6 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?

11 ноябрь 2014, 19:34
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді? Әлемде «Исламофобия» ұғымына әртүрлі анықтама беріледі. Википедия сөздігінде: «Исламофобия – ислам дініне қарсы реакциялардың жиынтық түсінігі және сонымен байланысты қоғамдық құбылыстар» делінген. Ал, британдық профессор Гордон Коннуэй: «Исламофобия БАҚ арқылы қоғамның барлық саласына таралатын Ислам мен мұсылмандардан үрей мен жеккөрушілік» деген анықтама берді. Іс жүзіне келсек, Исламофобия 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы терракттан кейін мүлде ушығып, әлемдік қоғамда қорқыныш тудыратын терминге айналды.

Зерттеушілер исламофобияның себебін әлемдегі мұсылмандар санының күрт өсуімен байланыстырады. Батыс елдері осы үрдістен үрейленіп отыр. Мәселен, Еуропадағы мұсылмандар саны соңғы жылдары едәуір өскен. Айталық, Испанияда 500 мың, Швецияда 120 мың мұсылман бар, Оңтүстік Кореяда 200 мыңнан астам. Германияда әрбір екі сағат сайын бір адам Ислам дінін қабылдайды. 20 жылдан кейін Еуропада 104 миллион мұсылман болуы мүмкін. Сондықтан, Батыс мұсылмандарды көбейтпеудің алдын-алу шарасы ретінде исламофобияны қалыптастыруда. Және бұл мақсатын жүзеге асыруда ақпарат құралдары шебер пайдаланып келеді.

Мүмкін, Исламофобия табиғи ресурстарға бай мұсылман елдерін «құбыжық» етіп көрсетіп, әлемді өшіктірудің амалы шығар. Әлде, АҚШ халқын топтастыратын «мүдде», яғни идеология құралы болуы да мүмкін. Өйткені тегі, нәсілі әр түрлі болып қалыптасқан Америка халқын консолидациялау үшін осындай идеялардың керектігі анық.
Әлемде Ислам әлеміне қарсы түрлі әрекеттер, ақпараттық «қарулар» қолданылып жатыр. Оның бір жарқын дәлелі – дүниені дүр сілкіндірген Бен Ладен секілді қолдан жасалған «образдар», Құранды өртеу, антиисламифильмдер, ақпараттық бұрмалаулар, Қиыр Шығыстағы бітпейтін лаң, «Араб көктемі», т.б. Бірақ, осындай «өзгенің қолымен от көсейтін» «сыртқы күштердің» әсерінен Ислам халықтары қалай қорғана алады? Исламофобия неліктен туындады және кімге тиімді?

Қазақстан жағдайына бұрсақ, қазаққа исламофобияның қаншалықты қатысы бар? Осы және өзге де мәселелерді сарапшылардан сұрап көрдік.

Жақыпбек Алтаев, философ, әл-Фараби орталығының директоры: АҚШ-та ислам діні туралы теріс ақпарат таралуда
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?
ХХІ ғасыр жаһандану дәуірі тұсында Ислам діні мен құндылықтары трансформациялық кезеңін бастан кешіріп отыр. Исламға деген тұрпайы көзқарас, яғни, Исламофобия деген көзқарас әлемдік деңгейде белең алды. Жалпы алғанда, «фобия» деген сөз қандай да бір құбылысқа үрей мен қорқыныш дегенді білдіреді. Ал, «Исламофобия» деген түсінік Ислам діні мен мұсылмандарға теріс көзқарастан, қорқыныштан туған ұғым. Белгілі еуропалық шығыстанушы ғалым Этьен Дине 1922 жылы жазған «Исламофобия» ұғымын алғаш айналымға енгізді.

ХХІ ғасыр мұсылман, ислам әлемінің ғасыры деп айтсақ қате емес. Себебі, шынында, демографиялық, табиғи ресурс, білім мен өркениет жағынан Ислам әлемі бай және дамып та келе жатыр. Онда дін мен философияның, рухани құндылықтың рөлі мықты. Осы артықшылықтар Батысты қатты үрейлендіруі де мүмкін.

2012 жылы АҚШ-тағы Огайо университетінде магистранттар мен докторанттарға «Ортағасырлық Ислам философиясы» деген тақырыпта дәріс оқыдым. Тыңдаушылар бұл курсты Ислам мәдениеті мен философиясына, ғы­лымына қызығып, арнайы таңдаған екен. Дәріс барысында байқағаным, расында, 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін әлемде исламға деген теріс түсінік қалыптасып қалған. Ислам дініне қатысты және оның Қазақстанда таралуы туралы да көп сұрақтар қойылды. Бұдан байқалғаны, америкалықтарға Ислам туралы бұрмаланған ақпараттар таралған. Мұны америкалық дәріс тыңдаушылар да мойындады.

Әбдірашит Бәкірұлы, философ: «Исламофобия» туралы арнайы зерттеу жүргізу керек
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?

– «Исламофобия» пайда болуы себептерін анықтау үшін өте күрделі зерттеулер жүргізу қажет. «Исламофобияны» өркениеттер қақтығысының ушыққан көрінісі деп санау қажет. Мұнда «Исламофобияны» өршітуге мүдделі сыртқы күштерді анықтаумен бірге, қазіргі ислам әлемінің ішкі жағдайына да сыни көзбен қарамаса болмайды. Әсіресе, өздерін «мұсылман елдеріне» жатқызатын халықтар мен Ислам мәдениеті өкілдері мұны ашық түрде талқылап, жариялап отырулары тиіс. Бәленің бәрін сырттан іздеу – «Ислам әлемінің дағдарысы» мен оның қайшылықты ішкі жағдайын өздігінен шешіп бере алмайды. Мысалы, Ислам әлемі өздерін «мұсылмандық арқылы біріккен біртұтас әлем» деп санайды. Бірақ, шын мәнісінде, мұсылмандар «біртұтас әлем» емес. Олар жыл сайын қажылыққа бару арқылы бір рет бастарын қосып, тұтастығын осы әрекетпен танытып отырса да, одан өзге уақытта олар өз бетімен өмір сүруде.

Қазіргі Ислам өзінің ымыраға келе алмай отырған ішкі тармақтарын айтпағанда (сүннит пен шиит), «мұсылмандық «дегеніміз қазіргі за­манда «араб», «түркілік», «үнділік» әлем­дердің, одан қалса − Африка зеңгілері мен еуропалықтар әлемінің тұтастығы екенін, соған байланысты ондағы елдер мен географиялық кеңістікте тек соларға ғана тән «дәстүрлі Ислам» қалыптасып үлгергенін және де, бұл «дәстүрлі Ислам» − Исламның негізгі канонына қайшы еместігін жария етуден тартынып отыр. Содан келіп, дәстүрлі Ислам елдеріне өзге діндер келіп, «Исламофобия» дәнін мұсылман қауымның өз ортасына егуге жол ашты.

Ендеше, жағдай осылай болғасын, ислам әлемі «Исламофобияны зерттеуді» емес, «оны болдырмау жолын» көбірек іздестіруі қажет сияқты. Әсіресе, бұл қазіргі адамзаттың рухани дағдарысты кезеңі басталғанда – тез қолға алынуы тиіс шара! Менің ойымша, бұл миссияны қазір «Араб әлемі» атқара алмайтын сияқты. Олар өздерінің гегомонды жағдайын сақтап қалу үшін, Ислам атынан жасалып жатқан террорлық әрекеттерді ашық айыптаудан тысқары қалып отыр.

Әзімбай Ғали, Абай атындағы ҚазМҰУ оқытушысы: Арабтардың ұлттық мәселелері шынымен қорқыныш туындатады
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?
Қарап отырсақ, араб елдерінің арасында үш-төрт мемлекет болмаса, басқа арабтардың жағдайы мүшкіл. Оның басты себептері: авторитаризм, бюрократиялық жүйе, әскери жүйе арқылы басқару, «брайберри систем», олардың демографиялық өсуі жақсы болғанымен, ондай халықты әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету өте қиын. Сонымен, арабтардың экономикалық, саяси дағдарыстары, шейіт-сунид деп бөлінуі, бір-біріне қарсы қарым-қатынас, өктемдік, Араб тілін сыйламау секілді өзіндік өткір мәселелері бар. Арабтардың іштен ыдырауы, фундаментализмі Исламофобияны ушықтырып отыр. Екінші бір мәселе, еліміздегі универсалдық Исламның күшеюі.

Мәселен, қазір қазақтар қайтыс болған кісіні ағайын-туғанын күттіріп емес, жедел, ізін суытпай жерлеу, жылқы етіне теріс көзқарастың болуы т.б. мәселелер.Исламофобия қандайда бір деңгейде біз­дің елде де бар: қазір мектептерде араб тілі оқытылмайды, басқа ислам әлемімен өте сақтықпен қарайтынымыз рас. Ал, мұның алдын алу үшін дәстүрлі исламды сақтауымыз керек. Ол үшін бізге, Қазаққа, дәстүрлі Исламның фундаменталды негіздерін жасайтын ислами ғалымдар керек. Оны философтар мен діндарлар Исламның негізгі қағидаттарын ұлттық руханиятпен ұштастыра отырып, жазу қажет.

Исламофобия себептерінің бірі, араб қоғамдары жабық қоғамдарға айналып бара жатыр. Ешқандай инновацияны керек етпейді, мұсылман әлемінде ортақ тілі Араб тілі емес, Ағылшын тілі болып отыр. Екі мұсылман өзара ағылшынша сөйлеседі. Кейбір Араб елдерінде импульс жоқ, бірі-бірін жек көреді, қабылдамайды. Бірлік-береке, прогресс жоқ. Прогресс жоқ жабық қоғам кімге ұнайды?

Дос Көшім, қоғам қайраткері: Исламофобия ‒ құндылықтар жарысының көрінісі
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?

– «Исламофобия» екі мәселеден шығады. Біріншіден, құндылықтар жарысы. Әрбір ұлттың, діннің өз құндылықтары бар. Ислам құндылықтары мен христиандық құндылықтарына бір-біріне қарама-қайшы болуы мүмкін. Исламофобияның негізінде сол жатыр. Екіншіден, осындай қайшылықты фобияға айналдырып, әлемге тарату – ірі мемлекеттердің саясаты. Батыс елдерінің қорқынышының себебі, біріншіден, мұсылман әлеміне қосылатын христиандардың көбеюі. Мәселен, ХХ ғасыр басында әлемде 2% мұсылман болса, бір ғасырдан кейін 20% асып кетті. Үлкен көрсеткіш. Батыс осы үрдістен қорқуда. Бұрынғыдай соғыс, басқыншылық емес, мұсылмандар қатарының артуы қорқынышқа айнала бастады. Өздері азайып бара жатқан Еуропа елдеріндегі мұсылмандардың көбеюі үлкен проблема туындатып отыр.

Сондықтан, Исламға қарсы идеологиялық қарсылық жүріп жатыр. Мұсылман әлемін құбыжық етіп көрсету өте жоғары дәрежеде, жоспарлы түрде жүргізіле бастады. Бұл тек Американың ғана емес, бүкіл христиан әлемінің идеологиясы. Мұндай жағдай мемлекеттік деңгейде болмаса да, қоғамдық деңгейде өте көп жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, мұсылмандарды қорқынышты етіп көрсету идеологиясы қоғамның санасына сіңірілуде. Ірі мемлекеттер Ислам әлеміне қатысты арнайы «саяси ойын» ұйымдастырып, бұны «Исламофобия» деп атады. Исламофобия – құндылықтар жарысы және әлемдегі қарапайым адамдар арасынан сол құндылықтардың қол­дау табуынан қорқыныш деп ойлаймын.

Әсел Байелі, PhD доктор: Исламофобияға мұсылмандардың өздері де себепші
Әлемдегі Исламофобия кімге тиімді?
– Исламофобияның Еуропада өзім көзіммен көріп, ойыма түйген көріністері жайлы ғана айтып өтейін. Мен Еуропада, нақтырақ айтқанда Польшада төрт жыл тұрып, білім алдым. Содан түйгенім, Исламофобияның бар екенін анық көруге болады. Еуропаға дамыған мәдениет пен ғылым түрлерінің біразы араб елдерінің жаугершілігінің нәтижесінде, Ислам діні негізінде жетті. Бірақ, бұл жайлы халыққа таратып, насихаттап жатқан ешқандай ақпарат жоқ. Ал, батыстық телеарналар арқылы мұсылмандардың бәрі террористер мен экстремистер деген ақпарат, әйелді тұмшалау, тіпті, әлеуметтк желіде отырғаны немесе т.б. түкке тұрғысыз әрекеттер үшін ислам сені аямайды деген идеология қарқынды жүріп жатыр. Яғни, ақпараттық кеңістіктің алашапқын ақпараттары – Исламофобия тудырудың бірінші жолы.

Көптеген Еуропа тұрғындары үшін Исламмен Араб ұлты деген атаулар бір ұғым. Еуропадағы университеттерге жылына лек-легімен араб елдерінен көптеген жастар келіп оқиды. Өкініштісі, көп жағдайда олар ешкімді менсінбейді, қоғамдық көліктерде және басқа да жерлерде әйел адамдарға орын бермейді, әйел оқытушыларды тыңдамайды. Арабтардың мұндай теріс қылықтары арқылы мұсылмандар туралы теріс стереотип қалыптасады. Яғни, ол елдерде орын алған жаман жайттардың бәрі тек Ислам дінінің нәтижесі деп қабылданады.
Күнделікті тұрмыста адамдар ортасында Исламофобия осындай жағдайлардан да келіп туындап отыр. Ислам дінінің керемет философиясы мен мәдениетін дәл қазір жаңа уақытқа жеткізіп, көрсете алмай отырмыз. Тағы бір көріністі көзім шалды. Ол – араб азаматтарының өз тілдерінен, діндерінен қашуы, құрметпен қарамауы. Менің Марокколық екі құрбым болды.

Екеуі де Францияда тұрады және отбасыларында тек французша немесе ағылшынша сөйлеседі. Мұсылманмын деп айтқанымен, Исламның құндылықтары, ғұрпын ұстанбайды. Ал, көптеген түрік сту­денттерін мұсылман деп атауға аузың бармайды. Түнгі клуб пен көңіл көте­ретін орындарда жүретін тек солар. Бұл біздің қазақтың студенттеріне де аздап қатысы бар.

Исламофобияның екінші себебі – мигранттар және олардың әлеуметтік жағдайлары мен әрекеттерінен туындайтын стереотиптер. Еуропада арзан тамақ – халал тамақты мұсылмандар сатады, көбінесе қайыр тілеп отыратындар да мұсылман бауырларымыз. Бәріне материалдық тұрғыдан баға беретін еуропалықтар көбінесе осындай көріністен кейін мұсылмандарға менсінбей, аянышпен қарайды. Менің ойымша, көптеген мұсылман елдерінің экономикалық әлеуметтік жағдайларының төмендігі де Исламофобияның туындауына бір себеп болып отыр. Еуропадағы «терроризм әлемді құртады» деп үрейленіп жүре­тіндерден «Ислам туралы кітап оқыдың ба?» деп сұрасаң, тосылып қалады. Өйткені, ақпарат оларға өңі өзгертіліп жеткізіледі.

Әзірлеген Жания Әбдібек, Мatritca.kz
Просмотров материала: 4 294

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 748 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 560 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 529 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 468 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 461 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 315 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 344 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 837 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 986 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 634 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 358 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 513 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 340 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 093 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 489 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 181 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 155 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 241 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 847 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 987 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 437 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031