24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жиһадқа итермелейтін нәпсі ме?

Жиһадқа итермелейтін нәпсі ме? Ислам дініндегі Жиһад түсінігі - теологиялық концепция. Бұл Аллаһ жолында тырысу, әділдікке шақыру, залымдарды зұлымдық істеуден тоқтату және әділетсіздікке қарсы күрес мағынасын береді және мұсылманның ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Кейбір теологтардың пікірінше, жиһадтың жоғары формасы - Аллаға барар жолда өзіңді-өзің іштей жетілдіру, дайындау.

serke.org

Бұл түсінік адамның физиологиясының сезімді сұраныстарын – нәпсіні тежеуді басты мақсат етіп қойған. Онда некесіз әйелмен төсек қатынасын жасау, зинақорлық, қатынқұмарлық, жезөкшелік сияқты нәпсіге тиым салынған. Дегенмен, жиһадтың Аллаһ жолындағы әскери іс-қимыл арқылы мақсатқа жету (оны «Қылыш жиһад» немесе «қасиетті соғыс» деп атайды) ұғымында жиһад пен нәпсінің тұтасып бара жатқанына куә болып отырмыз.

«Қасиетті соғыс» жүргізіп жатырмыз деп бейкүнә адамдарды өлтіру үшін беліне бомба байлап өзін өзі жарып жіберетін жиһадшыларды осындай жанкешті әрекетке итермелейтін не нәрсе? Жас өмірін қиғаны үшін оларға о дүниеде қандай сый беріледі? Мұны біз діндарлардың күнделікті айтатын уағызынан естіп жүрміз.

Олардың айтуынша, ислам үшін қарулы соғыс жасап өлген адам, мейлі ол бейбіт тұрғындарды, бала-шағаны қырсын, шейіт саналады. Яғни, ол адамдарды өлтіргені үшін о дүниенің тозағына емес, тікелей пейшіне барады. «Қалышты жиһадшыға» берілетін сый мұнымен бітпейді. Оны пейіште ботакөзді (кейде қаракөздер деп атайды) хор қыздары күтіп тұрады-мыс. Олардың саны 30, кейде 40, кейде 72 деп айтылады.

Міне, бұл өмірде «қасиетті соғысқа» қатысып, талай бейкүнә адамның қанын мойнына жүктеген әлдебір жиһадшы бірден сол 72 пәк (қыздығы бұзылмаған) сұлу жас қыздың ыстық құшағына барып құлайды. Дәл осындай уағыз 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та бірнеше мың адамды қыруға бет алған терроршыларды шабыттандыру үшін айтылды. Терроршылардың уағызшысы Мұхаммед Атта «Сендерді пейіште пәк қыздар күтіп тұр» деп ұрандап, бірнеше жиһадшының үміт отын жағып, оларды «қасиетті соғысқа» жігерлендіріп шығарып салды.

Діндарлардың тәпсірлеуінше, «қасиетті соғыста» қаза болған жиһадшыға бұйыратын хор қыздарының дене бітімі, түр-сипаты бұ дүниедегі адамдар сияқты, бірақ олар өте сұлу болады. Хор қыздарының біреуінің өзі-ақ жымиятын болса, әдемілігімен дүниені жарқыратып жібереді екен. Олар ешқашан қартаймайды.

Жыныстық қатынастан кейін хор қызының пәктігі қайта қалпына келіп отырады. Тіпті, өзін ислам дінінің білгірі санайтын әл-Суйти деген уағызшы пейіштегі хор қызымен болатын жыныстық қатынас бұ дүниедегі әйелмен болатын жыныстық қатынаспен салыстырғанда әлдеқайда ұзаққа созылады және айтып жеткізуі мүмкін емес әсерлі ләззатқа бөлейді. Егер бұ дүниеде еркек дәл сондай ләззатқа бөленетін болса, онда ол ақыл-есінен айрылып қалады екен.

Уағызшылардың хор қыздары мен олармен болатын жыныстық қатынасты әсерлеп суреттеуі жиһадшылардың жанкешті әрекетке баруының негізгі себебі болып отыр. Бұдан олардың «қасиетті соғысқа», яғни террорлық жарылыстар жасап бейкүнә адамдарды өлтіруінің себебінде нәпсі, дәлірек айтсақ, қатынқұмарлық жатқанын көреміз. Сонда жиһадқа итермелейтін нәпсі болғаны ма? Нәпсі үшін адам өлтіруді қалайша «Қасиетті соғыс» деп атаймыз?

Егер әл-Суйтидің тәпсірі бойынша біреуді өлтіруге, сондай-ақ өзі де өлуге бейіл жиһадшы түсінігінің тереңіне бойласақ, ол бұ дүниедегі жасайтын жыныстық қатынас ләззатын місе тұтпайтын, оған тойынбайтын ашкөз болып шығады. Сондықтан ол жиһад жасап, тезірек өлуге құштар, яғни тезірек пейішке барып хор қыздарының құшағына құлап бұ дүниеде сезіне алмайтын төсек ләззатын іздейді. Бұл нәпсіқұмарлықтың шарықтау шегі емес пе?!

Нәпсі мен жиһадқа қатысты мына бір жайтты да айта кеткен жөн. Қазір Сирия мен Ирак жерінде «Ислам мемлекетін» құруды көздейтін жиһадшылар соғыс салып жатыр. Олар мұсылман еместерді қырып, өздеріне қарсы келген басқа мұсылмандарды да жаппай геноцидке ұшыратуда.

Олардың жасап жатқан жауыздығы адам шошырлық. Солар жақында жиһадтың тағы бір түрін ойлап тапты. Ол «неке жиһады» немесе «жыныстық жиһад» деп аталады. Бұл жиһадтың мағынасы бойынша мұсылман әйелдер «Ислам мемлекетінің» сарбаздарына күнделікті жыныстық қатынас қызметін тегін көрсетуі тиіс. Бір әйелдің жезөкшелер сияқты бірнеше жиһадшының нәпсісін қанағаттандыруына да рұқсат етілген.

Бұл «жыныстық жиһад» деп аталып, оған өз еркімен қатысқан әйелдер дәріптеліп жатыр. Әрине, «жыныстық жиһадқа» құлшыныс танытып әлемнің түкпір-түкпірінен «Ислам мемлекетінің» сарбаздарының нәпсісін қанағаттандыруға ағылып жатқан мұсылман әйелдер шамалы. Осы кемістіктің орнын толтыру үшін «Ислам мемлекетінің» сарбаздары «қасиетті соғыс» кезінде тұтқынға түскен мұсылман емес әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, «неке жиһадына» қатысушылардың санын едәуір көбейтіп жатыр. Бұдан біз «қылышты жиһад» жолына түскендердің тек пейіштегі хор қыздарынан үмітті емес екенін, бұ дүниеде де қатынқұмарлыққа салынып отырғанын, жалпы алғанда жиһадтың қозғаушы күші нәпсі екенін көреміз.
Просмотров материала: 2 450

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 432 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 264 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 904 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 928 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 237 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 172 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930