22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Шындық экспедициясы»: Қостанай облысында тағы да 5000 киіктің өлігі табылды

«Шындық экспедициясы»: Қостанай облысында тағы да 5000 киіктің өлігі табылды Бүгін, яғни 18-маусым күні Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Айырқұм ауылының Сөрелі деген жерінде 5000 киіктің өлігі табылды (одан көп болуы да мүмкін). Бұл туралы Көкалат ауылының тұрғыны Кәкімжан Кәрібозов мәлімдеді.

«Бұл өткен айдың басында жаппай қырылған киіктердің бір бөлгі болуы мүмкін»- дейді ол. Амангелді және Жангелдин аудандары тұрғындары ертең таңертең киіктердің өлігін көмуге жіберілмек. Киік қырылған аймақтарының бәрі карантинді аймақ деп жариялағанын алға тартқан жергілікті әкімшілік басшылары киік қырылған аймақтарға біздің баруымызға рұқсат еткен жоқ. Сонда да, әлі де болса соңғы 5000 киіктің өлігі табылған аймаққа барып, өз көзімізбен көріп қайту ниет бар.

«Шындық экспедициясының» мүшелері 140 000 киіктің, малдың, жабайы аңдардың жаппай қырылу себебін білу мақсатында Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Талғат Карбозовпен, сол аудан мәслихатының аппарат жетекшісі Ғалым Алшоринмен, Көкалат ауылына қарасты «Сыма-К» шаруа қожалығының жетекшісі Кәкімжан Кәрібозовпен, тағы басқа көптеген жергілікті тұрғындармен кездесіп, сұхбаттасып, әртүрлі ақпараттар алуға тырысты. Өкінішке қарай Жангелдин ауданының әкімшілік басшыларымен сұхбаттасудың сәті түспеді. Аудан әкімі мен оның ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары киік өлігі табылған аймаққа кетті, - дейді сол жердің қызметкерлері.

Керісінше, ауыл тұрғындарымен кеңінен сөйлесудың сәті түсті. Өздерінің аты-жөндерін атаудан үзілді-кесілді бас тартқан азаматтардың мәлімдеуінше үстіміздегі жылдың мамыр айының басында Амангелді және Жангелдин аудандарында киіктер жаппай қырыла бастаған.

Сол киік қырғыны басталған сәтте Амангелді ауылына Ресейдің әскери техникалары, жүк көліктері көптеп келіп, ақ камбинизон киген әскерилер киіктер қырылған маңнан құлаған зымыранның қалдықтарын жинап алып кеткен.

Атын атаудан бас тартқан азаматтар ол зымыран қалдықтарының не Протонның, немесе әскери қару түрінің қалдығы екенін ажырата алмады.

«Қаптап кетті ғой өздері. Ақ киім киген адамдар тесіктері бар темір қалдықтарды жинады. Олар зымыран қалдықтары-ау деп ойладық. Бірақ қандай зымыран түрі екенін айта алмаймыз. Олар кеткеннен кейін де бір шар тәріздес темір табылды ғой», - дейді олар.

Сонымен бірге мың-мыңдаған киіктердің өлігін жинауға аталған екі ауданның тұрғындары және Қазақстанның әскерилері жұмылдырылған көрінеді. Олар қауіпсіздік шараларына аса мән бермеген сыңайлы. Мәселен, олардың көбінде резіңке қолғап, арнайы киім немесе ауа тазалайтын құрылғылар болмаған. Соның салдарынан екі солдат аяқ астынан көз жұмып, ауылдың бірнеше тұрғынының қолы, аяғы ісініп барып, түрлі ем қабылдағаннан кейін оңалған. Кейбір тұрғындар киік қырылар алдында жарылыстың болғанын, оны өз көздерімен көргенін мәлімдеді. Алайда жарылыстың неден болғанын түсіндіріп бере алған жоқ.

Ал «Сыма-К» шаруа қожалығының жетекшісі Кәкімжан Кәрібозов мамыр айының ортасынан бастап, екі апта көлемінде 51 бас ірі қара мен 16 жылқы малының өлгенін айта келе, олардың бәрі шөп жеп, су ішіп тұрған, қоңды мал болғанын атап өтті.

«Мал көтеремнен немесе арықтықтан өлген жоқ. Олардың бәрі бір жарым айдай өріске шығып, көк жеген, қоңды мал болатын. Қора таза, шөп жетеді. Егер аудандық, облыстық мал дәрігерлері дұрыс жұмыс істесе дәл осылай болмас па еді» деп, кейістік білдірді.

Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда биылғы жылы мал шығыны өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп болған.

Әрине, ауыл тұрғындарының айтқанының бәрі анық ақиқат болмауы да ғажап емес, бірақ біз естігенімізді елге жеткізуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санадық.

Тағы бір айта кететін мәселе, Амангелді аудан орталығы Амангелді ауылында да, Жангелдин ауданы орталығы Торғай ауылында да полиция қызметкерлері соңымыздан қалмай, құжаттарымызды, жүктерімізді тексеріп, көлікті тінтігенін айта кеткен жөн.

Облыс көлемінде «Антитеррор» шарасы өтіп жатыр деген желеумен 4-5 рет тоқтатып, құжаттарды қайта-қайта тексерген полиция қызметкерлері ешбір хаттама толтырған жоқ. Өздерінің қызметін асыра пайдаланған полиция қызметкерлерінің үстінен Жангелдин аудандық прокурорының атына шағым жазуға да тура келгенін айта кеткен жөн.

Ал аудандық прокурордың міндетін атқарушы Қозыбақ Мейрамгүлге экспедиция мүшелері үлкен ризашылық білдіреді. Ол өзінің сыпайылығымен және кәсіпқойлығымен ерекешеленіп, бізге нақты көмек қолын созғанын баса айтқан жөн. Сонымен бірге Торғай ауылының ветеринары Газзезов Жамбылға бізбен бірге шаруа қожалықтарын аралап, жол көрсетіп, жөн сілтегені үшін алғыс айтамыз.
Сонымен, «Шындық экспедициясы» өз жұмысын одан әрі жалғастыруда...

«Шындық экспедициясының» мүшелері:
Мақсат Ілиясұлы,
Еділ Мәкен,
Жеңіс Тілеубай,
Нұрлан Жабаев,
Амандық Дәулетбекұлы
Просмотров материала: 2 509

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 267 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 099 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 740 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 764 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 072 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930