24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұйғыр ауданы: Қазақша ән айтуға құқық жоқ па?

Ұйғыр ауданы: Қазақша ән айтуға құқық жоқ па? «Бірлік бар жерде тірлік бар» екені анық. Осы ұстаныммен Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы ұлттық мәселелерге қатысты көп нәрсеге көз жұмып келеміз. Тәуелсіздігімізді алып, бүтінделіп, ел болып еңсемізді көтергенде «бүйректен сирақ шығаруға» ешкім де құмартқан жоқ. Ұлт бірлігі үшін ес білгелі Қазақстан деген тәуелсіз елде ұйғыр деген ұлттың атымен аталатын шағын ауданның «тәуелді азаматшасы» болып өмір сүріп келемін. Тәуелді екеніміз анық, себебі ежелден Ұйғыр ауданының әкімдігі әкеден балаға мирас болар «хан тағына» айналған. «Тәуелді» болатын себебім, түртпектеу, екі ұлттың ішінара таласы, қазақ пен ұйғыр қатар тұрған жерде «ағайындылардың» алға оза шабуы – шынын айтқанда шаршатты.

Біз үндемейміз, өйткені жат жұртты «қатты сйлаймыз». Ал ауданның атын ауыстыру – біз үшін орындалмас арман, көнгенбіз. 2014 жылы 11 қарашада Шәріпхан Қайсар Абай.кз-ке жарияланған «Қазақ-ұйғыр ұйысқан аудан» атты мақаласында «Ұйғыр ауданында тұратын 40 мыңға жуық қазақтан өңірді өркендетер бір азаматтың табылмағанына қарның ашады» деген екен. Кеудесінде намысы бар қазақтың жігіттері ауданда жетерлік.

«Сен тұр, мен атайын!» дейтін қазақтың нарқасқа ұлдары мен өз елінің намысын қолдан бермейтін қайсар қыздар да баршылық. Алайда, текті халықтың тұяғы болғандықтан, Елбасының саясатына қарсы шығып, «бүлік» салуға ешкім де бара қойған жоқ. Тәуелсіз елді Мәңгілік Елге айналдырамыз деп, еңбек етіп, әркім өзінше үлес қосу керектігін де санамызға сіңіріп алдық. Жақында аудан әкімі ауысып, таққа тағы да ұлты ұйғыр азамат келді. Е дедік те, қойдық. Етіміз үйренген. Қанша қынжылғанмен, өңірдің «Қазақ ауданы» деп аталып, халыққа жақын болар әкімнің алаштың ұлы болмасын барлығымыз білеміз! Сырт көз аудан елін «қазақ-ұйғыр болып ұйысып, тату-тәтті жұрт болып жарасып отыр» деп біледі. Солай көрсету басты мақсатқа айналғалы қашан. Ұлт аралық қақтығыстарды да сыртқа сездірмей, аудан көлемінде аяқтай салу дәстүрге ұласты.

31 желтоқсан күні орталық алаңдағы Жаңа жылдық мерекелік концерт барысында қазақ өнері қорланып, аяққа тапталды. Ауданда «Жазерке» халықтық ұлт-аспаптар ансамблі 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Арзу» халықтық ән-би ансамблі ұйғыр тілінде өнер көрсетеді. Аудан көлеміндегі іс-шаралардың барлығында қос ансамбль қатар жүріп қызмет етеді. Содан не керек, екі тілде жүргізілетін жаңа жылдық мерекелік шара басталды. Араққа сылқи тойып алған дыбыс режиссері Рауль есімді ұйғыр жігіт ә дегеннен-ақ қазақ тілінде жүргізетін жүргізушінің микрофонының даусын басып тастады. Техникалық ақауға жорыған жұрт бұл жағдайға аса мән бермеді. Сценарий бойынша сахна төріне Аяз ата, ақшақар және ескі жыл жылқы мен жаңа жыл қой болып киінген төрт кісі шақырылды. Аяз атаның елге айтар ақ тілегі, ақшақардың сөзі, жылқы мен қойдың шумақпен айтар жырлары, тілек сөздері алдын ала таспаға жазылып алынған болатын. Дүйім жұрттың алдына шығар кезде дыбыс режиссер Рауль «қазақша қоймаймын, таспа жоқ, не істеп аласың!» деп айқайлап, тек қазақтарды ғана емес, мемлекеттік тілді де қорлады.

Сөзсіз қалғандарын түсінген төртеу даусы бәсеңдетілген микрофонды қолға алып, тосыннан тілек айтып, қолдан келгенше қыжалаттан шығуға тырысты. Мына ісіне ыза болып, ансамбльдің көркемдік жетекшісі ретінде «не істеп жатсың?» дегенімде «Әкеңнің......» деп неше түрлі былапыт сөздерді жаңбырша жаудыртты. Ашуға булықсам да, Раульдің мазағын мастың ісіне балап, үндемедім. Концерт жалғасып, кезек «Кел, Жаңа жыл!» деген әнге келді. Ән хабарланып, әншіміз ортаға шыққан кезде Рауль тағы да бүлдіріп, ұйғырша ән қойып жіберді. Өзі миығынан күліп, билеп тұр. Концерт аяқталуға жақындап, ән айта алмай қалған Гүлдана есімді әнші келесі әнін орындау үшін сахнаға қайта шақырылды. Дыбыс режиссері мас болса да, есебінен жаңылмай, бұл жолы әншінің таспасының орнына «Қызыл өрікті» қойып жіберді. Күлкіге қарық болған көпшілік түкті де түсінген жоқ. Ал қазақтар әдеттегі «техникалық ақаулардың» көбейіп кеткендігіне күйініп тұрды. Ызаға булыққан Гүлдана Раульге «әнімді қойып бер» деп айқай салды.

«Қоймаймын, таспаң жоқ!» деп ақырып, қыз баланы ұрмақ болды. Оған қоса әнші қыздың намысына тиетін былапыт сөздерді айтып, жұдырығын ала жүгірді. Осының бәрін көріп, естіп тұрған аяз ата рөліндегі Гүлдананың әкесі қызын қорғау үшін биік сахнадан жерде тұрған Раульдің үстіне бірақ құлады. Концерт жайына қалды. Іске аудан әкімі, ішкі істер қызметкерлері т.б араласқанымен, нәтиже жоқ. Гүлдана менің өз қызым болғандықтан, істің ізін суытпай бірден заң орындарына шағымдандым. Бірақ аудандық прокуротура «қызмет барысындағы қақтығыс» деп, заң орындары жылы жауып қойып отыр. Ал Раульдің әкесі, қасына Шонжы ауылының әкімі Арлен Сенаұлын ертіп, кешірім сұрауға келді. Бұл жерде жеке басқа қатысты мәселе ғана қозғалып отырған жоқ. Қазақ ұлтының намысы тапталып, мемлекеттік тілді шетке ысырып, елемегені үшін оған ешқандай кешірім болмақ емес! Былтырғы Наурыз мерекесінде Шонжы ауылы округінің орынбасары Тиірменов Алмат сахна безендіру жұмыстарын қадағалап, байқаусызда электр қуатына арналған ұзартқышқа шалынып қалады. Оның қасында өз құрал жабдығын реттеп отырған дыбыс режиссері Рауль бірден Алматты жағасынан алып, аузына келгенін айтады. Бұл әдепсіздігіне ашуланған қызметкер заң орындарына шағымданады. Бірақ шағым тағы да еш нәтижесіз қалыпты.

Біз Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары емеспіз бе?! Неге үндемей қалуымыз керек?! Қорыққаннан емес, Елбасының саясатына қарсы келмеу үшін ғана көніп келгенбіз. Бірақ, шыдамның да шегі бар ғой! Дүйім жұртты алаңға жиып алып, Қазақтың өнерін табанға салып таптап, қазақ қызының намысына тиетін сөз айтып, қорлайтын оның қандай қақы бар?! Төбеге шыққан емей немене?! «Бірлік» деп үндемей жүре берсек, намысымыз таптала беретініне көзіміз жетті. Біз – Ұйғыр ауданында тұрғанымызбен, «Дос болғанға - құшағы ашық туыспыз, қас қылғанға - қиып түсер қылышпыз!» деген Абылай ханның ұрпағымыз.

Бір қызығы, болған іске ешқандай шара қолданған жоқ. Рауль жұмысында отыр. Құшағы кең қазақ жұртының кешірімшіл халық екені де өтірік емес. Мұндай дүниелерге кешірімділікпен қарай бергендіктен болар, өзгелер бізді «кішіге» балап алыпты. «Бұға берсең, сұға береді» демекші, осы жолы болған жайтты сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Қазақтың жайы сіздерге жат болмас.

Әлия ЖАНБАЕВА, «Жазерке» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі.
Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.

Дерек көзі:www.abai.kz
Просмотров материала: 5 631

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 431 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 263 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 903 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 927 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 236 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 660 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 729 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 919 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 062 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 443 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 459 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 172 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930