25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көптен күткен "Ақсай"

Көптен күткен "Ақсай" Әлем нарығындағы мұнай бағасы күннен күнге арзандауда. Бұл процесстің Қазақстан экономикасына әсері туралы айтантындар аз емес. Бірақ, осыған қарамастан Қазақстанда мұнай бұрынғыша өндіріліп, тіпті жаңа көздері ашылуда. Мәселен, кеше «ҚазМұнайГаз» компаниясына қарасты Қызылорда өңіріндегі Ақсай мұнай-газ кен орны ресми түрде жұмысын бастады. Мұнда жылына шамамен 114,5 мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Алайда, мұндай өндіріс Қазақстанға қалай ықпал ете алады? Ақсай мұнай-газ кенішінің пайдасы не? Әлеуметтік маңызы қандай?

Кеше Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қарасты Ақсай газ-мұнай кеніші қолданысқа берілді. Кеніш басында салтанатты ашылу рәсімі өтіп, жергілікті әкімшілік өкілдері, аймақтық мамандар мен мердігер компаниялар басшылығы, мұнайшылар,инвесторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс орталығынан 130 шақырым қашықтықты орналасқан Ақсай кеніші бұрғыларды іске қосумен тұсауы кесілді. Қатысушылар бұл кеніш шикізат қоры ретінде және аймақтық кәсіпорын ретінде ел дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.Және өңірдің көптен күткен жобасы екенін айтты. Себебі, кеніштен өндірілетін 114,5 мың тонна мұнай мемлекеттің қазанына құйылып, 70 млн. текше метр газ аймақтың қолданысына беріледі. Сонымен қатар, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов кеніштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Өздеріңіз білесіздер, мұнай ‒ ел экономикасының алтын діңгегі. Себебі, экономиканың дамуы, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы тікелей мұнай-газ саласына байланысты. Жасыратыны жоқ, қазіргі әлемдік дағдарыс, мұнай бағасының арзандауы салдарынан кейін кейбір жобаларға өзгеріс енгізуге тура келіп тұр. Осындай қиындықтарға қарамастан, бүгін жаңа кенішті іске қосып отырмыз. Аймақты газбен қамтып, жергілікті халықты жұмыс орындарын аштық», - деді.

Бұл Ақсай газ-мұнай кеніші 1980-ші жылдары табылған. 2002 және 2006 жылдар аралығында кен орнында сынақ жүргізілді. Нәтижесінде, 2011 жылы Ақсай – мұнай жиектері бар газ кен орны екені анықталды. Қызылорданың жазық даласында бой көтерген Ақсай кеніші 296 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Іске қосылған 4 скважина бір-бірінен алшақ орналасқан. Ал, Ақсайдан өндірілген мұнай және газ Ақшабұлақ кен орнында жөнелтіледі.

Сөйтіп, Ақшабұлақтан мұнай өңдеуші зауыттар мен экспортқа жіберілетін болады. Ақшабұлақ пен Ақсай кенішінің арасы 25 шақырым. Ақсай кен орнын игеру лицензиясын Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС иеленген. Айта кету керек, ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіретін ауқымды компания. Бұл компания Ақсай мұнай кенішін дамытуға, инвестиция тартуға, нарыққа шығаруға күш салуда.

Ақсай мұнай-газ кенішіндегі шикізат қоры өте мол. 2013 жылдың соңындағы мәліметтерге сәйкес, ондағы 2Р санатындағы мұнай қорлары 25,9 млн. тоннаны, газ қоры - 1 626 млн. текше метр құраған. Осыған сәйкес мұнай өндіруші компанияның мұнай өндіру жоспарын да бекітіп қойған. Мәселен, 2015 жылы Ақсай кен орнынан 114,5 мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Алынған шикізат құбыр арқылы Ақшабұлаққа, одан әрі жоспар бойынша өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының бағыттары бойынша экспортқа шығарылады. Негізінен Қытайға экспорттау көзделіп отыр. Ал газ мемлекет белгілеген баға бойынша ішкі нарыққа жөнелтіледі.

Сонымен қатар, компания директорының сөзіне қарағанда, кеніштегі газ бен мұнайдың көлемі 5-10 жылға жетеді. Бірақ, әлі де барлау жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, аймақтаны тағы мұнай көздері ашылуы мүмкін. Ал, кешеннің инфрақұрылымына шамамен 10 млрд. теңге жұмсалып, жаңа технологиялармен жабдықталды.

«ҚазГерМұнай» компаниясының жоспары бойынша Ақсай кешенін игеру кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Мекеменің құрылыс департаментінің жетекші инженері Әлиев Мұраш журналистерге берген сұхбатында: «Кенішті игеру екі кезеңнен тұрады. Бүгін ашылған кеніш бірінші кезеңнің нәтижесі. Қазірдің өзінде 35 мұнай бұрғылау скважиналары, 17 газ өндіретін скважиналар орнатылды. Алайда,тек 4 скважина іске қосылып, 21,5 км. Ақсай-Нұралы мұнай құбыры дайын тұр. Келесі жылы 14 мұнай, 10 газ скважинасы іске қосылады. Ал, екінші кезеңінде 52 скважинаның барлығы іске қосылады. Бұл 2019 жылға қарай жоспарланып отыр,- деп жобаның жаңалықтарымен бөлісті.

Біздің елде кәсіпті инвесторсыз игеру мүмкін емес секілді. Ақсайдың игерілуінде де инвесторлар тартылды. Негізгі инвестиция Қытай тарапынан құйылып отыр. «Ақсай кен орнын игеру» жобасына салынатын инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңге, яғни шамамен 53 млн. АҚШ доллары көлемінде бөлініп отыр. Болашақта ұңғыма құрылымдарын салуға қосымша инвестициялар салынады деп күтілуде. Мамандардың пікірінше, инвестиция тек 2019-2020 жылдарға қарай ақталуы мүмкін.

Ақсай кеніші тек аймақты газбен, елімізді мұнаймен ғана қамтып қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтитын әлеуметтік нысан болғалы отыр. Компания басшылығының айтуына қарағанда, бұл үлкен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым. Себебі, газ жергілікті халыққа ескі тарифтерге сай сатылатын болады. Және Қызылорда қаласын табиғи әрі арзан газбен толығымен қамтамасыз ете алады. Газдың бағасы текше метрге 6 теңге болады.

«ҚазГерМұнай» барлау өндіру компаниясының бас директоры Абат Нұрсейітов кеніштің әлеуметтің маңызы туралы: «Ақсай кен-орнының қолданысқа берілуі «ҚазГерМұнай» компаниясының мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандырады. Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Тариф сол қалпында қалады, біздің тарифке қатысымыз жоқ», - деп айтып өтті.

Сонымен бірге, кеніш орналасқан өңірге жол салу, электр қуатын тарту, су құбырларын жүргізу секілді шаруының бәрі компания өз міндетіне алған. Қазірдің өзінде аңызық далада тіршілік оянғандай көрініс береді. Ал, ең маңыздысы жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бұл жайында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов кеніштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Ақсай кешенімен қатар бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдар бой көтерді. Ақсай кен орнын іске қосу кезінде қосымша тек «ҚазГерМұнай» компаниясынан 20 шақты адам жұмысқа алынды. Және мердігерлермен қосқанда 40-қа жуық адам жұмысқа орналасады», деп қадап айтты. Кәсіпорын түгелдей автоматтандырылған. Сондықтан, бұрғыларды бақылап отыратын мамандар және т.б. жұмыс күші жеткілікті.

Бір қуанарлығы, кешеннің мұнайшылары үшін жақсы әлеуметтік жағдайлар қарастырылған. Мұнайшыларға, басқа да кәсіпорынның мамандарына арналған 3 жатақхана, асхана, спорт кешені, медициналық пункт орналасқан арнайы қалашық салынған. Мұнда мұнайшылардың демалуына, спортпен шұғылдануларына барлық жағдай бар. Баскетбол алаңы, жаттығу залы, бильярд үстелдерімен жабдықталған.

Жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді: таңғы 7-ден кешкі 7-ге дейін күндізгі және сәйкесінше түнгі ауысым. Жұмыс уақытында бұрғылардың жұмысын туралау, бақылап отыру, автоматтандырылған жүйелерді басқарумен айналысады. Мұнайшылар екі апта кеніш басында жұмыс істеп, екі апта демалысқа шығады. Осылайша, бірінің орнын бірі басып, кеніштің тіршілігін қыздырады. Олар тәулігіне 30 текше метрден бастап мұнай шығарады.

Қызылтүсті юниформалар киген мұнайшылар жұмыс істеуге сақадай сай тұр. Жалақылары да атқаратын жұмысына сай деседі. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, мұнайшылар жалақысы 100 мыңнан жоғары. Мұнайшылардың арасында нәзік жандыларды да кездестіруге болады. Олар асхана, лаборатория және іс-қағаздар және т.б. жұмыстармен айналысады.

Ақсай кенішінің механик-инженері Олжасты әңгімеге тартқан едік. Ол өзінің жұмысы туралы айтып берді: «Мен Ақтау Мемлекеттік университетінің «Машина жасау» факультетінің «инженер-механик» мамандығы бойынша мамандандым. Қазір мұнда өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін. Сорғылардың (насос) жұмысын жүйелеп отырамын. Күндіз демей, түн демей, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тырысамын. Жұмыстан тыс уақытта спорт кешенінде тынығамын. Көбіне бильярд ойнаймын. Мұнда мұнайшыларға әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Демалысқа шыққанда, отбасы құрғанда, балалы болғанда материалдық көмектер беріледі, деседі. Бірақ, мен әлі үйленбегем. Қызмет бабымен көтерілуге де мүмкіндік бар. Арман көп. «Генерал болуды армандамаған солдат, солдат емес»,- дейді Олжас.

Ал дағдарыстың мұнайшылардың жағдайына әсері туралы «Ақсай» кеніші директорының орынбасары Жадырасын Оразамбетов нақтылап айтып берді: «Қазіргі әлемдік дағдарыс, мұнайдың арзандауы біздің мұнайшылардың әлеуметтік жағдайына әсер еткені байқалмайды. Жалақы, әлеуметтік қамсыздандыру ‒ бәрі бұрын жасалған келісімшарттарға сәйкес жүріп жатыр. Басшылық жақында өткізген жиында ешқандай әлеуметтік проблема болмайды деген болатын. Барлық әлеуметтік көмектер келісімшартта көрсетілген. Былтыр біздің компанияның әріпестік келісімшарты мұнай компанияларының арасында бірінші орын алды. Сондықтан, мұнайшылардың жағдайы өте жақсы деп айтуға болады. Мерекелер де жақсы өтеді. Алдағы келе жатқан жаңа жылда кенішке арнайы концерттік топ келіп, мұнайшыларға өнер көрсетеді».

«Әр елдің заңы басқа» дегендей, мұнайшылардың өзіндік ырым-тыйымдары да бар екен. Мысалы, кен орны ашылғанда немесе бұрғы іске қосылғанда кеніш басында қой сойылып, құран оқылады. Мұнайшылардың арасына құран оқитындары бар. Жадрасын Оңдасынов мұндай ырымның шынымен көмегі бар екенін де айтып өтті.

Түйіндей келе, Ақсай мұнай және газ кеніші «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» Акционерлік қоғамының он жылдығына орай ашылып отыр. Газ қорлары мол Ақсай кенішін қолданысқа енгізудің арқасында «ҚазМұнайГаз» компаниясы газ шығаруды жылына 500 млн. текше метрге жеткізеді. Жылдық мұнай өнімінің көлемін 3 млн. тонна көлемінде ұстап отыруға кепілдік бере алады. Күш-қуаты мықты кәсіпорынның аймақты әлеуметтік тұрғыда дамыта алатын үлкен жоба болады деуге толық негіз бар.

Жәния Әбдібек, Матрица.kz
Просмотров материала: 2 176

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 631 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 103 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 127 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 435 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 669 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 738 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 930 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 074 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 455 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930