22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында медиаконгресс өтті

Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті «Аймақтық медиаынтымақтастық: Трансформация.Шоғырландыру.Дамыту» атты медиаконгресс Маңғыстау облысында тұңғыш рет өткізілді. Еліміздің түкпір - түкпірінен жиылған белді журналистер қауымы аймақтық деңгейде тұңғыш рет өткізіліп отырған медиаконгрессте қазіргі қазақстандық журналистика ахуалын, жаһандық медиа-трендтер жағдайында Қазақстанның медиа-саласындағы негізгі бағыттары, отандық бұқара ақпарат құралдарының бәсекеге қауқарлығын талқылады. Сонымен бірге қазақстандық медианың бірігуіне қандай мақсаттар мүмкіндік береді? Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында өңірлерге қандай талаптар қойылады? деген мәселелер де қаузалды.

Медиаконгрессті сөз сөйлеп ашқан Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, бүгінгі оқырман мен көрерменнің көңілін тауып, талап үдесінен шығуға көмектесетін жаңа заманауи медиа кеңістіктің маңызын атады.

«Қазір жылдам ақпараттың уақыты. БАҚ-пен бірге жергілікті атқарушы биліктің де халықпен жұмыс жасау тәсілдері өзгерді. Тұрғындардың мәселелерін біліп қана қоймай, сұранысын тап басып, нақты мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Мұндай медиаконгресстер - аймақтық қана емес, республикалық маңызға ие деп ойлаймын», - деді әкім.

Өңірлік медианың тиімділігі туралы зерттеу нәтижелерімен таныстырған Қазақстан Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров соңғы 2-3 жылдың ішінде қазақстандық интернет аумағының аймақтардың арқасында өсіп отырғанын қадап айтты.

«Алматы, Астана сияқты ірі қалалар интернет қолданушылардың санын арттыра алып отырған жоқ. Бұған қоса интернет қолданушылары мемлекеттік тілді білетіндердің есебінен артып отыр. Сол себепті біз осы медиаконгрессті Ақтауда өткізіп отырмыз. Аймақтар орталық БАҚ - пен қалай тиімді жұмыс жасай алады? Аймақтық БАҚ тиімділігі қандай? Осы сұрақтардың барлығы біз үшін маңызды.

Бүгінгі таңда ең өзекті үлкен мәселе - трафиктің ұрлығы болып отыр. Бар жанын салып, контент жасап жүрген медиа өкілдері үшін бұл үлкен проблема тудырып отыр. Біреудің кесірінен қаржыдан қағылып отырғандары қаншама? Кішкентай жаңалықты көшіріп басудың өзі ұрлықпен пара пар деп есептеймін. Тіпті сілтеме жасаса да мейлі. Мәселен, ештеңе жасамай, әр жердегі жаңалықтарды өздеріне шоғарландырып отырған жаңалық агрегаторларының өздері де жаңалықтарды ұрлаушылар.

Әрине әр жерден ақпаратты жинап алып, беріп отыру қиын емес. Ал сол жаңалықты іздеп, жазып, жариялап отырған редакция мен журналистердің еңбегі қайда? Сондықтан медиа кеңістікте келісім - шартқа отырып, құқықтық аяда жұмыс жасайтын кез жетті. Ал ережені бұзушыларға жазалау шараларын қолдану керек. Біздің ассоциация осы бағытта жұмыстануда. Біз медиакеңістікте біреудің өнімдеріне жиендік жасап жүргендердің қара тізімін жасауды қолға алмақпыз», - деді Шавқат Сабиров.

«Радиоточка» порталының бас редакторы Ержан Сүлейменов медиа-контентті жетілдіру бағыттарына тоқталды.
«Қазіргі таңда контентті дамыту қазақтілді аудитория арқылы ғана жүзеге асатынын түсінуіміз керек. Өйткені қазақтілді аудиторияның саны күн санап өсіп келеді. Егер билік шалғай ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету туралы уәдесін орындаса, онда Қазнеттің аудиториясын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік туары сөзсіз. Бұдан өзге, мамандандырылған журналистиканы дамыту дұрыс дер едім. Бізде саяси журналистика жоқ. Аудиторияның нақты сұранысын терең талдай білу керек. Соңғы уақытта байқауымызша, біздің порталда ғылыми - көпшілік контент өте жоғары сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, «Қазақстанның ірі активтері кімнің иелігінде?» деген бағыттағы материалдарымыз мықты оқылып отыр. Бұл - халықты қызықтыратын сұрақтар. «Несиені қайдан алу керек?» деген сияқты экономикалық ақыл кеңестер де қызықтырады. Шоу - бизнес, әсіресе, қазақтілді эстрада жаңалықтары өте үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Осы орайда, сот журналистикасын мықты дамытып келе жатырған, сот процесстеріне жиі баратын аймақтық журналистердің орнын ерекше атап кету керек. «Журналистер сотқа келгенде, иығымызда ауыр жүк тұрғандай болады - қоғамдық бақылауды сезінеміз, бірақ жеңіл жағы да бар. Журналисттің сотқа қатысуы судьяларға жоғары жақтан жасалатын қысымнан құтылуға көмектеседі», деп еді бір сөзінде таныс судъям. Сондықтан аймақтық журналистер үлкен еңбек етуде.
Жанр бойынша, менің ойымша, қазір халыққа сұхбат жанры өте керек. Мультимедиялық контент туралы айтқанда, арзан, сапалы контент жасауға болады. Әрине сұрақ қоюшы мен жауап берушіге де көп нәрсе байланысты. Көп ретте қазір ашық, шынайы түрде жауап беретіндер аз. Өзіндік пікірін, проблемадан өзіндік шығу жолын көрсетететін тұлғалар керек», - деді Ержан Сүлейменов.

Медиаконгрессте талқыға түскен тағы бір мәселе - отандық БАҚ бәсекелестігі. БАҚ қалай күн көруі керек? Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар керек пе?

«Жас Алаш» газетінің редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы «Ұлттық БАҚ бәсекелес бола ала ма, жоқ па деп әлі күнге дейін сұрақ қоямыз. Бұл сұрақты күн тәртібінен алып тастау керек. Қазақ баспасөзі қашанда бәсекеге дайын. Қазір сол бәсекелесе алатындар жұмысын жасап жатыр, ал қолынан түк келе алмағандар - өздерінен көрсін. Уақыт - сыншы. Баланы үнемі қолдан тамақтандыра берсең, ол ешқашан есеймейді. Сол сияқты бюджеттің емізігін үнемі сора беретін өзіміздің басылымдардан емізікті алып тастаса, олар да қатарға қосылып кетеді», - деді ол.

Рысбек Сәрсенбайұлы алмағайып замандарда қазақ журналистерінің өз бет-бейнесінен ажырап қалмай, ұлттық мәселеде ұлтжанды, арлы болу мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар кейбір ресми басылымдарға күштеп жазу процессін сынға алды.

Журналист Көсемәлі Сәттібай «қазақ басылымдары арқылы қаржы табуға болмайды» деген пікірмен мүлдем келіспейтінін айтты. «Барлығы да газет пен сайтты басқарушы адамға байланысты. Мәселен Шерхан Мұртазаны алайықшы, бұрынғы коммунистік партияның шекпенінен шыққан, сіресіп қалған саяси газет «Социалистік Қазақстанға» барды да, жандандырып жіберді.

Редактордың бойында заманауи трендтер болуы керек. Ол - ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген креативті редактор болуы керек», - деді журналист.

«Қаламгер» медиа-холдингінің бас директоры Жанарбек Әшімжан журналистердің әлеуметтік жағдайын реттеу керек деп есептейді.

«Отыз жылдан бері журналистикада жүрген, бірақ әлі күнге дейін үй жалдап, қаңғып жүрген журналисттен қандай жұмысты талап етуге болады? Журналистерге арнайы мәртебе беру туралы Үкіметке тиісті ұсыныс айтылуы керек. Мемлекеттік идеологияға қатысты жерлерде журналистерді пайдаланады, ал одан кейін керек емес заттай лақтырып тастауға болмайды. Жағдай жасалса, ұлттық журналистика дамиды, патриот журналистер де сол кезде қалыптасады. Тағы бір мәселе, елімізде ақпарат құралдарына қатысты рейтинг қалай жасақталады? Менің соған әлі күнге дейін көзім жетпей отыр. Теледидарда тым жақсы бағдарлама жүріп жатады да, бір күні бір продюссер келеді де, әлгі хабардың рейтингі төмен екен деп, жаңағы бағдарламаны жабады. Рейтингтің объективті жасалатынына сенбеймін», - деп өз пікірін Жанарбек Әшімжан білдірді.

Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, БАҚ - биліктің табиғи оппоненті бола білуі керек деп есептейді. Сондай - ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жіті назар аудар керектігін атады.

«Ауыр жағдайда біздің елді қорғайтын - қазақ басылымдары. Қазір Ресейдің интернеті ең қауіпті болып отыр. Біздің балалар кітап оқымайды, теледидар көрмейді, қолдарында - айфон, көретіндері - ресейдің дүниесі. Бұл да ойланатын дүние», - деді ол.

Медиаконгрессте халықаралық жағдайлар туралы, мәселен Палестинадағы жағдай туралы ақпаратты таратуда қазақ тілді БАҚ-тың өзіндік көзқарасы жоқтығы айтылды.

«Бізде шайнамай жұту тенденциясы бар. Көбіне ақпарды Мәскеудің көзқарасымен, евроцентристік көзқараспен беріп жатырмыз. Мұндай нәрселерде Қазақстанның өзіндік көзқарасы болуы керек. Қазақстанда жарнамалық нарықта жарнаманың 97 пайызы орыс тілінде, 3 пайызы ғана қазақ тілінде берілетінін ескерсек, қазақтілді БАҚ-тың шынында да жай - күйі алаңдатарлық.

Журналистер «Қазақстанда жарнамалық нарықты тәртіпке келтіру керек. Мемлекеттік тілге қатысты заңға ұқсас, 50 де 50 сияқты заң жүзінде «Жарнама туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, ақпараттық кеңістігімізді қорғауымыз керек. Сол арқылы қазақтілді басылымдардың қаржылық жағдайына қолдау көрсете аламыз» деген ұсынысын айтты. Конгрессте маман тапшылығы да сөз болды. Журналистика факультеттерінен шығып жатқан мамандардың сапасы сынға ұшырап, осы саладағы мамандарды дайындауда жаңа бетбұрыс керектігі айтылды.

Медиаконгресс Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстанның Интернет ассоциациясының ұйымдастыруымен, ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар Орталығының және Маңғыстау облыстық әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Алтынгүл Меңдіхан, Матрица.kz, Маңғыстау облысы


Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Ақтау қаласында аймақтық медиаынтымақтастық тақырыбында  медиаконгресс өтті
Просмотров материала: 2 058

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 258 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 090 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 731 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 755 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 063 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930