23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тәуіптер интернетті пайдалана ма?

Тәуіптер интернетті пайдалана ма? Қысқы демалыстың алдында, оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімін қорытындылаймыз деп мұрыннан су кетіп, жанталасып жүргенімізде бір оқушым сабаққа екі-үш күн қатарынан келмей қойды. Балалардан сұрастырып, «сәлем» айтып нәтиже шығара алмаған соң, амал жоқ өзім түс әлетінде үйіне іздеп баруыма тура келді. Барсам, Бұқарбаевтың ойында оқу атымен жоқ, өз қызығы өзінде, шанаға есек жегіп алып, діңгірлетіп қорадағы малының малағын шығарып жүр екен.

serke

- Оқу қайда, Тұрар? Сабаққа неге келмей жүрсің? –дедім.

- Әкем ауру. Үйдегілер «Қоя тұр, оқу қашпайды, малға қарайсың» деп жібермей отыр, – дейді тақылдап.

-Әкең қайда, ауруханада ма?

-Үйде! Шай ішіп отыр.

-Ендеше баста, әкеңе жолығып қайтайын.

-Ағай, үйге есікті ұрмай кіре беріңіз, есік қақсаң әкем, «Жау шақырып жүрсің бе?» деп ұрсады, – деген Тұрар мені есіктің көзіне дейін әкеп салды.

«Ассалаумағалейкум» деп, үйге кіріп келсем, отағасы арқасын пешке тіреп, әлдебіреумен телефон арқылы сөйлесіп отыр екен, сәлемді бас изеп, қабыл алды. Ал жеңгеміз менің келгенімді жақтырмады мА, білмеймін, жиылмаған дастархан шетінде отағасының аузын бағып отырған күйі, «Маңызды шаруамен айналысып отырмыз. Отыра қал!» дегендей ыммен ғана ишара жасады. Төрге озып, ұзынынан салынған құрақ көрпешешенің орта шеніне жетіп үлгергенімше болмады, отағасы шаруасын тындырып, телефонды үстелге тастай салды. Әңгіменің аяқталуын жеңгеміз тағатсыздана күтіп отыр екен:

-Бар дей ме? – деді жұлып алғандай.

-Жоқ... «Қысқы шілдеде тасбақа қайдан болсын!» деп, қызталақ өзімді күстәнәлап отыр – деді, отағасы көңілсіздеу. Күйеуінің жауабына жеңгеміздің көңілі толмады білем:

- Қайдан білейін, «Қарамұрттың мал базарында делдал болып жүргенімде «көз қысты, бармақ бастымен» талай тананың бағасын төмен ұрып арзанға алып берген тамырым ғой, құстың сүті болса да тауып береді» деп көпірткен өзің емес пе едің? – дегензайыбының сөзіне отағасы шырт ете қалды.

-Сен де қайдағыны қозғап... Қазақ ит қадірін білер ме?! – деп, кәдімгідей ашуланды.

Бұдан әрі ерлі-зайыптылардың әңгімесін тыңдап отыра беру ыңғайсыз, әрі уақыт тапшы. Баланың, оқудың жайын айтуға кіріскен едім, отағасы кеңінен көсілуге мұрша бермей киіп кетті.

-Інім, байқамасаң, кәріп болып қалу демде екен. Шілденің түскенін елемей, желең-желпі киіммен мал жайғаймын деп жүріп, белден шойрылып қалдым. Қазір көзіңе қарайып көрініп тұрғаныммен, отырып-тұруым мұң болып тұрған жайым бар. Балдар болса әлі жас, Тұраржаннан басқалары қолғабыс етуге жастары келмейді, күніміз осы балаға қарап отыр. Сондықтан, інім, бізге қылған жақсылықтарың болсын, бұл істі онша дабыра қыла бермесеңдер болар еді. Мүлдем мектеп бетін көрмеген бала емес қой, екі-үш күн сабақтан қалғанда не тұр тәйірі... Тұраржанды арнайылап іздеп келгеніңді де түсінбей отырған жоқпын, сендерге де оңай емес, деректір қысады...

-Әттеген-ай, дұрыс болмаған екен... Дегенмен қиынынан құдай сақтасын көке, әйтеуір, реңіңіз тәуір ғой, Алла сәтін салса, айығып кетерсіз! Енді... денсаулығыңыз бұрынғыдан қалай, кішкене дұрыс па?

-Ой інім-ай! Қайдан дұрыс болсын, емі табылғанмен, керек-жарағы түгенделмей құдайға жазып отырмын ғой. Қай бір күні қалаға тәуіпке барып қайтқам. Туған балдызымның екіқабат кезінде ұл сүйетінін айна-қатесіз дөп басып айтып берген таныс тәуіп еді. Білгірдің аты – білгір, барған замат доқтырлар құсап сөзбұйдаға салмай ауруымды тап басып айта салды. «Байеке, қорқатын ештеңе жоқ, қысқы шілденің қара суығына беліңізді қаптырып алғансыз, уайымдамаңыз, мұның емі оңай: суықта өскен шошқаның тұяғының арасындағы қатқан қақты шамалап қырып алып, әтші ыстықта өмір сүретін тасбақаның миын түгел қосып, спиртке салып араластырасыз да, оны жеті сағат тұндырып қойып үш мезгіл жағып тұрасыз. Дәріні жаққан сайын арқаңызды пешке қыздырып тұрсаңыз құба-құп, көп өтпей құлан таза айығып кетесіз» деген. Қырсық айналдырды ма қайдам, бірі табылса бірі жоқ. Тұяқтың қағы оңай-ақ табылды, бірақ тасбақасы құрғыр таптырмай жатыр. Жетісай жақта бұрынырақта жұмысты бірге істеген бір таныс жігіт бар еді, сұрастырсам, әлгінде өзің көрдің, аузын қу шөппен сүртіп отыр, – деп шұбырта жөнелді.

Отағасының мына сөзіне не дерімді білмей көңілім құлазып, үйге қайтуға асықтым. Өйткені бұл «ем» маған сондай таныс көрінді. Әсіресе, «тасбақаның миы», «шошқаның тұяғы» дегені анық есте қалып қойыпты. Үйге келіп, «кім айтты, қайдан естідім» деп, ал кеп ойланайын, болмаған соң компьютерді қосып жіберіп, ғаламтордың көмегіне сүйенгенде бәрі белгілі бола қойды.

Адамдардың аңғалдығын бас пайдасына жаратып жүрген тәуіптерде де дін жоқ-ау! Тәуібіміздің ағамызға ұсынып жүрген «емі», фейсбукшы Советқазы Нұрсила есімді кісінің ғаламтор желісінде ертеректе жарияланған қалжың әңгімесінің негізінде жасалғаны қайталап оқып көргенде анық болды. Ол былай жасып еді:

«Бір жас жігітпен аралас-құралас жүремін... Күз айында қауын-қарбыз сатып тұрып: - Аға, белім ауырады, халықтық қандай ем бар? – деп, маған тосын сұрақ қойды. Мен: - Қарағым, мен дәрігер емеспін, білмедім, - деп, қысқа қайырған едім. Бірнеше күннен соң, қарбыз алайын деп келсем: - Аға, белімнің құяңы әлі жазылмады, - деп, қоймады. Мен : - Бір ем білуші едім, бірақ қалай болар екен... Он екі жыл адамның көзіне түспеген қабан шошқаның тұяғының арасына қатқан кірге, Түркмениядағы бес жасар тасбақаның миын езіп қосып, спиртке салып қараңғы жерге тұндырып, бір жұмадан кейін жағып көр, нәтижесі болып жатса, айтарсың, - дедім...

Оның көзі шарасынан шығып кете жаздап, көп ойланып тұрып, қарқылдап ұзақ күлді. Қарбыз аламын дегендердің аузы ашылып, түсіне алмай аң-таң... Біраздан соң: - Аға, мына айтқан рецептің өтеуі, - деп, тағы бір қарбызды тегін бергені... Сөз түсінген қандай жақсы, Достар!!! Қалжыңдасып отырайық, бірақ, қалжың рамкадан шығып кетпесе жарар еді...» деп еді Советқазы ағамыз. Сол ағамыздың қалжың сөзі қазір тәуіптер кеселге қарсы қолданатын ем ретінде айтап жүр екен. Мұны естіп «Фейсбукта тәуіптер де отыратын болған ба?» деген ой келді.

Жасұлан ағайдың әңгімесін жазып алған Сәкен Түсіпбек
Просмотров материала: 2 302

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 423 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 255 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 895 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 919 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 228 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 171 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930