14 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!

05 ноябрь 2014, 17:23
Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?! Соңғы бір-екі жыл көлемінде елімізде саяси партиялар сайлауының өтетіні туралы түрлі болжамдар айтылып жүр. Сәйкесінше, биылғы күзде сайлау өтуі мүмкін делінген-ді. Алайда, бұдан өзге сыбыр еткен жаңалық болмады. Десе де, қоғамда бұл мәселеге қатысты: «Сайлау бола қалса, биліктегі «Нұр Отан» партиясынан басқа, парламент төрінен орын алуға қай партиялардың мүмкіндігі жоғары?» деген орынды сұрақ туындауда.

Дәл осы мәселеге қатысты Матрица.kz сайты оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп көрді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жауап берушілердің партияларға көзқарасы әрқилы. Мәселен, «Ауыл»(2%), «Бірлік»(1%), «Патриоттар» партиясы(2%) шамалас дауыс жинап, қоғамдағы беделінің қай деңгейде екенін аңғартты. Ал, Парламентке өту «бақыты» «Ақжол» (10%), «Қазақстан коммунистік халық партиясы – (30%) , Қоғамдық социал-демократиялық "Азат" (13,71%) секілді партияларға бұйыруы мүмкін. Саяси жүйедегі орны мығым, билік жүргізіп отырған «Нұр-Отан» Республикалық саяси партиясы 13,4% дауыс жинады. Әрине, бұл алдын ала жүргізілген сауалнама ғана болатын. Шын сайлауда көрсеткіштер басқа болуы бек мүмкін.

Ең қызығы, респонденттердің 28% «бәрібір» деп жауап берген. Бұл көрсеткіш жауап берушінің 1/3 -і саяси жүйеге, оның бүгіні мен ертеңіне немқұрайлы қарайтын байқатса керек.

Жалпы, оқырман көзқарасы осылай болды. Енді, зиялы қауым өкілдері ‒ саясаттанушылардан еліміздегі партиялық жүйенің бүгінгі хал-ахуалы мен ертеңі туралы сұрап көрдік...

Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!Әміржан Қосанов, саясаткер, ЖСДП «Азат» партиясының бұрынғы бас хатшысы:

Таяу арада сайлау жарияланып қалуы мүмкін

Партиялық жүйе дамуының құқықтық кепілі мен себебі бар. Ол мынада: бізде парламент 100 пайыз партиялық негізде құралады, яғни парламентке мүше болғың келсе, партия мүшесі болуың керек немесе оның сайлау тізіміне енуің қажет. Бірақ бізде тағы бір ерекшелік бар. Біздегі партиялық жүйенің дамуы биліктің толық бақылауымен жүзеге асырылуда. Және де бақылаусыз біреу партия құрып қоймасын деп, заңнамада көптеген кедергі қарастырылып қойған. Тіпті, биліксіз партия құрсаң да, оны әртүрлі желеумен тіркемей-ақ қояды. Мәселен, «Алға» партиясын алты жыл бойына тіркемей қойды емес пе?

Қазіргі партиялық әлем картинасы бізде төмендегідей. Билік партиясы – «Нұр Отан». Ол туралы не айтайын, бәрі көз алдымызда ғой. «Нұр Отанның» саяси сателиттері тағы бар. Олар: «Ақжол», КНПК, «Бірлік» және басқалар. Мен оларды «квазиоппозиция» деп атаймын, өйткені олар өзін «демократиялық» деп атағанымен, іс жүзінде олар «Нұр Отанға» қарсы пікір айта алмайды. Сондықтан халық та ол партияларға сенбейді. Билікке олар тек жалған демократиялық ахуал қалыптастыру үшін керек.

Оппозициялық партияларға келсек, ең алғашында бұл алаңда біраз партия болды. ЖСДП мен «Азат» партиялары ортақ ұйымда бас қосқанда, «оппозиция бірікті» деп ел біршама қуанып еді. Өкінішке орай, Ж.Тұяқбай бастаған жікшіл топ ол бірегей партияның быт-шытын шығарды, «көрпені» өзіне тартып, ЖСДП-ның жеке отауына көпшілікпен келіспей, қайта кіріп кетті. Сөйтіп, ол кісілер жалпыдемократиялық процеске орасан кесір жасады, оппозицияның бірлігін тәрк етті. Қазір жеке ЖСДП-ны толыққанды оппозиция деуге де ауыз бармайды.

Өйткені, елде талай оқиғалар болып жатыр, ал ол адамдар жұмған аузын аша алмай отыр, нағыз партиялық, оппозициялық жанды тірлік жасай алмай отыр. «Азат» партиясының да жағдайы дүдәмал. Саясаттан кеттім деген кезде Болат Әбілев сол партияға обал жасады деп ойлаймын. Сол сәтте ол өзі басқарып отырған партияның тағдырын анықтап, өзі саясаттан кетсе, басқа әріптестеріне тапсырып кетуі керек еді. Өкінішке орай, олай жасамады.

КПК бар, бірақ оны Әділет министрлігі тағы да қатты тексерудің астына алып жатыр. Мақсаттары тіркелген оппозициялық партияны жабу болса керек. Бұл дегеніңіз таяу арада сайлау жарияланып қалуы мүмкін деген сөз...

Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!Мұсатаев Сейілбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, саясаттану кафедрасының профессоры:

Оппозициялық партияларға бірлік керек

Қазақстанда заң жүзінде көппартиялық жүйе қалыптасып, саяси жүйе ауқымында қызмет етуде. 2007 жылғы конституциялық реформа да бұған айтарлықтай ықпал етті. Бәрімізге белгілі, қазір Парламент Мәжілісінде үш партиядан өкілдер сайланып, депутаттық мандатқа ие болып отыр. Олардың үлес салмағы туралы айтсақ, «Нұр Отан» партиясынан - 83 депутат (80,99%), «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат (7,47%), Қазақстан коммунистік халық партиясынан 7 депутат (7,19%) жұмыс істейді. Ал басқа партиялар болса, сайлаушылардың сенімінен шықпай, 7% ең төменгі барьерден аса алмай қалды.

Осыдан-ақ, өзіңіз ойланып, қорытынды жасай беріңіз. «Нұр Отан» партиясынан өзге қазақстандық партияларға әлі де көп жұмыс істеу қажет. Халықтың сеніміне ие, беделі мен саяси салмағы бар, толыққанды, нағыз саяси партия болу оңай шаруа емес: күшті саяси ерік-жігер, қажырлы қайраткерлік, тынымсыз еңбектену керек, ел үшін еңіреп, ұлт мүддесін қорғап, мемлекеттің жоғын жоқтап, халықтың қамын жеп, Отанымыздың мұң-мұқтажы үшін күресуі қажет.

Біздің партиялардың басты кемшілігі – қызметтері науқаншылдық сипатта. Яғни, негізінен сайлау науқандарында ғана іс-қимыл жасайды. Басқа кезде қимылдары енжар, саясатқа селқос қарап, қызу қатыспайды. Кейбір партиялардың бар екенін халық білмейді де, кейбірінің лидерлерін қазақстандықтар танымайды. Аттарын атамай-ақ қояйын, бірақ, бізде атына заты сай емес кейбір партиялар баршылық. Халық тұрақты жұмыс істейтін, өздерінің мақсат-мүдделерін нақты қорғайтын саяси партияны қажетсінеді. Әзірге мұндай қажеттілікке жауап беріп отырған - «Нұр Отан» партиясы ғана. Мен ешбір партияны жақтап, немесе, жарнамалап отырған жоқпын, бұл қоғамдағы орын алып отырған шындық, қалыптасқан қоғамдық пікір.

Ал оппозициялық лагерьдегі партияларға бірлік керек. Олар билікке қарсы салмақ танытатын саяси күшке айналу үшін бастарын біріктіріп, бір орталыққа шоғырланып, жаңа бағдарлама жасап, идеологиялық тұғырнама әзірлеп, харизмасы бар жаңа лидер, жаңа символдармен электоратты баурай білуі тиіс. Біздегі оппозициялық күштерде ауызбіршілік жоқ, сондықтан да олар жақын болашақта билік партиясымен бәсекелестікке түсе алмайды.

Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Саяси партиялар саясатты жасауға араласа алмайды

Менің ойымша, бүгінгі таңда бізде продуктивті авторитарлық жүйе қалыптасып отыр. Сондықтан, Қазақстандағы саяси партиялардың тек көмекші ғана рөлі бар. Олар саясатты жасауға араласа алмайды, тек көмектеседі. Ол тек қазіргі элитаның құралы ретінде ғана жұмыс істеуде. Егер сайлау болатын болса, сөзсіз «НұрОтан» жеңеді. Себебі, ресурстары өте мықты. Әкімшілік, финанстық, саяси-технологиялық ресурстары мүдделестері және капиталы бар. Ал, басқа партиялардың қаншалықты мобилизациялық мүмкіндіктері бар екенін айту қиын. Олигархтар қысқа мерзімге кез-келген партияны қолдауы мүмкін. Сонда ғана қалған партиялардың әкімшілік, финанстық мүмкіндіктері пайда болады.

Соңғы кездері көп айтылып жүрген Коммунистік партия моральдық тұрғыда ескірген. Оны қанша жерден жаңғыртамыз десе де, ол мүмкін емес. Оның үстіне олар «ресейшіл» келеді. Сондықтан, олардың болашағы жоқ! Менің ойымша, коммунистердің орнына социал-демократтар келуі керек. Біздегі компартияның екіге бөлуін дұрыс деп есептеймін. Бірі ‒ социал-демократтар, екіншісі заңнан тыс коммунистер болуы керек. Социал-демократиялық бағытқа бұрылғаны бұрылды, бұл бағытты ұстанбағандары заңнан шығады. Өйткені, коммунистік партия ‒ тоталитарлық кезеңнің партиясы.

Досым Сатпаев, саясаттанушы:

Қазақстандағы саяси партиялардың ахуалы қандай?!Біздегі партияларды «ергежейлі» партиясы деп атар едім

Қазақстанда бірде-бір классикалық немесе электориалды партия жоқ, бәрі жасанды. Олар белгілі бір электориалды демеушілікке емес, ағымдағы саяси коньюктараға сүйеніп құрылған. Сондықтан, біздің парламентке іс жүзінде саяси құрылымы жақсы ұйымдастырылған партиялар барып жатқан жоқ.

Политология тілімен айтқанда, «ергежейлілер» (карликовые) партиялары немесе «дивандық партиялар» жұмыс істеуде. Яғни, олар бәсеке күшейген жағдайда төтеп бере алмауы мүмкін. Және олардың парламентке жіберілуін көппартиялық және плюрализм «иллюзиясы» деуге болады. Сондықтан, Қазақстандағы партияларды тек «безендіруші» партиялардың рөлінде ғана көрінеді.

Егер, Парламент партияларының сайлауы өтетін болса, сөзсіз «Нұр Отан» өтеді. Және одан басқа, екінші немесе үшінші рөлдегі партия ғана сайланатын болады. Мұндағы назар аудартатын бір жайт: Парламент сайлауы өтетін болса, қай партияның жеңіске жетуі емес басты мәселе болмауы керек.

Бастысы ‒ Қазақстан Парламентіндегі партиялық жүйені күшейту және Президенттік парламентті республика қалыптастыруға бағыттау. Сайлаудан кейін Парламентте шынайы электориалды демеушісі, идеологиялық бағдарламасы бар партия жұмыс істеуі керек. Бұл «Нұр Отанға» да қатысты. Өйткені, президент ықпалындағы партия болғанымен, билік ауыса қалған жағдайда оның да болашағы бұлыңғырлана түсуі мүмкін.

Сондықтан, пәрменді Парламенттік жүйе құрамыз десек, Парламенттік қоғамдағы рөлін күшейту үшін «партиялық ойыншыларды» толығымен жаңарту керек. Жаңа идеология, жаңа политехнологиялар жасалуы тиіс. «Зомби» партияларды нағыз саяси ойыншыларға айналдыру керек. Егер мұндай өзгеріс болмаса, Қазақстанда қанша саяси партия болмасын, қандай сайлау өтпесін, ондай партиялардың еш пайдасы болмайды. Саясат сахнасындағы «безендіргіш» құрал ғана болып қала береді.

Әзірлеген Жания Әбдібек, Матрица.kz
Просмотров материала: 5 352

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 027 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 147 835 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 147 492 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 147 516 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 147 821 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 736 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 889 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 039 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 622 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 826 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 819 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 003 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 896 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 776 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 598 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 736 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 889 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 555 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 922 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 653 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 656 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 500 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 343 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 594 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 538 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 049 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 469 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 380 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 616 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 969 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 376 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 360 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 404 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 345 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 572 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 720 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031