10 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2014 жылы Қазақстаннан 27 мың адам көшіп кетті

30 январь 2015, 0:51
2014 жылы Қазақстаннан 27 мың адам көшіп кетті 2014 жылы Қазақстаннан 26 869 адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды "Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" орталығы АҚ баспасөз қызметі. Орталық сарапшысы Шынар Ерасылдың мәліметінше, статистика бойынша Қазақстаннан кетіп қалғандардың дені - 24 247 адам ТМД елдеріне, соның ішінде, негізінен, Ресей мен Беларуське барған.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы елімізге 15 мыңнан астам адам келген. Ал 2013 жылы елге келгендер (24 405) мен көшіп кеткендердің (24 077) саны бір деңгейде болды. "Жастар" ұлттық зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік сауалнамаға қарағанда, жастардың 23,7 пайызы жақын шетелдерге көшкенді қалайды, оның 17,1 пайызы Ресейге, 13,8 пайызы Ресейді, ал жастардың 13,8 пайызы алыс шетелдерге (Канада, Германия, Қытай және басқа) кеткенді қалайды.

"Қазақстан жастары бұған негізгі себеп ретінде табыстың төменгі деңгейін, жұмысқа орналасудың қиындығын, өздерін көрсете білудің қиындығын, жеке себептер мен сапалы білім алудың мүмкін еместігін атады", - делінген хабарламада.

Сарапшының айтуынша, жас мамандар үшін елден кетуге әсер ететін факторлардың бірі - жалақы. "Мысалы, Германияда ең төменгі жалақы мөлшері - сағатына 8,5 евро, 8 сағаттық жұмыс күні мен бес күндік жұмыс аптасында ең төменгі жалақы мөлшері - айына 1360 евро, Францияда - айына 1537 евро, салыстырар болсақ, Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі - 21 364 теңгеге тең (айына 100 евроға жуық), ал орташа жалақы айына 119 111 теңгеге тең (573 евроға жуық). Жас әрі амбициясы бар жастар бизнес-процестер тиімділігінің, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігіне байланысты елде өзін-өзі көрсете алмайтынын айтады. Бұл факторлар қазақстандықтардың эмиграциясына себеп болып отыр", - дейді Ерасыл.

Азаматтардың елден кетуіне балаларды бақшаға орналастырудың қиындығы да себеп болып отыр. Сонымен бірге мұндай шешім қабылдауға зейнетке шығу жасы да әсер етеді. Ресейде ер адамдар зейнеткерлікке 60 жасында, әйелдер 55 жасында шығады, Қазақстанда зейнеткерлік жасы үш жыл кейін басталады. Батыс елдерінде зейнетақы төлемдерінің Қазақстандағыдан жоғарылығы да жас адамдардың шетелге кетуіне түрткі болады.

"Жас, талантты әрі келешегінен үміт күттіретін мамандар Қазақстаннан кетуге жиі шешім қабылдайды, бұл, әрине, ел экономикасына кері әсер етеді. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді бөлігін жіберіп алудан алғашқы соққыны өткереді. Мұндай шығындардың қатарына мемлекеттің бір азаматтың балабақша мен ЖОО-ға дейінгі білімі мен тәрбиесіне жұмсайтын қаражаты жатады. Мемлекет үшін Қазақстанның дамуына, экономикасының, әлеуметтік-ғылыми көрсеткіштерінің жақсаруына үлес қоса алатын анағұрлым белсенді әрі білімді адамдарын жоғалтуы екінші соққы болады", - дейді сарапшы. Бұл жайт елде экономиканың барлық саласы бойынша маман тапшылығын туғызуы мүмкін.

Шынасыл білікті мамандарды ұстап қалу үшін Қазақстанда өмір сүру деңгейін, әлеуметтік қамтамасыз етуді, сыйақылар мен еңбек жағдайларын шетелдегі жағдайларға теңестіру керектігін айтады. Сонымен бірге жас мамандарға өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік берілуі керек.

Дегенмен сарапшының айтуынша, көші-қон сальдосының жағымсыз болуына қарамастан, Қазақстанда өркендеудің әлеуеті мол. 2014 жылы EY компаниясы жүргізген Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына қатысты зерттеулеріне қарағанда, Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. Инвестициялық тартымдылықтың негізгі өлшемдері - елдегі әлеуметтік, саяси және макроэкономикалық тұрақтылық.

Білікті қазақстандықтардың елден кеткісі келетіні туралы бұған дейін де хабарланған еді. Билік өкілдерінің мәліметінше, мұнымен бірге мемлекеттің елден кеткен мамандарды ауыстыруға, біліксіз жұмыс күшін кәсіпке баулу мен дайындауға кететін шығындары артып отыр. Соңғы төрт жыл ішінде жоғары білімі бар эмигранттардың қатары сырттан келгендердің санынан 65 пайызға асып түсті. Әсіресе, техника, экономика, педагогика мамандықтары бойынша еңбекке қабілетті азаматтар көп кетіп жатыр.
Просмотров материала: 1 831

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 822 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 447 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 941 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 005 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 363 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 848 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 903 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 837 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 909 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 093 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 648 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 445 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 304 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 947 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 240 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 644 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 459 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 328 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 160 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 018 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 342 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 238 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 725 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 077 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 313 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 067 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 006 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 130 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 074 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 277 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 432 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930