23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жүргізуші білуі тиіс 8 нәрсе

Жүргізуші білуі тиіс 8 нәрсе Жол жүру ережесіне жасалған өзгерістерге байланысты түсініксіз нәрселердің көптігі соншалық, сол заңды дайындаушылардың өзі шатаса бастағандай. Жаңа тәртіп пайда болады, жұрт оның ақылға сыйымсыздығын немесе жемқорлықты көбейтетінін айтып шулайды, сол кезде ішкі істер саласын басқарушылар «Жоқ, ондағы мәселе былай» деп өзгерісті басқаша түсіндіре бастайды. Ақыр соңында заңда жазылған нәрсе мен оның түсіндірмесі екі түрлі болып шығады.

Источник: serke

Мысалы, жаңа тәртіпте полиция инспекторы не үшін тоқтатқанын жүргізушіге айтуға міндетті емес екені жазылған. Жұрттың қатты наразылығын туғызған нәрсенің бірі осы болды. Егер полиция автокөлікті ешбір себепсіз тоқтата берсе, онда осы уақытқа дейінгі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының азды-көпті нәтижесі жоққа шықпай ма? Инспекторларды бетімен жібермей, тежеп отырған да осы шектеу емес пе еді?

Жұртшылық тарапынан осындай заңды сұрақтар туған. Артынша тиісті орган басшылары мен заңгерлер жағдайды түсіндіре бастады. Шынтуайында полицияның автокөлікті себепсіз тоқтатуға хақысы жоқ көрінеді. Яғни, инспекторға көлікті себепсіз тоқтатуға үзілді-кесілді тыйым салынған, ал тоқтатқан жағдайда ол оның себебін түсіндіруі тиіс. Белгілі заңгер Сергей Уткин Forbes.kz сайтында полиция қызметкерінің автокөлікті мынандай 8 түрлі себеппен ғана тоқтата алатынын және тоқтатқан жағдай жүргізушінің нені білуі, полиция қызметкерінен нені талап етуі керектігін айтады.

1. Жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы.

Бұл ең көп кездесетін себеп. Бірақ соның өзінде полиция қызметкері жүргізушіге Жол жүру ережесінің қай тармағы бұзылғанын айтып-түсіндіруі тиіс. Жағдай түсініксіз болса, жүргізушінің өзі инспектордан сұрап, дәлел талап етуі керек. Ең жақсысы, жүргізуші көлігіне бейнерегистратор орнатып, полиция өкілімен болған әңгімені жазып алғаны дұрыс. Оның көмегі өте көп.

2. Осыған ұқсас автокөліктің іздеуде болуы.

Бұл себепті полиция қызметкерлері жөн-жосықсыз пайдалана алады деген пікірдің жаны бар. Расында қала немесе республика бойынша соңғы бірнеше айда ұрланған машиналардың тізімін қараса, ол жерден автокөліктің кез келген маркасын, үлгісін немесе түсін табуға болады. Яғни, осының арқасында полиция қызметкері кез келген машинаны тоқтата алатын болғаны ғой? Иә, бұл рас. Бұл жемқорлыққа жол ашатын нәрсе. Сондықтан ІІМ құжаттың нақты үлгісін жасап, полициядан кезекшілік кезінде сол құжат бойынша жұмыс істеп, сол құжатта көрсетілген көліктерге ғана назар аударуды талап етуі тиіс. Және іздеудегі көліктердің тізімі жазылған бұл құжатты инспектор жүргізушіге көрсетуі керек. Әрине, ол тізімде соның алдында ғана ұрланған көлік туралы мәлімет болмауы мүмкін. Ондай жағдайда жүргізуші 112 нөміріне звондап, ақпараттың растығын тексеруі керек.

3. Автокөлікті қызмет бабына пайдалану үшін алу.

Заң ерекше жағдайда (жол-көлік оқиғасы болған жерге бару, апат кезінде, жарақат алған адамды ауруханаға жеткізу т.б.) полиция қызметкерінің бөтен көлікті пайдалануына рұқсат береді. Бұл енді өте сирек кездесетін, сондықтан инспектордың заңды бұзуына да көп мүмкіндік жасамайтын жағдай. Ал егер ондай жағдай бола қалса, бейнеаппаратты қосып, бәрін жазып алыңыз. Оған қоса полиция қызметкерінің кеуде белгісін, құжатын суретке түсіріп алған жөн. Сосын 112-ге звондап инспектордың сөзінің растығын анықтау керек.

4. Жүргізушінің құжаттарын тексеру.

Заң бойынша, полиция құжаттарды тексеру үшін жүргізушіні тек стационарлық посттарда ғана тоқтата алады. Бұған көну керек. Басқа жердегі полиция нарядтары автокөлікті құжат тексеру үшін тек оперативті-профилактикалық шаралар (ОПШ) кезінде тоқтатуға хұқы бар. Әдетте полиция қызметкерлері дәл осы пунктті өтірік пайдаланады. Бірақ жүргізуші білуі керек: ОПШ облыстық, Алматы және Астана қалалық ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен ғана жүргізіледі.

5. Тиелген жүктің құжатын тексеру.

Бұл негізінен кәсіпкерлерге қатысты. Және мұнда нақтылық жоққа тән. Аталған мақсатпен көлікті кез келген постта және бақылау-өткізу пункттерінде тоқтатуға болады. Посттан тысқары жерде арнайы шаралар барысында тексеріледі. Олардың неғылған шаралар екені заңда нақты көрсетілмеген. Сондықтан бұл жерде жүк көліктерін жүргізушілердің хұқы бұзылуы мүмкін. Ендеше кәсіпкерлер бұл мәселенің нақтылануын ІІМ-нен талап етуі тиіс.

6. Көлік қозғалысын шектеу немесе тоқтату.

Бұл мәселеде полиция тарапынан заң бұзушылық болуы екіталай. Көлік қозғалысы нақты себеппен шектеледі немесе тоқтатылады.

7. Құқық бұзушылықтың куәсі болған жүргізушіге немесе жолаушыға сауал қою.

Осындай себеппен тоқтатылса, жүргізуші немесе жолаушы полиция қызметкерінен сауал қойылатын инциденттің жай-жапсарын түсіндіруді талап ете алады. Бұл жерде де полицияның көлікті заңсыз тоқтата қоюы неғайбіл.

8. Жол қозғалысын реттеу.

Мұндағы жағдай 6-шы себепке ұқсас. Реттеуші тоқтауға белгі берген сәтте жүргізуші оның бұйрығына бағынуы тиіс. Ал реттеуші полиция қызметкерінің әрбір көлікке келіп құжатын сұрап жатпайтыны анық. Яғни, мұнда полиция тарапынан еш заң бұзушылық жоқ.

Енді «Жүргізуші полицияның құжатын сұрауға қақысы бар ма?» деген мәселеге келейік. Шынында, құжатын сұрай қалсаң, полиция қызметкерлері құжат көрсетуге міндетті емес екенін айтады. Жол жүру ережесінде де бұл туралы ештеңе айтылмаған. Бірақ... біздің автокөлікті тоқтатқан полиция қызметкерінің құжаттарымен танысуымызға Конституциямыздың өзі рұқсат береді! 18 баптың 3 тармағын қараңыз, онда:

«Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi» деп тайға таңба басқандай жазылып тұр. Бұдан артық не керек? Ендеше Конституцияның 18 бабы, 3 тармағына сәйкес жүргізуші өзін тоқтатқан полиция қызметкерінің қай құжатқа сүйеніп мұндай әрекет жасағанын білуге хұқылы.

Нақ осы Конституция негізінде жүргізуші полиция қызметкерінен ІІД бастығының ОПШ жүргізу туралы бұйрығын, іздеудегі машиналардың белгісі туралы ақпаратты, қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді, арнайы шаралар туралы шешімді және жүргізуші бұзды деген Жол жүру ережесінің мәтінін талап ете алады. Тағы қайталап айтам: жүргізуші нормативті-құқықтық актілердің мәтінін өзімен алып жүруге міндетті емес, ал жүргізушіге олардың бұзылғаны туралы айып тағып отырған полиция қызметкері жүргізушінің ол құжаттармен танысуына жағдай жасауы тиіс.

Заңгер Сергей Уткин жүргізушілерге аталған 8 нәрсені қағазға шығарып алып машинаға салып қоюға кеңес береді.

Дайындаған Нұржігіт Берікбай
Просмотров материала: 2 706

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 424 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 256 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 896 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 920 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 229 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 171 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930