25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қазақмыс» жезді өңірден кетпейді

17 октябрь 2014, 12:27
«Қазақмыс» жезді өңірден кетпейді Жезқазған мыс балқыту зауытының қайта жөнделуге жабылуы, компанияларын қайта жасақтау, жаңа кен орындарын іздеуге ұмтылуы Қарағанды облысы халқының көңіліне томпақ келіп отыр. Көпшіліктің айтуынша, «Қазақмыс» аймақтан кетуі мүмкін. Алайда, компания басшылығы бұл жаңалықты жоққа шығарып, өңірде қалып, ары қарай дами беретінін айтты.

Қайта құру ‒ ең дұрыс шешім

«Қазақмыс» компаниялар тобының баспасөз мәслихатында айтылғандай, корпорацияны қайта құру соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді. Компания басшылығы есептері бойынша, реформалар арқылы активтер тобын жеке дамыту өнімділікті арттырып, түсімнің көбейтеді, компанияның дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Қайта ұйымдастыру әр бір кәсіпорынның жұмысын өнімді ете түседі.

Қарағанды, Жезқазған және Балқаштағы көпжылдық өндіріс алаңдарының активтері «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де қалады. Сөйтіп, «Қазақмыс» өз жұмысына жеке, қоғамдық емес компания ретінде жалғастыра беретін болады,» - делінген болатын баспасөз мәжілісінде.

Нақтырақ айтқанда, қазіргі жұмыс істеп тұрған төрт кеніш пен үш кен байыту фабрикасы ШҚО-да, үш өсімді жоба ‒ Босшакөл, Ақтоғай, Көксай, сондай-ақ, Қырғызстандағы Бозымшақ кеніші «KAZ Minerals PLC» компаниясының құзырында қала беретін болады. Бұл активтерге сәйкес, 10 000 адам жұмысқа алыну жоспарланып отыр.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамында 12 кеніш, 4 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты, 2 көмір кесетін және 3 көмекші электростанция бар. 2013 жылдың 31 желтоқсанында активтерге сәйкес 40 000 адамдық жұмыс орны бар болатын.

«Қазақмыста» қайта құру кезінде әр компанияның өзіндік ерекшеліктерін ескеретін болады, соның ішінде географиялық жағдайы, өндіру қызметі және инвестициялық қажеттіліктер есепке алынад. Ал кәсіпорындарға қойылатын басты талаптардың бірі ‒ өз бетімен шаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізе алу.

Сондай-ақ, басшылықтың айтуынша қайта құру кезінде жұмыс орындары қысқармайды. Керісінше, кәсіпкерлерге өз алдына қойған мақсаттарына сай дамуға және жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Мыс зауыты өндіріске дайындалып жатыр

«Қазақмыс» Жезқазған өңіріндегі басты кәсіпорын болғандықтан, Қарағанды облысының Жезқазған және Сатпаев секілді ірі қалаларының халқының көпшілігі осы компанияда жұмыс істейді.

Осыған байланысты тұрақты жұмыс орнын сақтау және өндірісті жаңашаландыру компанияның басты мақсаттарының бірі болып саналады. Бұрынғы жұмыс орындары мен айлық көлемі сақталады. Ал, қайта құрудан кейін, гидрометаллургиялық жұмыс жүйесінен көшкен соң қызметкерлер айлығы жоспарланған жұмыс көлеміне қарай реттелетін болады. Жұмысшылардың айлығы штаттық кесте бойынша қойылады‚ - делінді «Қазақмыстың» баспасөз мәжілісінде.

Сондай-ақ, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауыты өндіріске дайын. Ол бұрынғы технология ‒ қорытуметаллургия бойынша жасақталып жатыр. Онымен бірге, Жезқазған байыту фабрикаларынан келген концентраттарды жүктеу жұмыстары, металургтер құрал-жабдықтарды қайта ретке келтіріліп жатыр.

- Қазіргі кезде ЖМЗ-да рудақыздыру пешін іске қосу және ескі технологиялық жүйемен жұмыс істеуді жалғастыру жоспарлануда. Зауыт басшылығы алғашқы сынамалы мысты осы жылдың қазан айының соңында өндіруді жоспарлап отыр. Ал, алғашқы катодты өнім қараша айының үшінші жартысында шығарылады. Кәсіпорынның жылдың қуаты 100 тонна мыс өндіруге жетеді. Мыс балқыту зауытын салу мемлекеттің көмегінің арқасында және металл нарығының экономикалық деңгейінің жақсаруына байланысты болып отыр. Зауытты іске қосумен қатар, өндірістік тәжірибелік цех салу мәселесі қарастырылып, корпарация жобалау ісіне кірісіп жатыр. Сонымен қатар, жаңа бұрғылар да іске қосулыда.

Жаңа мыс кеніштері ашылуда

Компания басшылығы қауіптің бар екен жасырмайды. Жезқазған аумағындағы шикізат соңғы елу жыл бойы қазылып алынып келеді. Ресурс азайып, руда құрамындағы мыс көлемі азайып барады. Бірақ, геологиялық және таулы жүргізгіш компаниялар жаңа мыс қорын іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. «Қазақмыс» жыл сайын геологиялық жобаларға қомақты қаржы бөліп келеді.

- 2013 жылы «Қазақмыс» компаниясы 1 млрд. теңге көлемінде Жезқазғандағы геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізуге ақша бөлген, деп хабарлайды компанияның баспасөз хатшылығы. Іздеу жұмыстары Жезқазғанның орталық аймақтарында: Жыланды және Жезқазған қапталында жүргізілді. 2013 жылғы көрсеткіштер бойынша, 15600 метр оңтүстік және шығыс Жезқазған кенішінен. Ал, Қарашошақ кенішінің батыс, оңтүстік батыс пен солтүстік шығыс бөлігі толығымен игеріліп, қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Итауыз елді-мекенінде кен қазылып, келесі кезекте Жомарт кенішінен кен өндіру жоспарға енгізілді.

Сонымен қатар, кен орындарына таяу маңдағы халықты көшіру мәсеселесі де қарастырылып жатыр. «Қазақмыс» бұл мәселеге 150 млн. доллар көлеімінде қаржы бөлген.

Кәсіби техникалық білім және бизнес

Нарықтағы түсті металл құнының арзандауына қарамастан, «Қазақмыс» алдағы уақытта өзін әлеуметтік тұрғыдан әлеуетті компания ретіндегі позициясын сақтап қалады.

- Корпорация келісімшарттарға сәйкес, жергілікті қала мен елді-мекендер басшыларымен ынтымақтастықтығы жалғаса береді. Жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер берілу арқылы жұмыс сапасын арттыру көзделіп отыр.

2008 жылы «Қазақмыс» Сатпаев қаласында «Технологиялық колледжін»» ашып, кен орындарында жұмысшы, геологиялық және маркшейделік сала мамандарын дайындауды бастады. Оқу орнын компания қаржыландырады. Студенттерге стипендия төленіп, жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен балаларға материалдық көмек көрсетіледі. Колледж соңғы технологиялар бойынша оқытылып, жаңа құрылғылармен жабдықталған. 2012-2013 жылы колледжді 300 кәсіпқой маман тәмамдап шықты.

- Жезказған өңірінде соңғы үш жыл ішінде «Кәсіпкерлер мен өндірушілер ассоциациясы» жұмыс істейді. Бүгінге дейін 57 заңды тұлға, оның 22 –сі өз өнімін өндірсе, ал жұмысшылардың жалпы саны - 2518 адам. Ассоциация құрылған уақыт ішінде, өнеркәсіптерде 400 адам жұмысқа алынды.

Корпарацияның баспасөз хатшылығы хабарлағандай, ассоциация «Қазақмыс» кәсіпорындарына түрлі қызмет түрлерін ұсынады: жұмыс формаларын тігу, жөндеу жұмыстары, азық-түлік әкелу, асханалардағы жұмыстар, өндіріс қауіпсіздігін сақтауды қадағалау. Сонымен қатар, тау-кен орындарына қажет құрал -жабдықтардың бөлшектерін дайындайды. Осылай көптеген кәсіпорындар корпарацияның бизнес-әріптесі болып, «Қазақмыс» жүйелі жұмыс жасап келеді.

Жаған Бике, Матрица.kz
Просмотров материала: 2 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 891 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 598 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 091 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 125 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 493 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 925 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 957 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 289 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 978 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 003 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 201 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 916 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 042 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 668 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 549 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 580 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 780 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 949 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 481 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 404 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 533 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 542 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031