23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шаханов және “шындығын жоғалтқандар”

Шаханов және “шындығын жоғалтқандар” Халық қай кезде де тұлғаларға арқа сүйейді. Сөзін сөйлер дуалы ауызға сенім арту – ежелгі дағды. Әсіресе, қиын-қыстау шақ туғанда, ел алдында жүрген азаматтардан парасатты пайым, ойлы сөз күтеді. Сын сағатта көш бастар адамға қарайлайды. Егер, сол шақта өзі ойлаған адамы бұқпантайлап, міңгірлесе, оны кешіру былай тұрсын, жадынан өшіруге ұмтылады. Біздің басымыздан ондай сәттер талай мәрте өтті.

dalanews


Шаханов поэзиясы

Халық Шахановты ақындығы арқылы таныды. Оның туындылары эпикалығымен, әңгімеге, сюжетке құрылған қарапайымдылығымен және өзіндік мазмұн мен форма тапқандығымен құнды. «Танагөз», «Ғашықтық ғаламаты», «Сенім патшалығы» сынды туындылары жұртшылықтың алқауына бөленіп қана қойған жоқ, әдеби ортаны да өзіне қаратты. Жастар жыр кештеріне ағылып, Шахановты іздеді, онсыз жыр әлемінің мәні болмайтындай күйге түсті. Әдебиетшілер ортасы жылы қабылдап, сол кездегі дуалы ауыздың бәрі ақын шығармашылығы туралы пікірлерін білдіріп жатты.

Дегенмен, оның поэзиясы Тәуелсіздік тұсында тоқырауға ұшырады деп қарайтындар да бар. Мысалы, «Жаңа қазақтар», «Қажымұқандар мен бөдене таланттар» секілді публицистикалық сарындағы туындылары көркемдігі жағынан ақсап, қоғамдық проблемаларды көтеруімен ерекшеленетінін сын ғып айтатындар көп. «Поэзияның міндеті – қара мақаланың жүгін көтеру емес, оқырманды эстетикалық танымға жетелеу» деген пікірлер жиі қайталанады. Кейде Шахановтың «Танагөз» поэмасынан кейін жазған жөні түзу шығармасы жоқ деп санайтындар да кезігеді.

Ал енді бір көпшілік, әсіресе, оқырмандар оның соңғы жазған өлеңдеріндегі шыншылдықты, қоғамды өлеңімен аяусыз сынау позициясын жоғары бағалап, Шаханов өлеңдерін оқуға құмар. Қалай айтса да, бәрібір Шаханов қазаққа ғана емес, берісі – түркі дүниесіне, арысы – әлемге танымал ақынның бірі. Оның жырлары әлемнің талай тіліне аударылған.

Кім өзін жоғалтады?

Ақын Мұхтар Шаханов «шындығын жоғалтқандардың» кісілік келбетіне күмәнмен қарайтын тұлғаның бірі. Ол үнемі «өз шындығын жоғалтып алғандардан қауіпті ешкім жоқ» деген тұжырым жасап, керек кезінде халықтың сөзін сөйлемей, «үстелдің астына жасырынғандарды» жаны сүймейтіндігін өлеңімен де, сөзімен де еске салып отырады. Бұл сөз – бір қарағанда жаттанды сияқты көрінгенімен, ақынның ойлау жүйесіне салсаңыз, шынайы пікір екеніне көз жеткізесіз.

Егер, Тәуелсіздіктен бұрынғы 10 жылдыққа назар бөлсеңіз, Шаханов елдің ең күрделі істеріне араласқан, Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын тәмам әлемге паш еткен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына айрықша үлес қосқан азсанды, кей сәттерде жалғыз күрескен жандардың бірі екенін білесіз. Оның сол кездегі көзсіз ерлігін кейбіреулер батырлықтан гөрі, даңғойлыққа балап жатса да, Шаханов жел сөзге пысқырған емес.

Егер Шаханов болмағанда, Желтоқсан көтерілісінің шындығы кешірек, Кеңес одағының қабырғасы қақырағанда барып ашылуы да мүмкін еді. Кейбір деректер Шахановты әлемге танытқан мәскеудегі ерлігі екенін де айтады. Кеңес одағының ыдырауына Желтоқсан оқиғасының ұйытқы болғанын, Желтоқсан қырғынын барша әлемге жайған Шаханов екенін батыл айтып, «қызыл империяның» күйреуіне Шахановтың ықпал еткенін дәлелдеуге ұмтылатындар да кезігеді. Логикаға салсаңыз, әбден мүмкін. Іріп-шіріген империяның ыдырауын тездетуге қазақ ақыны себепкер болды десе, біреу сенер, біреу сенбес. Оны ешкім дәлелдей алмайды.

Әйткенмен, 1989 жылдан бастап Кеңес одағының іргесі сөгіле бастағаны тарихи шындық. Бұдан бөлек, Арал қасіретін көтеріп, дабыл қаққан ақын оның әлемдік проблемаға айналатынын ескертіп, көршілес елдердің де назарын аударды. Өкініштісі сол, Арал әлі дертінен айыққан жоқ. Шаханов та жалыққан болса керек, соңғы жылдары Арал мәселесі туралы көп айтпайтын болды.

Шаханов – күрделі әлем

Рас. Күрделі әлем. Адуынды ақын қайраткерлікке жету жолында небір баспалдақты басып өтті. Оның аспандаған шағы да, дәуірлеген тұсы да, билікке жақпай, шетқақпай көрген кезі де көп. Бірақ, халық Шахановты ұмытқан жоқ, ұмытпайды да. Үнемі ақынның айтқанын ұйып тыңдап, оның әрбір ісіне тілеулес бола білген қарапайым жұртшылықтан Қазақстандағы ең танымал екі адамды сұрасаңыз, біріншісі – Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – сөзсіз Мұхтар Шаханов екенін айтады.

Ол билік сапында елшілік қызмет атқарды, кейін бірнеше мәрте халықтың ұсынысы бойынша Парламент депутаты болды. Парламенттегі кезінде «қарағайға қарсы біткен бұтақ» сынды, өткір ұсыныстар жасады. Одан кейін қоғамдағы ірі саяси оқиғаларға араласып, «Қазақстандық ұлт» ұғымына қарсы шерулер ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің мүшкіл халін көтеріп, билік алдына қатаң талаптар қойды.

Елдің алқауына барынша ие болғанына қарамастан, Шахановты ұнатпайтын, оның ұстанымдары мен сөзіне қарсы уәж айтатын топ та бар. Қазақ баспасөзінде Шыңғысхан туралы айтыс-тартыс біраз жылға ұласты. Жазушы Мұхтар Мағауин мен ақын Мұхтар Шахановты қолдаған екі топ бірін бірі аяған жоқ. Сол мезетте «ұлтқа қарсы» деген айдармен арнайы үндеулер, ашық хаттар қарша борады.

Шахановқа қарсы пікір айтатын тағы бір топ бар. Олар бір кездері дәурендеген «Азат» партиясының жұмысы тоқтап, халық алдында тегеуірінді болмай қалуына Шаханов пен Сүлейменов құрған «Қазақстан Халық конгресі» партиясы кері әсер етті деп шүйлігеді. Шаханов сол жылдары Олжас Сүлейменовке арнап, «Біз қазақтың екі ақыны біргеміз» деген өлең жазғаны жадымызда. Кейінірек, Олжас Сүлейменовпен ұстанымы келіспей, оған қарсы пікірлерін ашық айтты. Екі ақынның кетісуіне қазақ тілінің мәселесі себеп болды. «Тілге жаны ашымаған адамның ұлтқа да жаны ашымайды» деген ойын мінберлерден мәлімдеген ақын бірнеше билік өкілін аямай сынап, «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын берген болатын.

Ахмет САҒЫНДЫҚ
Просмотров материала: 2 810

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 405 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 237 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 877 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 901 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 210 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 658 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 726 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 916 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 060 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 439 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 324 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 651 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 355 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 457 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 654 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 321 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 668 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 433 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 269 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 115 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 361 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 292 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 824 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 170 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 366 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 694 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 117 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 133 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 176 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 332 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 483 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930