 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 284 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 217 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 594 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930