6 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Адамзат діннен бас тартуы мүмкін бе?

18 январь 2015, 12:42
Адамзат діннен бас тартуы мүмкін бе? Әлемде атеистердің саны көбейіп жатыр. Бұған қарап болашақта Құдайға деген сенім өздігінен жоғалады деген болжам жасауға бола ма? Британдық ВВС-дің журналистері осы сұраққа жауап іздейді. Біз осы материалды еркін әрі ықшамдай аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

serke.org

Құдай жоқ, о дүние деген бекер, өлгеннен соң бәрі бітеді деп ойлайтындар күннен күнге көбею үстінде. Пессимизмге тола екеніне қарамастан, осындай көзқарастың әлемде таралып бара жатқанын мойындау керек. Кей елдерде тіпті өзінің атеист екенін жария ету сәнге айналғандай. 57 елде 50 мыңнан аса адамға сауал қойған Гэллап халықаралық зерттеу орталығы Құдайға сенетіндердің саны 2005 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта 77%-дан 68%-ға төмендегенін анықтады. Ал атеистер 3 пайызға артыпты – құдайсыз өмір сүретіндер әлемде 13%-ға жеткен. Мамандардың айтуынша, жалпы саны жөнінен де, үлесі бойынша алғанда да атеистер жер бетінде бұрын-соңды мұншалық көп болмаған көрінеді.

Әрине, олар жақын арада басым көпшілікке жете қоймас. Бірақ үрдістің өзі күндердің бір күнінде адамдардың түгелдей діннен бас тартатынын білдіре ала ма?

Болашақты дәл болжау мүмкін емес. Дегенмен, адамдардың неліктен дінге келетіні немесе одан бас тартатыны жайлы мағлұматтар негізінде алдағы уақытта адамдардың дінге деген көзқарасы қалай өзгеретіні туралы жорамал жасауға болады.

Адамдардың дінге ден қоятын себебі, дін адамның көңілін жайландырады, дін ұстайтын адамда бір қауіпсіздік сезімі болады дейді ғалымдар. Сол себепті негізінен экономикалық, саяси және тұрмыстағы қауіпсіздік мәселесі мүмкіндігінше шешілген елдердің тұрғындары Құдайдан бас тартып жатыр. Мұнымен қатар қоғамда капиталистік жүйенің орнауы, технология мен білімнің дамуы да адамдардың діншілдігінің төмендеуіне апарып соғатынын айтады зерттеушілер.

Дін дағдарысы

Жапония, Ұлыбритания, Канада, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Чехия, Эстония, Германия, Франция және Уругвай – осыдан жүз жыл бұрын ғана бұл елдердің бәрінде діннің алатын орны ерекше еді. Ал қазір Құдайға сенетіндердің үлесі жөнінен әлемде ең төменгі көрсеткіш осы елдерде. Және бұлар – білім беру ісі жақсы жолға қойылған, халқының тұрмыс деңгейі жоғары, теңсіздік проблемасы шешілген мемлекеттер.

Яғни, онда тұратын халықтар тірліктің қиындығынан қорқатын жағдайда емес. Тұрғындарының басым көпшілігі Құдайға сенетін Бразилия, Ямайка, Ирландия сияқты елдердің өзінде жұрттың діннен бас тартып жатқанын байқауға болады. Бұл санатқа бәлкім, Иран ғана кірмейтін шығар. Бірақ ондағы жағдай туралы да кесіп айту қиын, өйткені, Иранда Құдайға сенбейтіндер болса, олар оны ашық білдіре алмайды.

АҚШ-тағы ахуал өзгеше. Өзі әлемдегі ең бай елдердің бірі, алайда діндарлардың үлесі өте жоғары. Дегенмен, соңғы зерттеулер өзін атеист санайтын американдардың үлесі 2007-2012 жылдар аралығында 1,6%-дан 2,4%-ға көбейгенін көрсетті.

Британ Колумбиясы университеті әлеуметтік психология маманы, «Үлкен құдайлар» кітабының авторы Ара Норензаянның айтуынша, діншілдік деңгейінің төмендегені оның жоғалатынын білдірмейді. Неге? Иә, адамның өмір сүру ортасы қауіпсіз болған сайын діншілдігі де нашарлайды дедік. Алайда, сол қауіпсіздік өзі алдамшы емес пе?

Бәрі аяқасты өзгеруі мүмкін: жақын адамыңызды машина қағып кетуі, қаланың сел астында қалуы немесе өзіңіздің жазылмайтын ауруға шалдығуыңыз. Егер болашақта климаттың өзгеруіне байланысты планетамыз түрлі табиғат апаттарына ұшырап, жерасты байлықтары түгесіліп жатса, ол халықтардың діни сезімінің қайта күшеюіне түрткі болуы әбден ықтимал. «Адам қайғы-қасіреттің болмауын қалайды.

Ал басына түсіп жатса, оның да бір мағынасы бар екенін түсінгендей болады. Неге екенін, басына ауыртпалық түскен адам ол қайғының мағынасын діннен – басқа құндылықтар емес, діннен тауып жатады» дейді Норензян. Мұны ауруханалардан, апат аймақтарынан байқауға болады. Мысалы, 2011 жылы Жаңа Зеландиядағы халқының көбі Құдайға сенбейтін Крайстчерч қаласында қатты жер сілкінді. Және осы апаттан кейін мұндағы адамдардың көбі дінге қайтып оралды. Ал елдің апаттан аман аймақтарында мұндай өзгеріс байқалған жоқ.

Бұл да ылғи орындалатын қағида емес. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияда дін ұстайтындардың саны күрт төмендеп кетті. Алайда, егер аласапыран апаттар үнемі адамдардың діннен бас тартуына соғып отырса, жер бетінде Құдайға сенетін адам қалмас еді дейді зерттеушілер.

Ақыл ма, интуиция ма?

Мейлі, әлдебір ғаламаттың күшімен жер бетінде бәле-жала деген нәрсе болмайтын заман орнай қалған күннің өзінде дін бәрібір мүлдем жойылып кетпес еді. Себебі, эволюцияға байланысты адам баласының нейропсихологиясында Құдайға ерекше орын берілген. Мұны жақсы түсіну үшін «екі процесс теориясын» білу керек. Оған сәйкес, адамда ойланудың негізгі екі формасы бар. Оларды №1 жүйе және №2 жүйе деп атаймыз. №2 жүйенің бізде дамығанына аса көп уақыт болған жоқ. Бұл логикамен ойланып, іс-әрекетімізді жоспарлауға мүмкіндік беретін ақыл-ойымыз, ішкі даусымыз. Ал №1 жүйе интуицияға, инстинктке және автоматизмге негізделген сақталу механизмі. Соның арқасында біз бұзылған еттен жиіркенеміз, ана тілімізде ойланып жатпастан сөйлейміз, ал балалар ата-анасын таниды, жанды мен жансызды ажырата алады. Кей ғалымдардың пікірі бойынша, діннің дамып, таралуына итермелейтін де осы №1жүйе.

Тән мен ақылды біртұтас емес, екі бөлек нәрсе деп қарауға бейім екеніміз белгілі. Бұл ерте басталатын үрдіс. Өскен ортасының қандай екеніне қарамастан, кішкентай балалардың өзі жанның өлмейтініне сенеді. Бұл дүниеге келмей тұрғанда да бір жерде болғанбыз, кейін де бола береміз деп ұғады. Мұндай түсінік кең таралған діндердің бәрімен жақсы ұштасады. Немесе шығармашылық қорыту нәтижесінде жаңа діни концепцияларға негіз болады.

«Мамандығы психолог, өз атеист бір әріптесім бар, соған үш жасар қызы келіп: «Құдай әр уақытта, әрқашан бар» депті. Ол әйелі екеуі қызына мұндай ойдың қайдан келуі мүмкін екенін түсіне алмай бастары қатады» дейді «Тумысынан Құдайға сенушілер» кітабының авторы Джастин Баррет. «Ол қыз Құдайды кәрі әйел кейпінде көреді екен. Мұндай ұғымды оған священниктердің беруі мүмкін емес қой».

Осы айтылған нәрселердің бәрін қорыта келе ғалымдар «Дін адамның когнитивті бейімдіктерінің нәтижесі ретінде пайда болды» деген тұжырым жасайды.

Әдет – екінші табиғатымыз

Адам өзін бір үлкен нәрсенің бөлшегі ретінде сезінгенді жақсы көреді. Өмірдің мәні болғанын қалайды. Белгісіз нәрсенің бәрінен мағына көруге тырысамыз. «Білімі молайып, ғылыммен танысып, сыни көзқараспен қарауды үйренген соң адамдар бәлкім интуицияға сенуді доғара бастайтын шығар. Соның өзінде интуиция жоғалмайды, қала береді» дейді Норензаян. Иә, қоршаған ортаны танып-білу үшін атеистердің көбі ғылымды пайдаланады.

Бірақ ғылымды қабылдаудың өз қиындықтары бар. Ғылымның міндеті – интуиция мен инстинкт арқылы бұрмаланған нәрселерді түзету. Өзіміз ешқашан сезбейтінімізге қарамастан, бізге Жердің айналып жатқанына сенуге тура келеді. Ғылым бізді ғаламның түпкі мақсаты және мағынасы жоқ екенін мойындауға мәжбүр етеді, алайда, интуиция мұнымен келіскісі келмейді. Осыған дейінгі іс-әрекеттеріміздің көпшілігі қате әрі объективті емес екенін мойындау біз үшін қиын. Бірақ жаңа деректер табылуына орай ақиқат туралы ойларымыздың да үнемі өзгеріп отыратыны рас қой.

«Когнитивтік тұрғыдан алғанда ғылым табиғатымызға жат, сол себепті де оны қабылдау қиын. Ал дін қабылдауды қажет етпейді, өйткені, дін онсыз да біздің табиғатымызға жақын» дейді Атлантадағы Ми, ақыл және мәдениетті зерттеу орталығының жетекшісі, «Дін неге етене, ал ғылым неге жат» кітабының авторы Роберт Макколи.

Ал Джастин Барреттің айтуынша, Құдайдың бар екендігі туралы әңгімелерге берілу – адамның ішкі қарсылығын көп туғызбайтын жол екенінің нақты дәлелдер бар. Діннен мүлдем бас тарту адамилықтың мәнісін өзгертуді талап етеді. Осы биологиялық ерекшелікті мынандай деректермен дәлелдеуге болады. Американ халқының 20%-ы ешқандай шіркеуге жатпайды. Бірақ дәл осы ешбір шіркеуді мойындамайтындардың 68%-ы бәрібір Құдайға сенетіндерін айтады. Яғни, ешбір ұйымдасқан дінге кірмесе де адамдар әлемді бір жоғарғы құдырет билеп тұр деп ойлайды.

Және көп адамдар Құдайға сенбейміз дейді, сөйте тұра ырымшыл болып келеді, мысалы олар елеске, жұлдыздарға қарап болашақты болжауға сенеді. «Скандинавия жұртының көпшілігі Құдайға сенбейді. Бірақ ол жақта ырымшылдықтың, тылсымға қызығушылықтың күшейгені анық байқалып отыр» дейді Норензаян. Сосын атеистер көп жағдайда діннің орнын толтыратын бір құндылықтарды тауып алып жатады. Мысалы, спорт командаларын қолдау, йога, табиғат-анаға етене болу сенімі сияқты. Ал АҚШ-та дұғалап оқытуға (черная магия) қызығатындардың, Ұлыбританияда пұтқа табынушылардың қатары тез көбейіп жатыр.

Құдайға сенбесе де, адамның дінге жақын болатыны басқа да жолдармен көріне береді. Антрополог Райан Хорнбектің айтуынша, World of Warcaft ойынына берілген кейбір қытайлардың осы ойыннан бір рухани мағына тапқаны дәлелденіп отыр. «Бұл ойын қазіргі қоғамда жоқ әлдебір ізгі қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беретіндей. Сірә, адамдардың санасында құдай, о дүние туралы ойларға арналған кеңістік бәрібір болады. Діннен толтырылмаған күннің өзінде ол жолын тауып өзін көрсетеді» дейді Барретт.

Топ ішінде болу

Дін топ ішіндегі бірлікті, ұйымшылдықты нығайтатыны қашаннан белгілі. Құдайдан қорқу көне қоғамдарда тәртіпті сақтаудың бір жолы болған. «Бұл жоғарыдан келетін жаза туралы гипотеза. Ол жазаның барына бәрі сенетін болса, бұл сенім топтың ұйымшыл болуына көмектеседі» дейді Аткинсон. Жаңа Зеландиядағы Веллингтон университетінің қызметкері Джозеф Бульбулия бастаған ғылыми топ аз уақыт бұрын әлемдегі 600-ге жуық дәстүрлі қоғамдарға зерттеу жүргізіп, олардың діни жүйесін сараптады. Және қай аймақта ауа-райы қатал, табиғат апаттары көп болса, тиісінше ондағы діннің де қатаң келетінін анықтады. Мұнда не сыр бар? Себебі, апат кезінде адамдардың ұйымшылдығы, жақын адам үшін жанқиярлығы шешуші роль атқарады, ендеше ол жерде діннің қоғамдық өмірде алатын ерекше болады. Кез келген халықта діннің орны маңызды екенін түсіндіре алатын бір нәрсе бар. Ол діннің қашан да, қай жерде де адамдар арасындағы ынтымақты жолға қоюдың басты құралы болғаны.

Діннің адам табиғатына жақындығы қарапайым математика да түсіндіріп бере алады. Қай қоғамды қарасақ та атеистерге қарағанда діндар адамдар көп балалы болып келеді. «Оның дәлелі өте көп. Тек Құдайға сенетіндерді ғана қарастырар болсақ, солардың ішінде біршама либерал семьяларға қарағанда, ортодоксал отбасыларда балалар көбірек дүниеге келеді» дейді Норензаян. Ал енді дін мәселесі бойынша баланың көбіне ата-ананың жолымен жүретіні белгілі. Олай болса, жер бетінде діннің жойылуы мүмкін емес деуге болады.

Нық сенім

Осындай психологиялық, неврологиялық, тарихи, мәдени және тұрмысқа байланысты себептерді ескере келе ғалымдар діннің жойылатынына сенбейді. Түп негізі мейлі қорқыныш болсын, мейлі қайырымдылық болсын, дін адам санасынан терең орын алған. Әйтпесе, дін атаулы баяғыда-ақ жойылған болар еді.

Христиан дінін, исламды, индуизмді, басқа да наным-сенімдерді айтпағанда, халықтардың ырымшылдығы, елестерге деген сенімі бәрібір қала береді, сірә. Ал егер жаһандық апат бола қалса, оның әсерімен діннің де ықпалы күрт күшеюі мүмкін. Ең жақсы, ең әділетті зайырлы мемлекеттің өзі азаматтарын барлық бәледен сақтай алмайды. Әлдебір экологиялық апат, ядролық соғыс немесе комета анық қатер төндіре қалса, адамзат бірден Құдайды еске салып, одан рақым тілейтін болады.

Басына қасірет түскен адам жұбаныш қылатын бір нәрсенің болғанын қалайды. Ал көпшілік өлімнен кейін өмір бітпейтініне, адамды жақсы көретін бір күш бар екеніне сенгісі келеді. Құдайға сенетіндер қашан да болады. Тіпті олар үнемі басымдыққа ие болып қала беруі мүмкін. Дін мәселесін зерттеуші ғалымдар осындай тұжырым жасайды.

Дайындаған Ержан Әбдіраман
Просмотров материала: 1 906

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 802 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 615 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 583 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 523 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 515 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 569 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 317 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 347 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 840 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 990 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 653 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 360 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 513 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 340 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 110 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 489 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 258 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 847 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031