25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Мәңгілік Ел» актісінің жобасын қоғам талқысына шығару қажет

28 январь 2015, 0:40
«Мәңгілік Ел» актісінің жобасын қоғам  талқысына шығару қажет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халққа жолдауында «Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын» деген болатын. Содан бері жылдан аса уақыт өтсе де патриоттық акт әлі күнге өмірге келген жоқ.

Менің ойымызша «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мәңгілік құндылықтарға, яғни адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар ұлттық тарихымызды, әдебиет, мәдениетімізді, ұлттық өнер мен тілді дамыта отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекет құраушы қазақ елінің ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, дамытуға, ұлтымыздың терең тарихынан сабақ ала отырып, жаңа заман талабына сай қуатты ұлттық демократиялық Қазақ мемлекетін қалыптастаруға бағытталуы керек деп есептеймін.

Естеріңізде болса билік органдары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері дайындаған «Ел бірлігі» доктринасының алғашқы нұсқасы ел ішінде екіұдай пікір туғызып, зиялы қауымның үлкен қарсылығы мен сынына ұшыраған болатын.

Қызу талқылаудан кейін, зиялы қауымның қатысуымен доктринаға үлкен өзгерістер енгізіліп, 2010-жылы Қазақстанның «Ел бірлігі» доктринасы қабылданды. Доктрина «Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады» деп басталып, ұлттық құндылықтарды дамытудың көптеген жолдарын, тетіктерін ұсынған болатын.

Доктринаның бір тарауы Ұлт рухын дамытуға бағытталып, «Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады. Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі» деп жазылды.

Доктринаны іске асыру үшін 2011 жылғы 25 мамырда «Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі 2011-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы да қабылданды.

Алайда, Доктринаны толыққанды жүзеге асыру өкінішке қарай тиімді жүзеге асырылмады. Аталған іс-шаралар жоспарының орындалуы қоғам ішінде ұлтты ұйыстыру, ұлттық рухты дамыту бағытында тегеурінді шаралар мен тиімді әрекеттер ұйымдастыруға қозғаушы бола алмады.

Өткен, 2013-жылдың 23-қарашасында Халық өкілдерінің Құрылтайы өтіп, аталған жиында Ұлттық демократиялық мемлекет қалыптастырудың тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта та Қазақстанда мемлекет құрушы ұлт – қазақ екенін атап өтіп, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, қоғамды рухани тазалыққа жетелеудің жолдары көрсетілді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі осы аталған Қазақстанның «Ел бірлігі» доктринасы мен Ұлттық демократиялық мемлекет қалыптастырудың тұжырымдамасының заңды жалғасы болуы тиіс.

Бұл екі құжатты да дайындау мен қабылдауға Мұхтар Шаханов, Дос Көшім, Рысбек Сәрсенбайұлы, тағы басқа көптеген танымал тұлғалар ат салысты.

«Мәңгілік Ел» актісін тек Президент Әкімшілігі, Үкімет, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ғана дайындайтын болса ол құжаттың сапалы әрі жалпы халықтың көңілінен шығатынына, ең негізгісі мәңгілік ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен дамытуға бағытталатынына үлкен күмәнім бар.

«Мәңгілік Ел» актісінің жобасын қоғам  талқысына шығару қажет
Халық өкілдерінің Құрылтайы құрған Қазақ Ұлттық кеңесі және басқа да ұлттық бағыттағы ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, танымал тұлғалар мен ғалымдар аталған құжатты дайындауда негізгі күшке айналуы тиіс.

Осындай мәселелерді кеңінен баяндай отырып осыдан біраз бұрын Президент Әкімшілігіне хат жолдаған едім. Алайда ҚР Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан жауап алдым. Жауапта «Мәңгілік Ел» актісінің дайын болып қалғанын баяндапты. Демек, бұл жолы да зиялы қауым өкілдерінің, ұлтшыл күштердің қатысуынсыз дайындалды деген сөз.

Осы жағдайды ескере отырып, біріншіден, дайындалған «Мәңгілік Ел» актісінің жобасын алдын ала баспасөзде, сайттарда жариялап, әлеуметтік желілерде талқылауды талап етемін. Екіншіден, жобаны дайындаушы топтың құрамына ғалымдарды, ұлтшылдарды, Қазақ Ұлттық кеңесінің мүшелерін қосуы керек деп санаймын.

«Мәңгілік Ел» актісінің жобасын қоғам  талқысына шығару қажетМақсат Ілиясұлы, «Халық бірлігі» ҚБ төрағасы,
Қазақ Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары
Просмотров материала: 6 071

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 939 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 644 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 138 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 171 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 540 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 928 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 959 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 292 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 981 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 005 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 204 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 917 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 042 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 668 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 549 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 581 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 781 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 541 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 950 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 733 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 607 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 481 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 406 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 296 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 533 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 925 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 217 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 544 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 670 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031