15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Билікке нақты бес ұсыныс

27 апрель 2015, 14:59
Билікке нақты бес ұсыныс Блогер, пиартехнолог, заңгер, журналист, қоғам белсендісі ретінде қоғамда болып жатқан түрлі саяси және қоғамдық мәселелер мен оқиғаларды өзімше сараптап, іштей тұжырым жасап отырамын.

Мақсат Үсеновты жазалауды талап ету, Айдай Исаеваны жақтау, Сәкен Байкеновті қорғау тағы басқа жағдайларды қарап отырып, қоғамның, адамдардың күн өткен сайын заңсыздық пен әділетсіздікке төзімсіздікпен қарай бастағанын анық байқауға болады.

Жұртшылық қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясатына наразылық ойларын қазірше интернет жүйесінде, әлеуметтік желілерде ашық әрі батыл білдіре бастады және ол зор қарқынмен дамып келеді.
Алматыдағы «Прайм плазадағы» Қайрат Нұртастың концертінің соңы немен біткенін еске түсірсек, қандай да бір дүрбелең немесе қақтығыс аяқ астынан, күтпеген жерде орын алуы да мүмкін екенін аңғарамыз.

Соңғы Президенттік сайлау мен Әліби Жұмағұловтың соққыға жығылуы оқиғасына қоғам наразылығының қаншалықты ауқымды екенін және жұртшылықтың қандай да бір мәселе төңірегінде біріге алатынын тағы да көз жеткізіп отырмыз. Ең негізгісі, монитордың арғы жағында отырған жүздеген, тіпті мыңдаған адамның көшеге, алаңға шыға салуы да мүмкін екендігі.

Әліби Жұмағұловтың оқиғасы шынымен де халық сотының, қоғамдық жазалаудың орын алуы мүмкін екенін, жалпы халық біріксе жоғары лауазымды адамдардың, тіпті осы уақытқа дейін адамдар сын айтудан жүрексінетін Президент әкімшілігі басшыларын да ел алдында талқыға салып, қажет болса өзін-өзі ақтап, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр ететінін жұртшылық айқын сезінді.

Бүгін бір жас жігіттің, (оның өзі қоғамдық немесе саяси көзқарасы үшін емес, біреудің әйелімен шатасқаны үшін таяқ жеген жігіт) тағдырына араша түсу арқылы халық билікті де, бизнесменді де тәртіпке шақырып, Бас прокурорды да, Ішкі істер министрін де аяғынан тік тұрғыза алатынын байқады. «Жеңістің» дәмін татқан жұртшылық бұдан әрі тіпті белсене түсері анық.

Енді осы қалыптасқан жағдайдың ел болашағына, мемлекет тағдырына тигізер қандай жақсы жағы, қандай қауіпті тұстары бар деген сауал төңірегінде ой бөлісіп көрейік.

Ия, қоғамның, жұртшылықтың санасы оянып, өз мемлекетінің тағдырына, оны басқаруға, әділетсіздікпен күресуге тікелей араласуы, биліктің дұрыс саясат жүргізіп, жемқорлықпен күрес, қылмысты азайту, әділетті қоғам орнату ісінде белсене араласуы, саясатқа ықпал етуі бек қуанышты жағдай.

Қоғам санасы оянып, әділетсіздікпен күресті күшейткен сайын мемлекеттің өн бойы сауығып, шынайы құқықтық мемлекеттің орнауына, заң үстемдігінің салтанат құруына, сол арқылы мемлекеттің алға дамуына жол ашуға қадам басары анық.

Екінші жағынан, халықтың билікке, бизнес өкілдеріне сенімі азайып, оларға деген халықтың реніші мен өшпенділігі арта түсуі де бек мүмкін.

Бүгінгі негізгі соғыс құралы әскери жойқын қару емес, ақпарат кеңістігі, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер болып тұрған кезде түрлі технологиялар арқыты халықты бүлікке, арандатуға, тіпті қарулы қақтығысқа итермелеу аса қиындық туғыза қоймайды.

Осы жағдайдың бәрін саралай келе қоғам өмірі мен оның даму үрдісіне үлкен сараптама жүргізіп, билік пен халық арасындағы диалогты қалыптастыру аса маңызды деп білемін.

Елінің болашағына, мемлекетінің мызғымастығын, жерінің тұтастығын қорғауды мақсат тұтқан ұлтшыл азамат, қоғам белсендісі, қала берді балаларының ертеңгі өміріне алаңдаушы әке ретінде бүгінгі билікке мынандай ұсыныстар жасаймын:

1. Билік саясатын жүргізуші немесе оны қолдаушы күштер (Президент әкімшілігі, Үкімет, Парламент, сот, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, билікті жақтаушы саяси партиялар) мен билік саясатына наразы күштердің (ЖСДП, Қазақ Ұлттық Кеңесі, Қазақстан коммунистік партиясы, қоғамдық ұйымдар мен қоғам белсенділері) диалог алаңын құруды және сол жерде қоғам өмірінде, мемлекет саясатында қалыптасқан, қордаланған мәселелерді ашық талқылап, нақты шешімдер қабылдауды;

2. Қазақстан Республикасының 1995-жылы қабылданған Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы билік тармақтарының тежемелділігі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін Президенттің көптеген құзіретін Парламент пен Үкіметке беру, сот жүйесінің тәуелсіздігін қатмамасыз ету тағы басқа мәселелерді шешу бағытындағы саяси реформаны шұғыл бастауды (нақты ұсыныстар бар);

3. Қазақтың төл ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпына негізделген және ХХІ-ғасыр талабына сай, бүгінгі әлемдік дамумен үндесткен Қазақстанның Ұлттық иделогоиясын қалыптастыру бағытында нақты шаралар мен іс-әрекеттер жасауды;

4. Конституциялық реформаны одан әрі жалғастыру мен оның тиімділігін арттыру мақсатында, халықтың, қоғамның мемлекетті басқару ісіне араласуын жеңілдету мен тиімділігін арттыру жолында, қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі беделін арттырып, олардың құзіреті мен билікке әсер ету коэффицентін жоғарлатуды қамтамасыз ету үшін ҚР «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарға келелі өзгерістер мен толықтырулар енгізуді (нақты ұсыныстар бар);

5. ҚР Парламентінің, депутаттардың заң жүзіндегі беделі мен құзіретін арттыра отырып, оған заңның орындалуын, мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау құзіретін бере отырып, халықпен тікелей байланысты қамтамасыз ететін қоғаммен байланыс комитеттерін ашуды ұсынамын.
Осындай нақты әрі тегеурінді саяси реформалар жүргізіп, халық пен биліктің байланысын нығайтпаса мемлекеттің дамуына кері әсер етіп қана қоймай, оны болашағына зор қауіп туғызуы мүмкін.

Мақсат Іліясұлы, қоғам қайраткері

Просмотров материала: 1 764

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 265 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 768 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 358 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 410 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 710 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 834 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 147 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031