29 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақты таптаған Телібековке қатысты қылмыстық іс қозғау керек– Қоғам белсенділері

23 февраль 2015, 13:58
Қазақты таптаған Телібековке қатысты қылмыстық іс қозғау керек– Қоғам белсенділері Жау жағадан алғанда, бөрі етектен! Онсыз да ұлт ретінде біріге алмай, мемлекеттік тілдің көсегесі көгермей, мәртебесіне сай деңгейге көтеріле алмай отырған бұл күнде Телібеков деген қазақ ұлты мен тілін балағаттап кітап жазған. Мұрат Телібековтың «Ветер с улицы» деген кітабында қазақ тілін көз көріп, құлақ естімеген сөздермен сипаттап, қазақ елінің болашағы жоқ деген пікір бар. Алайда, бұл кітап 2000 жылы шықса да, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Сондықтан қазақ қауымы бұған қайта оралып, тиісті жазасын беру керек деген ұстаныммен бас көтеруде. Осы мәселеге байланысты «Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымы Телібековты бұл сорақылығын үшін жауапқа тарту керек деп, барша қазақ халқына үндеу жасады.

«Іштен шыққан шұбар жылан», яғни Мұрат Телібеков есімді қазақ жалпақ жұртқа бұрыннан таныс. Ресми түрде тіркелмеген «Қазақстан мұсылман одағына» төрағалық етеді. Осыған дейін мәдениеттілікке жатпайтын жат әрекеттерімен көзге түскен. Тіпті 2011 жылы президенттік сайлауға да түсіп, кейін қазақ тілі бойынша өткен емтиханға бармай, бұл емтиханды «қорлаушы үрдіс» деп бағалаған. Ал, «Ветер с улицы» атты кітабында қазақты бейәдеп сөздермен балағаттайды. Тіпті, бұл сөздерді мақаламызға кіріктірудің өзі ұят секілді. Оның ұзын-ырғасы мынадай: «Қазақ тілі ескірген, болашақта латын тілі сияқты мүлдем құрып кетеді. Қазақ ешуақытта ел болып қалыптаспайды. Қазақ елінің болашағы адам ағзасындағы аппендикс мүшесі немесе сүндетке отырғызғандағы алынып тастайтын артық тері сияқты.Қазақ елі болашақта ұлы державалардың аяқ асты төсегіші болады» деген. Ол тіл мен елді «тампон», «мүшеқап» секілді жыныстық заттармен байланыстырып та жазады. Сонда «көшенің желінің» қазақты көрге сүйрегенде көздегені не?

Телібековтың бұл әрекеті қоғамның әбден ашуына тиді. Әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдарда қатты сынға ұшырауда. Сондықтан, белсенділер мұндай оспадарсыздықты қылмыстық жауапқа тарту керек деп көпшілікке үндеу тастады.

Гүлбахрам Жүнісова, «Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының төрайымы: «Біраз уақыт бұрын марқұм Г.Бельгер маған хабарласып, М.Телібековтың тағы жазып жүргенін ескерткен еді. Сөйтіп, оны қолға алып жатқанымызда, Герольд аға ауырып, өмірден озды. Бұл мәселені тағы көтеруіміздің себебі жастарымыз арандап қалмасын деп отырмыз. Өйткені, жастардың арасында "мұндайды атып тастау керек" деген секілді ұрандар пайда бола бастады. Телібековтың кімге шүйліккенін түсінбедік. Бүкіл халыққа, қазақ ұлтына, өз ұлтының тілі мен дініне қайта-қайта қарсы болуы қиын жағдай. Бұл үлкен іріткі салушылық. Сондықтан, қоғамдық белсенділер, жастар, журналистер бұл мәселені білу керек. Кешегі Сарыағаштағыдай жағдай осындай балағаттау мен іріткі салудың нәтижесінде туындап отыр. Телібеков секілділердің мұндай әрекеті ұлтаралық іріткі салуы мүмкін. Өз ұлтын таптап, жас ұрпақты қылмысқа итермелеп отырған да осы. Бұл Телібековтың артында тұрған күш бар. 2000 жылы бұл кітапты Мәскеуде бастырған. Кез-келген адам Мәскеуде кітап шығара алмайды. Сондықтан, бұл мәселені назарсыз қалдыруға болмайды», - деп ашынып отыр.

Ғабиден Жәкей, Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры:«Мұрат Телібеков бұрыннан белгілі адам. Ол еш жерде тіркелмеген аты бар, заты жоқ «Мұсылмандар Одағы» деген ұйымды басқарады. Орыстілділердің арасында беделі бар, «Зона.кз» секілді сайттарда оқырманы қалыптасқан. Өзі мұғалім, жоғары білімі бар, ақыл-есі дұрыс. Бірақ, оны «сөйлетіп» "ақша" бар. Бұл алдын алатын мәселе. Өйткені, салдары қиын болуы мүмкін. Қазақстанда жердің иесі – қазақтар. Қазақты қорлауға жол берілмеу керек. Менің ойымша, Мұрат Телібековке қазақ ұйымдары атынан қылмыстық іс қозғау туралы бастама көтеру керек. Мұнда қылмыстық себеп бар, яғни арандату тұр. Сондықтан, қазақ қоғамына үндеу жасайық. Оған "Қазақты қорлауға кім құқық берді?» деп жалпыхалықтық үндеу жасау туралы ұсыныс жасады.

Шолпан Бостанова, заңгер: «Бұл үлкен ұлттық және саяси мәселе. Мұрат Телібековтың қазақ еліне қарата айтқан сөздерінің бәрі – заңсыздық. ҚР Ата заңында көрсетілгендей, бұл жағдайда біз қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз, себеп бар. Мұрат Телібековтың ғаламтордағы сөздерінің бәрін дәлел ретінде көрсетіп, бүкіл қазақ ұлтына үндеу жасауымыз керек. Бұл арандатушылық. Қазақ ұлтының арына, ұлттық намысына нұқсан келтіргені үшін Телібековтың үстінен қылмыстық іс қозғауға қоғамды шақыруымыз керек. «Ел бірлігі» ұйымының атынан Телібековке қатысты қылмыстық іс қозғауға арызымызды дайындап отырмыз. Бұл тек біздің ғана мәселеміз емес. Бүкіл халықтың қасіреті»,-деп Телібековтың қылмыстық жауапкершілікке тартудың барлық себебі бар екенін айтады.

Бір айта кетерлігі, Мұрат Телібеков Фейсбуктегі парақшасында өзінің бұрын бұл кітабы үшін кезінде жауап бергенін де айтады. Алайда, «Айтылған сөз –атылған оқ». Оның қазақ халқы мен ана тілін қорлаған сөздерін ешкім кешіре қоймас.

Телібековтің тиісті жазасын мемлекет пен халық берер.

Жания ӘБДІБЕК, Матрица.kz
Просмотров материала: 2 237

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 503 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 209 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 701 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 739 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 101 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 959 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 987 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 322 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 016 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 041 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 239 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 927 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 051 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 677 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 558 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 594 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 786 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 547 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 957 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 740 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 553 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 400 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 244 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 617 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 491 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 976 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 413 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 304 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 541 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 280 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 222 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 366 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 303 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 552 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 678 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031