21 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жаңа заң: қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме, қалтаны қаға ма?

10 январь 2015, 14:23
Жаңа заң: қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме, қалтаны қаға ма? 7 қаңтардан бастап күшіне енген «Жол қозғалысы ережесі» туралы заң жаңа жылдың елең еткізер жаңалығы болды. Бұл құжаттың көптің көңіліне томпақ келіп отырған тұсы 12 жасқа дейінгі балаларды автокреслода алып жүру. Заңға сай, көлікте балаларға арналған орындық болмаған жағдайда, балаларды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Немесе бес айлық көрсеткіш (9910 теңге) айыппұл салынады. Сонда, жаңа заң қалтаны қаға ма,әлде қауіпсіздікті қамтамасыз ете ме?

Түсініксіз заң

Бұл жаңа қабылданған «Жол қозғалысы туралы» заңның екі мәселе туындап болып отыр. Біріншіден, жақсылығы, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесін құнттай бермейтіндер мен «жолшыбай» таксилерге жауапкершілік жүктейді. Жол ережелерін сақтамауы өз алдына, өзге жолаушылар үшін қауіп тудыратын жүргізушілер толып жүр. Тіпті, ақыл-есі кем жүргізушілер бар екені былтырғы жылы анықталған еді. Жолдардың сапасы да мәз емес.

Міне, осындай олқылықтарды көріп отырып, балалардың қауіпсіздігін қалай ойламаймыз? Қазіргі таңда елімізде онсыз да жол апаттары мен өлім-жітім көрсеткіші өте көп. Қазақстанда жолдағы өлім 100 мыңға шаққанда 22 адамды құрайды. Бұл бар болғаны 17 млн. халқы бар Қазақстан үшін өте үлкен көрсеткіш. Мұндай талаптар арқылы жол апаты мен балалар өлімінің алдын алуға болады. Мәселен, Еуропада жолережелерін қатайту ету арқылы жол апаттарын 10 жыл ішінде едәуір азайтқан. Көрші Ресей автокреслоны 2007 жылдан бастап заңға енгізген. Ал, біздің енді қолға алынып отыр.

Хош! Балаларды креслоға отырғызып, тасымалдау дұрыс та шығар. Бірақ, бұл бір күннің шаруасы емес. Және ойланып қарайтын мәселе. Көңілге түсініксіз болып тұрғаны заңның бір-ақ күнде енгізілуі және 12 жасқа дейінгі балаларды автокреслоға отырғызу. Шетелдерді 5-жасқа дейін ғана қатаң талап етіледі. Ал, одан ересек балаларды арнайы белдіктермен отырғызады.

Бір күннің ішінде ата-ана отбасындағы 12 дейінгі балалардың бас-басын автокресло сатып әпере ала ма? Ал, «Байтал емес, бас қайғы» дейтін кейбір көпбалалы отбасыларқайтпек? Қоғам қайраткері Дос Көшімнің пікірінше мұндай заң батыс елдеріне арналған: «Көңілге түйткіл әкелген мәселе, ол балаларға арналған орындық . Бұл Еуропа елдеріне арналған. Олжақта ары кеткендебіржанұядабір бала, не болмасаекеуғана. Ал біздеше, отбасындағытөрт-бес балағасоншаорындықалыпжүрукерекпе? Бұлойланатынмәселе. Тіпті басы артықдүние».

Сондықтан да, халықтың жағдайын қарап, алдын-ала түсіндіру мен ескерту керек еді. Және балалардың жас ерекшелігін қайта ойлану керек. Себебі, қазіргі заманда 12-жастағы балалар жасөспірім секілді ересек. Осы тұста блогер Сырым Абдрахманов орынды ой айтады: «Заңды халыққа ертерек түсіндіру керек еді. Қатардағы жол полициясы да түсініксіз қимылдайды. Заңды шыққан күні орындайды.

Бірақ,түсініксіз.Сондықтан, заңды уақытша кейінге қалдыру керек. Көлік иелері, автобус парктері, такси қызметтері автокресло алып, дайындалып үлгеруі үшін. Қарапайым халықтың қалтасына ауыр болады. Ауылды жерлерді тұратындар балаларымен қалаға шыға алмайды». Міне, заңның шу тудырып, қызу талқыға түсу себебінің бірі осы.

Автокресло әлемінде

Жүргізушілердің жарғақ құлағын жастыққа тигізбей жүрген автокресло бізді де бей-жай қалдырмады. Автокресло мәселесінің мән-жайын анықтау үшін Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы дүкенге бас сұқтық. Сөрелерде самсам тұрған орындықтар. Түсі мен көлеміне және сапасына қарап, қалтаңыз көтергенін таңдап алсаңыз болады. Кірген бойда сатушы-кеңесшітұтынушы келіншекке бар ынта-ықыласын салып, автокреслоның тетіктерін түсіндіріп тұр екен. Әлгі келіншек те бүге-шігесіне дейін сұрап, қыр-сырын анықтап тұр. Біз де әңгімеге құлақ асып, орындықтың сапасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы біраз жайтқа қанық болдық. Тағы бір келіншек мектеп жасындағы кішкентай қызын ілестіре әкеліп, орындығын өзіне таңдатып жатты. Және дені әйел адамдар. Әрине, бала дегенде ана жанын аясын ба?!

Тұтынушылардың бірін әңгімеге тарттық. Есімін атамауды өтінген орта жастағы келіншек: «Менің екі қызым бар: бірі 9-жаста, екіншісі 5-те. Кіші қыздың орындығы бар. Бүгін үлкен қызым үшін орындық таңдап тұрмын. Мен бағасы орталауын алатын шығармын. Тек ертең өзін әкеліп, көлігіме ыңғайлы тұратынын алуым керек. Бұл заңды қолдаймын. Себебі, балаларды қауіпсіздігі бәрінен маңызды», - деп қысқа қайырды әңгімесін.

Сатушылар мен дүкен қызметкерлерінің ұялы телефондарына да тыным болмады. Хабарласып, бағасы мен дүкеннің мекен-жайын сұрап әлек. Кешкі уақытта барған едік, келуші сәл саябырсыған соң, өзін Полина деп таныстырған сатушыны креслолар туралы сұрадық. «Автокреслоның түр-түрі бар. Олар көбіне баланың бойы мен салмағына есепке алынып, ұсынылады. 12 жас дегенде тұрған ештеңе жоқ. Бойы 150 см-лік балаларға арналған креслолар бар. Өйткені, қарапайым қауіпсіздік белдігі баланың бойына сай келмейді. Көбіне, белдік иығының жоғарғы жағында немесе мойнына келіп, жол апаты кезінде мойны немесе жұлыны үзіліп кетуі мүмкін»,‒ дейді.

Мұндағы автокреслолар Германия және Франциядан әкелінген. Сатушының сөзіне қарағанда осыған дейін күніне 6-7 орындық сатылса, соңғы күндері сатылған тауар саны 30-дың үстінен асып жығылады. Бағаларда әр алуан. Сапасы мен өндірілген фирмасына байланысты. Ең төменгі баға 17-18 мың төңірегінде.

EXPO-ны балалар жасай ма?

Дүкеннен шыққан бетте такси тоқтатып, барар бағыт пен бағасына келіскен соң, жүргізушіден жөн сұрады. Қырықтың ішінде Ерлан Нұрғожаев есімді ағамыздың жаңа заңға кереғар пікірде екенін айтып өтті: «3 жасқа дейін балаларды арнайы орындықпен алып жүруді талап етсе, ойға қонады. Өйткені,3 жасқа дейінгі бала өз бетінше отыра алмайді. Құлап, бір шетіне ауып немесе есік-терезені ашып жіберуі мүмкін. Ал, 12-дегі ересек баланы орындыққа қалай отырғызасыз? Елестетіңізші?! Менің 6-жасар қызым бар. Бүгін қонаққа баратын едік, бірақ осыған бола үйге тастап кеттік.10 мың көлемінде айыппұл салынады дейді. Бұл,менің ойымша, бюджетке ақша құюдың амалы ғана. Қазір онсызда айыппұлдың түр-түрі бар. Кейбіреуі тіпті ақылға қонбайды. Бұл алда болатын EXPO-ға ақша жинаудың бір жолы. EXPO-ға бөлінетін ақша, әрине, халықтың қалтасынан жиналады. Мен орындық алмаймын. Ерегіскенде алмаймын!», - деді.

Ал, «Балалы әйелді енді тасымалдамайсыз ба?» деген сауалға кібіртіктеп тұрып:«Әрине, балалы әйелді жолда қалай тастайсың? Бірақ, байқасаңыз, қазір ешкім балалы жолаушының алмай жатыр» дейді.

Түйін: Заң өзгеден қорғану үшін, өзіңді қорғау үшін керек құрал емес пе? Бірақ, мына жаңа заң қорғаудың кері жолына түсірген секілді. Автоорындық туралы жан-жақты ойды назарларыңызға ұсындық. Шешім қабылдау әр азаматтың өз еркінде. Бірақ, көлікте баланың барын заң еске түсіргенде ғана ойланбасақ керек-ті.

Жәния Әбдібек
Просмотров материала: 2 842

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 620 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 423 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 083 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 104 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 410 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 566 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 719 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 860 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 379 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 582 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 638 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 894 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 565 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 886 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 560 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930