20 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақылға сыймайтын жол ережесі

Ақылға сыймайтын жол ережесі Қазақстанда жаңа жылдан бастап жаңа «Жол жүру ережесі» туралы заң күшіне енеді. Осы заңда ақылға сыймайтын екі ереже бар. Бірі – көліктің шамын күндіз жағып жүру, екіншісі – көлікте 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы жасалған орындыққа таңып тастау. Өйтпеген жағдайда көлік иесіне 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

serke

Жаңа заң бойынша салмағы 36 келіден, бойы 1 метр 35 см-ден аспайтын балалардың бәрі көлік орындығының үстіне орнатылған арнайы креслоға таңылады. Бұл бір қарағанда дұрыс та болып көрінуі мүмкін. Екі-үш жастағы сәбилерге арналған көлік орындығының үстіне қондырылатын креслоны күнделікті көріп жүрміз. Олар дүкендерде де сатылады. Бірақ, ондай креслоға 5-6 жастан үлкен балалар сыймайды. Әрине, заң талабын орындау үшін соқталдай балаларға арнап үлкен кресло жасатуға болады.

Бірақ, оны көлік орындығының үстіне қалай орнатамыз? Мейлі, өйтіп-бүйтіп орнаттық делік. Онсыз да көліктің тар салонына қосымша кресло орнатқан соң, оған кіріп шығу мүмкін болмай қалмай ма?! Оған отырған 10-11 жасар баланың басы көліктің төбесіне тіреліп қалады ғой. Сондай-ақ, орындыққа бекітілген кресло бекем болмайды және көлік кілт тоқтағанда креслоның жұлынып кету қаупі бар. Себебі, кресло ішіндегі 30 келіден астам салмақтың екпіні әлдеқайда жоғары.

Жалпы, барлық көліктердің орындықтарына зауыттан жасалып шыққанда-ақ арнайы тартпа орнатылған. Жүргізуші де, көлік ішіндегі жолаушылар да соған байланып отыруы тиіс. Ал көлікте баларға арналған қосымша креслоны қолданудың мәні мынада: 2-3 жастағы балаларды көліктің тартпасымен тартып тастау мүмкін емес. Себебі, тартпаның үстіңгі жағы кішкентай балалардың кеудесіне дәл келмейді. Сондықтан оларды арнайы жасалған құрсаулы жұмсақ креслоға отырғызып, оны орындыққа бекітіп тастайды. Ал 4-5 жастағы және одан үлкен балаларды көлік тартпасымен байлауға әбден болады. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз. Олай болса, оларды арнайы креслоға отырғызудың қажеті бар ма?! Әрине, қажеті жоқ.

Көлікте балаларды алып жүруге қатысты заң талабын күшейтудің тағы бір жаман жағы бар. Бұдан кейін айыппұлдан қорқып, такси немесе басқа көліктер жол бойында қол көтеріп тұрған бала жетектеген адамдарды алмайтын болады. Бұл балардың құқығын бұзу емес пе?

Енді көліктің шамын күндіз жағып жүруге келейік. Бұған дейін де МАИ қызметкерлері қалааралық жолдарда көлік шамын жағып жүруді талап ететін. Олардың ойынша, шамы жанып келе жатқан көлік алыстан көзге шалынып, жол қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады. Бірақ, олардың бұл уәжіне қарсы дау айтушылар да болды. Олардың ойынша, мұндай талапты МАИ әдейі енгізді.

Біріншіден, олар шамын жақпай келе жатқан кез-келген көлікті тоқтатып, оларға айыппұл салуға қосымша мүмкіндік алды. Екіншіден, жүргізушілер алдыда жол торуылдап тұрған МАИ қызметкерінің бар екенін қарсы бағытта келе жатқан көлікке білдіру үшін шамын жағып-өшіріп ескерту жасайтын. Ал көлік шамын үнемі жағып жүру кезінде жүргізушілердің бір-біріне мұндай ескерту жасауы мүмкін болмай қалған еді. Сондықтан, көптеген жүргізушілер тасада тығылып тұратын МАИ қызметкерлерінің құрығына ілініп қала беретін болды.

Жаңа жол ережесі бойынша енді қалааралық жолдарда ғана емес, елді мекен ішіндегі көшелерде де шам жағып жүруге тура келеді. Мұндай талаптың не үшін жасалып отырғаны тағы да ақылға қонымсыз. Өйткені көлік шамының жарығы күннің жарығынан күшті емес. Күндіз көлік шамының жанып тұрғаны немесе өшіп тұрғаны көзге шалынбайды.

Сондықтан көлік шамын күндіз жағып жүру жол қаупсіздігіне елеулі үлес қосады деп айту бекер. Мұнымен қатар күндіз шам жағып жүрудің зияны көп. Себебі, көлік шамына қажетті энергия мотор арқылы беріледі. Шамды жағып жүрген көлікке жанармай әлдеқайда көп жұмсалады. Осылайша қоршаған ортаға бұрынғымен салыстырғанда көп газ тасталып, экологияның ластануы артады. Яғни, көліктердің шамын күндіз жағып жүру энергияны (жанармайды) үнемдеу мен экологияны сақтау жөніндегі басы ашық екі мәселеге қайшы болып тұр.
Просмотров материала: 6 243

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 157 879 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 157 699 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 157 333 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 157 374 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 157 667 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 282 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 427 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 618 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 381 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 564 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 404 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 345 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 062 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 926 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 754 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 912 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 038 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 704 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 077 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 806 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 813 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 655 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 495 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 757 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 698 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 210 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 644 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 531 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 788 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 122 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 533 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 511 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 552 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 494 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 730 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 876 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031