24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Тығырықтан жол тапқан» фильмін көргеннен кейінгі жұртшылық ойлары

«Тығырықтан жол тапқан» фильмін көргеннен кейінгі жұртшылық ойлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің алғашқы көрсетiлiмiн тамашалаған белгілі өнер иелері мен мәдениет қайраткерлері жаңа туындының қыр-сыры жайында өзара ой бөлісуде. Төменде біз Қазақ ұлттық өнер университеті Кино және теледидар кафедрасының меңгерушісі, республика Кинематографистер одағының мүшесі, қоюшы-оператор Талғат ТАЙШАНОВПЕН болған әңгімені ұсынып отырмыз.

Егемен Қазақстан

– Талғат Тұрғанбайұлы, Мәде­ниет және спорт министрлiгiнiң тап­­сырысымен Шәкен Айманов атын­дағы «Қазақфильм» киностудиясы түсiрген «Тығырықтан жол тапқан» фильмiн өзіңіз қандай әсермен көріп шыққаныңызды баяндап берсеңіз.

– Несімен ұнады, қай жағына көбірек мән бердіңіз, көкейге қонатын шұғылалы, шуақты жағы мол ма деп отырған болсаңыз, ағымнан жарылып көп әңгіме айтуыма тура келеді. Мұны көпшілік көрермен «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртiншi бөлiмi ретінде қабылдады. Ел Президенті туралы, тұлға жайында мұндай кейінгі жастарға өнегелік ғибраты көл-көсір туындылар мейлінше жиі түсірілген сайын мұнымен бірге халқымыздың бастан кешкен тарихи кезеңдері көркем шежіре тіліне көбірек көшіріліп, әрі ұшан-теңіз қазына қадау-қадау дүниелермен қомақтана түсері, рухани қор арта берері белгілі.

Алдыңғы жылы Елбасының сәби шағы мен алғашқы аққанат арманы ағынан жарыла баяндалған «Балалық шағымның аспаны», былтыр «Отты өзен» мен «Темір тау» фильмдерінің тұсаукесерін тамашалаған болатынбыз. Биыл да дәл сондай керемет сәтті қайталап бастан кешкеніме қуаныштымын. Бір топ студенттерімді бастап алып кірдім. Маған фильмнің көркемдік деңгейі, сапалық және кәсіби тұрғыда киноның қазіргі талаптарына толығымен жауап бере алатын заманауи қыры өте ұнады.

Мен өзім осы фильм бойынша жұмыс істеген шығармашылық топтың өкілдерін өте жақсы білемін, бір-бірімізбен араласып-құраласып жүрген жақын әріптестерміз. Режиссер Рүстем Әбдірашевті, қоюшы-суретші Сәбит Құрманбековті, қоюшы-операторлар Сапар Қойшыманов пен Александр Плотниковты осы саланың нағыз майталмандары ретінде бұрыннан қатты сыйлаймын әрі көп жерде жолымыз бір арнада тоғысып қала беретін жандармыз. Әп дегенде, олар үшін іштей қобалжығаным рас. Көрермен қалай қабылдайды, қалай шығады деген әлгі жанымды мазалаған сұрақтар фильмнің жарқ етіп алғашқы сюжеттері экраннан жылжи бастаған кезде, біртіндеп азая берді.

– Фильм оқиғасы қай кезеңдерді қамтиды?

– Кинолентада Қазақстан Прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-жыл­дардағы еңбек жолы, саясат тұ­ғырына жаңадан ғана қадам басқан сәттерi бедерленеді. Мен, мысалы, 1963 жыл­дың түлегімін. Сондықтан, өзім туған кезеңнің шындығы мен суретін боямасыз қалпында көруге асыққаным рас. Нұрсұлтан Әбішұлының Теміртау комбинатының парторгы болып сай­ланған кезінен бастап оқиға адамды ары қарай қызықтыра тартып әкетеді.

Осы тұстағы келешек ел басшысының мінезіндегі ерекшеліктер көзге ерекше оттай басылады. Атақты «Правда» газетіне елдегі күрделі жағдайды қысылмай-қымтырылмай ақ қағаздың бетіне көсіле толғап отырған сәті қандай жігерлі, қайратты десеңші! Туған елге деген перзенттік сүйіспеншіліктің құ­ді­ретін оның осы бір әрекетінің өзінен анық байқай аласыз.

«Мұндай мазмұндағы дүниені сен қайда жазып отырғаныңды білесің бе әуелі. Ертең бұл үшін қатты опық жеп қаламын деп ойламайсың ба? Бұдан басыңа үлкен қауіп-қатер төнуі мүмкін, қой мұныңды» деп алған бетінен көңілін басқа жаққа аудармақ болған достарының ақыл-кеңесіне құлақ аспай, ішкі түйсікке құлақ түрген оның қарапайым еңбек адамдарының, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына, мұң-мұқтажына алаңдаған бастамасы аяқсыз қалып қоймады. Орталық комитеттен тексеріп бір топ адам келеді.

Мән-жаймен жан-жақты танысқан олар жазылып көрсетілгеннің бәрі шындық екеніне көз жеткізіп қайтады. Мұнан кейін кейіпкеріміз Орталық комитет хатшысының қабылдауында болады. Мәскеудің өктем үнінен халқы үшін қабырғасын сөгуге даяр азамат қаймыққан жоқ. Ақыр аяғында ол өзі көтерген мәселені шешуге атсалысып, Теміртаудың бойы­на қан жүгіртуге жанталасып бағады. Іле-шала өңірде мәдениет ошақтары, балабақша, басқа да сандаған нысандар бой түзейді.

– «Балалық шағымның аспаны», «Темір тау», «Отты өзен» филь­мдерін тамашалаған жұртшылық Елба­сының балалық шақтан жастық, азаматтық кезеңге ұласқан жылда­рына көз жүгіртсе, ал киноэпо­пея­ның бұл тарауы арқылы көрер­мен Мемлекет басшысының қайрат­керлік қасиетіне көбірек қанығатын сияқты. Осы тұрғыда не айтасыз?

– Қашанда халқының қамын жеп жүретін Нұрсұлтан ағамыздың қайраткерлігі Теміртауда жұмыс істеген сол жылдардың өзінде қалай қалыптасқанын көргенімде өзім үлкен бір тәлім-тәрбие мектебіне тап келгендей күйге түстім. Өмір-дария – әркімге әрқалай түйілетін сабақ, жалпы ол адам баласының бәріне бірдей сыр ұқтыратын ұлағатты ұстаз іспетті тағдырдың сан иірім соқпағына бастайтын жол.

Осы соқпақтан күрескерлік жігер-күші жеткілікті жандар ғана адаспай, аман-есен қиындықты артқа тастап шығады деген сөздің жаны бар деп есептеймін. Иә, әлгі дарияны әркім де кешіп өтетін шығар-ау, ал бірақ жалпыдан жалқыға көшіп, осылардың ішінен ел дегенде жүрегі ерекше езіліп тұратын, өнеге-өрімі өзгелеу жаратылған жандар туралы не айтамыз? Жалпы, фильмде осы жағынан ой салатын, толғантатын тұстар жеткілікті.

– Мұндағы қай рөлге көбірек бүйрегіңіз бұрылды?

– Біріншіден, Нұрсұлтан ағамыздың рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлім­жанды құттықтағым келеді. Ол өзіне жүктелген міндетті өте жоғары деңгейде орындап шыққан. Екіншіден, түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеген әз ананың алдында барлық адам әлсіз. Маған Нұрсұлтан Әбішұлының анасы – Әлжанды сомдаған, кеңес дәуірінен бас­тап бәрімізге етене таныс, белгілі актриса Наталья Арынбасарованың шеберлігі ұнады.

Осы бейне өте көркем, шынайы ойналуымен көпшіліктің көңілінен шыққанына күмән келтірмеймін. Ол ауылдағы ақ жаулықты анасын сағынған барша қазақ жастарының жүрегіне бөлек сезім ұялатады. Қалада жүрген ұлына өз қолымен көйлек тігіп отырған ананың ақ айдын махаббаты, мейірімі осы бір ғана істің үстінде барынша ашыла түседі. Жаңа заманның өзгеше лебіне ілесе сөйлеген қарындасының лебізі бөлек. Ол үшін қаладағылар бұлай киінбейді. Бірақ перзенті дегенде ерекше елжіреп тұрар ана сүйіспеншілігімен тігілген көйлекке дүниеде ешбір байлықтың тең келмесін фильм авторлары өте нанымды жеткізе білген.

Осы тұста біздің де ішіміз әлдебір ыстық оттың алауына шарпылғандай алай-дүлей күйге бөлендік. Сағыныш атты самалға бетімізді тостық. Фильмдегі ана бейнесі маған бауыр еті баласы үшін отқа да күйіп, суға да түсуге дайын барша аналардың жиынтық образы секілді әсер қалдырды.

– Бұл фильм өнегелік қырынан басқа тағы қандай ерекшеліктерімен есте қалады деп ойлайсыз?

– Өзім кез келген экрандық туындыда табиғат көріністеріне айрықша мән беріп отырамын. Міне, мына фильм сол талаптың биігінен көрінген. Қазақстанның тамаша табиғаты жаныңызды көркемдік көліне бастап барады. Сұлулыққа көз суарудың өзі керемет әсер. Теміртау келбеті әсемделіп, асқақ ажарға ие бола бас­тайды. Көркем туындыда детальдің үлкен рөл атқаратынын жақсы білеміз. Осы жағынан бағамдайтын болсақ, авторлардың сол кезеңді әбден зерттеп, зерделегені көрініп тұр. Мәшинелер, сол уақыттағы тұтынылған заттар, киімдер, бәрі-бәрі мінсіз – білетін, түсінетін шын маманның қолынан шыққанын жазбай танытады.

Осыдан қаншама жылдар бұрынғы кезеңге өзіңіз тап келгендей немесе арасында әлі күнге өмір сүріп жатқандай жақын қабылдайсыз. Бұл бірінші кезекте, режиссердің, осыған араласқан азаматтардың барлығының ортақ табысы деп ойлаймын. Рөлдерге актерлердің өте сай іріктелгені жетістікке жетелеген десек, тағы бір жағы – мұндағы сюжеттер қазақтың қасиетті күйлерімен іштей жымдасып, қабысып, ойды дұрыс тиянақтауға септігін тигізіп тұр.

– Қоюшы-оператор ретінде өз әріптестеріңіздің жұмысын қалай бағалар едіңіз?

– Операторларға фильмнің ең ауыр жүгі артылғанын байқадым. Болмаса, өзіңіз ойлап қараңызшы, жұмыс істеп тұрған зауыттың ішінде көркем суретті фильмнің сюжеттерін түсіру оңай ма? Кез келген зауыттың, өндіріс ошағының ішінде жұмыс істеу қиынның-қиыны. Ол үшін мұндай талапқа үлкен тәжірибеден өткен адамдар ғана төтеп бере алады. «Тығырықтан жол тапқан» фильмі ендеше тәжірибелі шеберлердің қолынан шыққан деп нық сенім білдіре түйіндеуіме болады.
Просмотров материала: 2 387

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 445 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 277 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 917 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 941 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 250 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 921 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 064 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 444 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930