25 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жезқазғанның жаңа тынысы

Жезқазғанның жаңа тынысы Жезқазғанға қатынайтын теміржолдар мен автотрассалар жезді астананы тұйық қалаға айналдырған еді. Алайда, соңғы уақытта өлкенің жаңа тынысы ашылып, бірнеше транспорттық жолдар жөнделіп, жаңа бағыттағы трассалар салынбақшы. Бұл нысандар жезді өлкенің бүгіні мен болашағы үшін, әрі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы үшін аса маңызды. Атап айтқанда, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда магистралін салу аймақтың жоспарында бар.

Бұл жобалар Қазақстан Президенті жолдауының аясында жүзеге аспақшы. Соның нәтижесінде өлкенің транспорттық-логистикалық инфрақұрылымы жақсарады. Басты назарда ‒ Астана мен макроаймақтарды жалғайтын автожолдардың дамуы, теміржол және әуе жүйесі болмақ.

Жобаның стратегиялық маңызы үлкен. Қазіргі Астана мен Қызылорда арасындағы жол 1917 км болса, жаңа трасса елордаға дейінгі жолды 817 шақырымға дейін қысқартады.Бүгінгі таңда тендерге қатысатын жол салушы компаниялар іріктеліп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен, жолдар келесі бағыттар бойынша жөнделеді: Батыс Қытай - Батыс Еуропа, Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтөбе - Атырау, Алматы - Өскемен, Қарағанда – Жезқазған - Қызылорда және Атырау - Астрахань.

Қызылорда - Жезқазған автожолының жалпы құны 10 млрд. 1 млн. теңге шамасында. Жол құрылысы мыңдаған қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, 2012-2020 жж. арналған Жезқазған, Сатпаев және Ұлытау өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында Қызылорда‒Павлодар‒Успенка (РФ дейін), Қызылорда‒Жезқазған арасында 98 шақырым жол салу көзделген.

Жол құрылысын 2017 жылға дейін бітіру жоспарланып отыр. Ал, Жезқазған‒Есіл ‒Петропавл жолдарын да қайта қалыпқа келтіру керек. Бұл да кешенді жоспардың бір бөлімі. Осы автожолдардың құрылысына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Айта кету керек, еліміз бойынша жол жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 2015 жылы 178 млрд., ал, 2016 жылы 143 млрд. 3 млн тенге теңге бөлінеді. Осы орайда, 200 мың жаңа жұмыс орны ашу көзделіп отыр.

Қазақстан геостратегиясының ұтымды тұсы ‒ Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртуға мүмкіндіктің болуы. Өткен 2014 жыл Қазақстан үшін транспорт стратегиясының жүзеге асуымен есте қалды. Осы тарихи оқиғаның бір көрінісі, 2014 жылы 22 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаев Қарағандыға барған сапарында Жезқазған - Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржолы іске қосылуы.

Қазақстан Батыс пен Шығыс ортасындағы жаңа континенталды көпір болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтінің директоры Ердан Қарин өз сөзінде айтқан болатын. Біріншіден, Жезқазған‒Бейнеу және Арқалық‒Шұбаркөл теміржолы іске қосылғаннан кейін алғаш рет еліміздің батыс пен шығыс аймақтары өзара жалғанды. Мамандардың пікірінше, Жезқазған- Бейнеу теміржолы Достық-Ақтау бағытын 748 шақырымға дейін қысқартты.

Бұл Қазақстанның өз күшімен жүзеге асқан алғашқы посткеңестік кеңістіктегі ауқымды транспорттық жоба. Жыл басынан бастап уақытша істеп тұрған Жезқазған - Бейнеу теміржолының жүк тасымалы 10 млн. 800 мың тоннаны, ал Жезқазған аумағындағы Арқалық – Шұбаркөл – 8 млн. тоннаны құраған.

Арқалық-Шұбаркөл бағытының іске қосу осы жылға жоспарланған. Ал, Жезқазған - Бейнеу 2016 жылы қолданысқа берілмекші. Жезқазған - Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол жүйесінде 2,9 мың адам жұмысқа қамтылады.

Осылайша Жезді өңірдің тұйықталған транспорттық жүйесі ашылып, аймақтың тынысы кеңеймекші.
Просмотров материала: 1 862

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 333 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 996 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 486 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 532 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 900 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 204 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 538 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 190 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 270 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 449 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 725 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 789 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 499 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 374 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 170 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 603 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 330 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 731 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 536 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 379 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 222 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 081 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 420 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 304 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 787 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 972 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 138 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 374 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 754 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 057 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 193 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 134 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 500 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031