21 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІЗГЕ ҰЛТТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ ҚҰРУ КЕРЕК

30 март 2015, 19:03
БІЗГЕ ҰЛТТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ ҚҰРУ КЕРЕК «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам», − демекші, мен шекем қызғаннан ел президенттігіне экс-үміткер болған жоқпын. Қазақ хандығын құлатып алғаннан кейінгі бодандық кезеңде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың бойындағы құлдық психологиясының сеңін бұзып, Алланың берген Тәуелсіздігінен айырылып қалмау үшін Қазақстан Республикасының шаңырағын шайқалтпай, керегесін кеңейтіп, уығын бекіте түсу мақсатын көздедім. Қазақ елі бір адамның жеке меншігі емес, осы елдегі әрбір азаматтың «Бұл – менің де елім!» деп ойлайтын ортақ үйі екенін дәлелдемек болып, мемлекетшілдік сананың қалыптасуына үлес қоссам, биліктің демократиялық жолмен ауысуына аз да болса жол ашсам дедім.

Нұрсұлтан Назарбаев ағамыз ширек ғасыр бойы жас мемлекеттің іргесінің қалануына, оның бейбіт өмір кешуіне көп үлес қосты. Бірақ ол қоғамдағы тұрақтылық пен биліктің мызғымастығын қамтамасыз ету жолында мемлекеттің негізін қалап отырған қазақ ұлтының мүддесін бодандық дәуірдегідей өзге елдің мүддесінің көлеңкесінде қалдырды. Ұлттық құндылықтар еңсесін көтермеді, қазақ тілі қағажу көруден көз ашпады, «Қазақсыз Қазақстан» құру идеясы Кеңестік кезеңдегідей басымдыққа ие болуын тоқтатпады. Өз елінде тұрып, қазақтың қолы − теңдікке, тілі − бәсекелестік жағдайға жетпеді.

Кез келген биліктің қызметінің ең басты өлшемі – демография. Елімізде 25 жыл бұрын 17 миллион халық бар болса, қазір де сол деңгейден аспадық. Бір-екі миллион неміс, грек, орыс тарихи отанына қоныс аударса, олардың орнын – шет елден келген қандастарымыз толтырды. Табиғи өсім болған жоқ. Ал осы мерзімде көрші өзбек елінің саны жеті-сегіз миллионға өсті.

Еліміздің халқы бай мен кедейге, орыстілді және қазақтілді әлемге бөлінді. Бес Францияға татитын кең байтақ аумақты мекендеп отырып, қала маңынан жеті сотық жер учаскесін алуға зар болдық. 20-30 жыл пәтер кезегін сарыла күткендер саны қаншама?!

Мұнай мен газ және түсті металға бай жерде тұрып, Қытайдың бір қаласындағыдай 17 миллион халықтың аузын аққа, киімін көкке жеткізу – қол жетпес арманға айналды дегенге кім сенеді? 24 жылда шикізаттан басқа бірде-бір өнім өндірген жоқпыз. Ақысыз жұмыс істейтін аурухана мен мектеп жоқтың қасы, ал бар болса пара беруге мәжбүрсің.

Баланы балабақшаға беру де, оқуға, қызметке орналастыру да, соттасу да – ақы төлеусіз немесе парасыз шешімін таппайтын проблема. ЖЕМҚОРЛЫҚ пен ЖАҒЫМПАЗДЫҚТЫ жойып, адал өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Мұның бәріне наразылық білдіріп, көшеге шығып, шеру жасауға рұқсат жоқ. Сөз бостандығы мен ой еркіндігі шектелген.

Зиялы қауым азаматтық белсенділік танытуға, еліміздің саяси-экономикалық, ұлттық-рухани мүддесін қорғауға ресейшіл, авторитарлық билік алдында шарасыз болғандықтан, ДӘРМЕНСІЗДІК депрессиясына ұшырады. Соның бір белгісі ретінде жастар арасында өзіне-өзі қол салушылықтан әлем бойынша алдыңғы қатарға шықтық. Үлкендер жағы ештеңеге жаны ауырмайтын салғырттық, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ дертіне шалдықты. Ұлттық құндылықтар аяқ асты қалып, жастарымыз дәстүрсіздік пен адасушылық жолына бет бұрды. Қазақ болудан арланатын, бірін-бірі менсінбейтін, тіпті, жек көретін адамдардың қатары көбейді.

Елде ширек ғасырдан бері ЖАСАНДЫЛЫҚ пен КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ кеңінен етек жайды. Өтірік ұрандар мен көзбояушылық реформалар көбейді. Жасанды сайлаулар елдің жасампаз қоғам құруға деген, әділеттілік орнатуға деген сенімін шайып жіберді. Ал адам баласының ең басты рухани қорғаны – СЕНІМ емес пе?!

Барлық саладағы реформалар жартыкеш жүргізілді. Барлық азамат заң алдында тең болатын, толыққанды демократиялық ашық қоғам құра алмадық. Мемлекетіміздің саяси-экономикалық, ақпараттық тәуелсіздігі қайтадан Кремльдің қанжығасына байланып бара жатқан жоқ па деген үрей туды. Ел мүддесі мен ұлт мүддесін емес, қара басының қамын жейтін жемқор, жағымпаз жандар жоғары бағаланып, ал ел қорғауға тырысқан мемлекетшіл, еркін ойлы, адал адамдар – «экстремист», «ұлтшыл» ретінде жазықсыз қудалауға ұшырады.

Кеңестік заман саясаты қайта орнағандай халге жеттік. Компартия орнын «Нұр Отан» алмастырды. Саны бар, сапасы жоқ жалған партиялар көбейді. 90-жылдардың басындағы «Азат» партиясы мен 2000-жылдардың басындағы шынайы «Ақ жол» («Нағыз Ақ жол») партиясы авторитарлық биліктің қысымынан өз жұмысын тоқтатты. Қазіргі «Ақ жол» мен ЖСДП-ның «оппозициялық ойынына» көпшілік қауым сенбейді.

Қысқасы, қорыта айтсақ, қазіргі таңда Қазақ елінің көгінде бұдан жүз жыл бұрынғы «Алаш» партиясы секілді шынайы ұлттық-демократиялық партия құру «елесі» кезіп жүр. Биліктің тоқпағына төтеп бере алмай, жік-жікке бөлініп кеткен саяси топтарды бір тудың астына біріктіретін уақыт пісіп жетті.

Олай етпесек, Ресей билігі Қазақ елінің тәуелсіздігін қайтадан көкпарға салатын түрі бар. Алайда осы қауіп-қатерді түсінетін Әлихан мен Ахметтей адал азаматтардың басы біріктірілмей тұр. Мұндай партияның керектігін жетінші мәрте қайта сайланайын деп отырған Нұрсұлтан Назарбаев ағамыз да, көпұлтты отандастарымыз да түсінетін шығар. «Менен кейін күл болмасаң, бүл бол!» («после меня хоть – потоп!») дей қоймас.

Егер билік мүмкіндік берсе, мұндай жаңа тұрпатты партияның ұйымдастыру жұмысын қолға алуға қуана-қуана кірісетін азаматтар баршылық. Мен де өзімді солардың қатарынан көргім келетінін жасырмаймын.

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, ҚР Президенттігінен экс-үміткер

P.S. Осы елдің адал азаматы ретінде айтқан «Датымды» көпті көрген Елбасымыз дұрыс қабылдар деп ойлаймын. Президент сайлауының науқаны кезінде ашық пікірбілдіруге болатын шығар енді...
Просмотров материала: 2 118

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 656 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 118 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 139 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 445 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 720 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 862 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 381 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 583 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 639 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 894 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 887 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930