23 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұқсатамын Баукеңе! (Академик Ә.М.Мелдебеков туралы)

Осы блогтағы менің жарияланымдарының ішінде екі мақала оқырмандардың назарына ілігіп, қызу талқыланды. Оның біріншісі – «Научный факт должен быть конкретным и предметно доказательным, а не абстрактно догматичным». Бұл мақала бүгінгі таңда 95 мың рет оқылыпты. Мақала жылдың басында жарияланған болатын. Екіншісі – «За «чабана» стоило бы ответить» - деп аталады. Бұл мақаланы 64-65 мың адам оқып, 100-ден аса коментарий жасапты. Менің орыс тіліндегі, қазақша жазған басқа да мақалаларым бар. Бірақ, осы екі мақаланы өте көп адам оқып талқылаған. Әрине, «Неге?» - деген сұрақ туындайды. Себептерін іздеп көрейік.

Ең алдымен ойға оралатыны бұл екі мақала біздің еліміздегі ғылымның және ғылым саласындағы жеке ғалымның жайы туралы болатын. Бұдан туындайтын ой мынадай болса керек: құдайға шүкір, елдің ішінде ғылымның, ғалымның жай-күйіне мән беріп, алаңдаушылық білдіретін азаматтардың барлығы.

Екінші бір үлкен себеп – бүгінгі қазақтың ғылымына Баукеңдей (Бауыржан Момышұлындай) кісілердің көптеп қажет болып тұрғаны. Яғни, ғылымда бар келеңсіздіктер мен мәңгүрттіктің ағысына қарсы жүзетін немесе ортасында ірі арал болып сақталатын тұлғалар керек екендігі.

Менің екінші мақаламның кейіпкері ҚР ҰҒА-ның академигі, зоология институтының директоры Әлихан Мелдебеков осындай адам сияқты. Әйтпесе, оның басынан өткен бір күндік оқиғаның баяндалуы мен талдануы соншама сілкініс тудырмаса керек еді. Осы мақаладан туындайтын тағы бір – ой ешкім жауапкершілігін мойнына алмайтын, бірақ басқаны мойындатуға бағытталған «қоғамдық пікір» әр уақытта ақиқат мен шындықтың көрінісі бола бермейтіні.

Әдетте, ол «қоғамдық пікір» оны тудырған субъектінің арман-тілегі мен ұстанымының көрінісі ғана болып қалады. Сондықтан ол мақаладағы бұл оқиғаның авторы ТВ-7 телеканалы деген өз ойымнан айныған жоқпын.

Менің мақалама жазылған 100-ден аса комментарий осының айғағы. Қынжылатыным, осы «қоғамдық пікірді» бетке ұстап Ғылым комитетінің комиссиясы Зоология институтын тағы бір рет аударып -төңкергені. «Қынжылатыным» дейтінім – Ә.Мелдебеков осы биылғы жылға дейін соңғы 10 жылда директорлық қызметінен 3 рет заңсыз босатылып, 3 рет соттың шешімімен орнына қайта оралғандығы. Бірақ, Ғылым комитеті бұл жағдайды ескермей, «қоғамдық пікірді» басшылыққа алып Ә.Мелдебековке тағы да бір шүйлігіп алды.

Осыдан бір қатар қорытынды шығатындай. Тізбелеп көрейік:

1) Біздің үкіметіміздің ғылым саласына жауап беретін министрлігінде Ғалымға деген көзқарасы әлі қалыптаспаған сияқты. ҰҒА-ның академигі деген атақ ғалымның ғалымдарына ғана бұйыратын үлкен құрмет пен ізеттің көрінісі емес пе еді? Ә.Мелдебековтің басынан өтіп жатқан қым-қиғаш оқиғалар көрсеткендей, біздің еліміздегі сот жүйесі осыны түсінетіндей де, ал министрлікке бәрі-бір сияқты;

2) Өз кезегінде бұл министрліктегі кадрлық саясаттың орашолақтығы, кемтарлығы сияқты. Егер, Ә.Мелдебеков институттың директоры ретінде кемшіліктерге жол берсе, заң тәртібі бұзылса сот жүйесі оның сөзін сөйлемес еді-ғой. Олай болса, министрлік неге онымен күреседі, қайта-қайта орнынан алып ...

Иә, Ә.Мелдебековтің тік мінезі бар, үлкен - келелі жиналыстарда, ғылыми форумдарда өткір сын-пікірлер айтады, сұрақтар қояды. Бірақ сол сұрақтар мен сын-пікірлерді дәлелдеп жоққа шығарып жатқан ешкім жоқ. Айтса, сөйлесе, елдің, ғылымның, институттың мүддесін қорғап сөйлейді. «Дос жылатып айтады, дұщпан күлдіріп айтады»- демеуші ме еді халқымыз...

Жарықтық Баукең де осындай емес пе еді? Баукеңнің сөздерінен де былайғы ел үндемей «құтылатын». Ал енді үндемей «құтылу» деген не? Бұл орнында тұру, алға жылжымау деген сөз. Оның үстіне – даму туралы идеялардың , ой-пікірдің байымай, күрделенбей, керісінше жұтаңдануы мен біржақтылығы. Сонда бізге керегі осы ма еді?

Баукең туралы аңыз боп кеткен ерекше қасиеті – ол оның қаттылығы, қатаңдығы. Ол туралы көп айтылады, бірақ жарықтық Баукеңнің қатыгездігі туралы естімеппіз. Біреуге қиянат жасапты деген де сөз болған емес. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын, ұлттың, елдің мүддесіне адал сөзін аяған емес еді. Л.Гумилев айтпақшы – пассионар болатын.

Осындай пассионарлық қасиетті мен Ә.Мелдебековтің бойында бар деп санаймын. Ақиқат үшін күресу үшін, оның барлығына толық сенім керек. Ал шындықтың жолында өзінің «жан-тыныштығын» құрбан ету екінің - бірінің қолынан келе бермейтін батырлық, қайсарлық. Ә.Мелдебековтің өз сөзімен айтсақ – шындыққа тұру.

Күнделікті өмірде мәңгүрттіктің ағысына қарсы тұрып жүрген бірқатар ағайынды білемін. Соның бірі, әрі бірегейі – тарихшы ағамыз Мәмбет Қойгелдиев. Жақында соттың шешімімен өз орнына 2-і рет қайта келген Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры Кенжеғали Кенжебаев ағамызды да осындай пассионарлық қасиеті бар азаматтардың қатарынан деп есептеймін.

Суы тапшы, шөл және шөлейтті аймақтарда жұмыс жүргізетін экспедицияларда көлемі 200 литрлік ыдыс болады. Ол ыдысқа құйылған су апталап сақталады, борсымайды. Себебі ол ыдыстың ішінде бекітілген күміс пластинасы болады. Сол күміс пластина судың тазалығын, түптеп келгенде, экспедиция мүшелерін ішек-асқазанның ауруларынан сақтайды.

Ә.Мелдебеков сияқты ағаларымыз біздің ғылымның «ыдысындағы» осындай күміс пластина іспетті. Тек оларды кездейсоқ, қаңғыған оқ сияқты «қоғамдық пікірлерден» сақтау, қорғау біздің парызымыз.

Мұны біздің министрлік түсініп, әрекет етсе нұр үстіне нұр болар еді.

Н.Аралбай , биология ғылымдарының докторы, профессор
Просмотров материала: 4 061

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 455 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 976 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 549 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 598 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 918 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 721 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 839 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 084 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 342 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 484 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 028 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 171 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 126 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 350 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 179 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 852 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 568 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 120 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 158 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 521 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 910 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 857 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 921 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 879 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 101 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 246 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031