24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІЛІМ САЛАСЫНА АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

БІЛІМ САЛАСЫНА АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ ҰБТ... Ұлттық бірыңғай тестілеу... Осы сөздер қазіргі кезде қоғамға таныс және бір жағынан сыры көп беймәлім жағдайда. Жыл сайын болатын ҰБТ төңірегіндегі түрлі жағдайлар мектеп бітіруші оқушылардың ғана емес, ұстаздары мен ата-аналарының да білім, тәрбие, болашаққа бағдар мәселелері бойынша сыналатын кезеңі болуда.

2015 жылғы ҰБТ кезеңі өз ерекшелігімен бастау алды. Ерекшелігі биылғы тестілеуге азаматтық бақылаушылардың қатысуы және заңсыздықтардың болдырмау мен алдын-алуға көмек қолын созуы. Республикалық 45minut.kz басылымы өз тарапынан осындай игі бастамаға атсалысып, «Азаматтық бақылаушы кім және қандай міндеттері бар, ҰБТ-ға көмектесеме әлде кедергі ме?» деген сауалдарға жауабын тапты.

Мен де Республикалық 45minut.kz басылымы редакциясының Батыс өңіріндегі ресми өкілі ретінде, Ақтөбе облысы бойынша өтетін ҰБТ-ға азаматтық бақылаушы ретінде қатысуға ұсынылдым. Азаматттық бақылаушылар жұмысы алғашқы рет ұйымдастырылып отырғандықтан басқа облыстарда түсініспестік жағдайлардың орын алуы, азаматтық бақылаушыларды қатыстырмау, жұмысына кедергі келтіру фактілері орын алғанын белгілі болды.

«ҰБТ-ға мені де қатыстырмаса қайтемін» - деген ойларыммен ең бірінші Ақтөбе облыстық білім басқармасына және Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаментіне хабарласып қатысу туралы ұсынылғанымды білдірдім. Мекеме қызметкерлері өтінішімді қабылдап, азаматтық бақылаушылар қатысуы туралы хабардар екенін білдіріп, қатысуыма рұқсат берілгенін және сәтті өтуіне тілектерін білдірді. Осындай жылы қабылдау нәтижесінде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 05 маусым 2015 жылы ҰБТ-ға азаматтық бақылаушы ретінде қатыстым.

Азаматтық бақылаушы дегеніміз ол министрліктің комиссиясы немесе ҰБТ-ның жаман жақтарын тізбелеп жинақтаушы емес, ҰБТ әділ және заңды өтуі үшін көмектесуші және қоғамның өкілі екенін білуіміз керек. Азаматтық бақылаушы ретінде байқағаным ҰБТ-ның жылдан-жылға өткізілу сапасы жоғарылап келеді. ҰБТ үшін барлық жағдайлар жасалуда. ҰБТ-ның жақсы ұйымдастырылуы және оқушылар мен ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстырының алдын-ала жүргізілгені, сынақты тиісті дәрежесінде өткізуге көмектесуде.

Ал, ҰБТ кезіндегі кемшіліктер болашақта толықтай жойылады деп сеніммен айтуға болады. Ол үшін ҰБТ-ға жауапты мемлекеттік мекемелер тарапынан кәсіптік ұйымдастыру мен өткізілуі, ал ата-аналар мен азаматтық бақылаушылар өз тарапынан көмектесулері қажетті. Себебі, оқушыларымыз біздің болашағымыздың көрінісі...

Азаматтық бақылаушы ретінде қызметімді тиісті дәрежесінде атқаруға жағдай жасаған, ақыл-кеңестерімен көмектесіп, білікті де білімді басшы екенін көрсеткен Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы Жанат Бақытжанқызы Самұратоваға және Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаменті басшысы Көшербаев Әкімгерей Кәдірбекұлына ерекше алғысымды білдіремін.

Мақала соңында Ақтөбе облыстық білім саласындағы бақылау департаменті басшысы Көшербаев Әкімгерей Кәдірбекұлымен болған қысқаша сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.

- Сіз басқарып отырған мекеме жұмысы және жетістіктерімен оқырмандарымызды таныстырсаңыз...

2011 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 778 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жанынан бірыңғай орталықтандырылған негізде барлық облыстарда Білім саласын бақылау департаменттері құрылды. Қызметі – білім беру ұйымдарының мониторингі, білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестациядан өткізу, білім заңдылықтары мен басқа да құқықтық нормативтік актілердің орындалуын тексеру, ұлттық бірыңғай тесттік дұрыс өткізілуін бақылау, білім беру ұйымдарын лицензиялау және оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың дұрыс ұйымдастырылуын бақылау.

Департамент Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылға арналған медиа-жоспарын басшылыққа алып, тұрғындар арасында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және білім жетістіктерін сырттай бағалауды (БЖСБ) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департаменттің мақсаты – білім саласындағы кемшіліктерді жою, білім сапасын арттыру, оқушының тұратын жеріне (қала немесе ауыл), ұлтына, жасына, денсаулығына қарамастан сапалы білімге тең қолжетімді жағдай туғызу.

Департамент мамандары облыстағы білім беру мекемелеріне барып, кадрлардың сапалық құрамы, балалардың білімі, материалдық базасына, оқу орнының жалпы жағдайына мониторинг жүргізеді.

Сонымен қатар облыс көлеміндегі 443 жалпы білім беретін мектептер, 528 мектепке дейінгі ұйымдар мен 42 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестация, жоспарлы тексерістер жүргізіліп, білім беру ұйымдарында ҚР «Білім туралы» Заңы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуына бақылау жасалады.

Облысымыздағы білім сапасының жағдайы туралы облыс, қала, аудан әкімдеріне хаттар жазылады. Мектептерді тексеру барысында мектепішілік басқару мен бақылау жайына бағыттар беріліп, облыстық білім басқармасына хаттар жолданып, ұсыныстар беріледі. Жолданған хаттар нәтижесінде қазіргі таңда облыс, қала, аудан әкімдері тарапынан оң шешімдер қабылданып, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құралдардың қамтылуына қаржы бөлініп, шаралары алынуда.

- Ақтөбе облысы бойынша 2015 жылғы ҰБТ нәтижелері қандай?

ҰБТ-ға облыс бойынша 4621 оқушы қатысты. Орташа балл 82,69 болды. 339 үміткердің 152-сі «Алтын белгі» иегері болды. (45%)

Азаматтық бақылаушылардың ҰБТ кезіндегі маңыздылығы туралы пікіріңіз?

Азаматтық бақылаушылар өте қажет. Себебі, біз ҰБТ процедурасының әділ өтуін қадағалаймыз. Алайда, ҰБТ кезінде түрлі заңсыздық әрекеттердің орын алуы мүмкін. Бұл ҰБТ-ға кедергі келтіреді. Түрлі жағдайлардың біржақты баяндалмауы үшін тәуелсіз азаматтық бақылаушылардың болғаны маңызды. Сондықтан азаматтық бақылаушылар қоғамның өкілдері ретінде заңсыздықтардың алдын-алуға және болдырмауға көмектесуде тиімді нәтижелері болады деп есептеймін.

Ұстаздарға арналған 45minut.kz Республикалық басылымы оқырмандарына айтар тілегіңіз.

Барлық ұстазға шынайы ұстаз бақытын тілеймін. Бүгінгі түлектеріңіз ертең елдің аяулы азаматы болып ұстаздық еңбектің шынайы бағасына лайық екенін көрсете білсін. Отбасыларыңыз аман, Сіздерге әрдайым тірек болсын. Оқушыларыңызды тек қана әділдікке үйретіңіз.

Сұхбат бергеніңізге алғыс білдіремін.

Республикалық 45minut.kz басылымының тілшісі
Шынаргул Нагиева
Просмотров материала: 3 411

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 444 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 276 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 916 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 940 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 249 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 920 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 063 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 444 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930