20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әйелдермен қарым-қатынас кезінде еркектер неден қорқады?

22 март 2021, 17:58
Әйелдермен қарым-қатынас кезінде еркектер неден қорқады?
Қоғамда еркектердің ештеңеден қорықпайтыны, әйелдермен оңай әрі жай ғана қарым-қатынасқа бара салатыны туралы аңыз бар. Негізінде, еркектер де қорқады. Олардың өздеріне ғана тән, «еркекше» қорқыныштары бар. Әйелдерге осылар туралы біліп жүрген артық болмайды.

1. Көз жасы
Әйелдермен қарым-қатынас кезінде еркектер неден қорқады?


Иә, көз жасы әйелдердің ең мықты құралдарының бірі. Алайда, нәзік жандылардың жылағанын көрген еркектер бірінші кезекте өзін айла-шарғымен басқарғысы келіп отыр деп ойлайды. Өз кезегінде бұл оларды қатты қорқытады. Ал әйел өзінің не себепті жылағанын түсіндіруге асықпаса, бұл олардың қорқынышын одан әрі еселей түседі.

Кеңес: егер жылайтындай жағдай орын алса, неліктен жылағаныңызды, неліктен өкпелегеніңізді түсіндірген дұрыс. Бірақ әр нәрсеге дау шығаратын айғайшыл әйел болудан қашыңыз. Еркектер айғайшыл әйелдерді тастап кетеді.

2. Үнсіздік

Әйел адам үндемей отырған кезде ер адам оның не ойлап отырғанын түсінгісі келеді: ол өзіне ренжіп қалды ма, әлде, жұмысты келеңсіздіктер орын алды ма, күйеуге шыққысы келе ме, әлде, айырылысуды көздеп отыр ма? Белгісіздік адамды үнемі қорқытады. Ал кей жаңдайда кез келген адамды ашуландыруға әкеледі. Егер осындай үнсіздіктер қайталанатын болса, сіздің ер адамыңыз кетіп қалады.
Кеңес: мүмкін, телепат-еркектер бар шығар, бірақ, сізге дәл сондай нұсқасы тап болғанына сену қиын. Үнсіз қалмаңыз, ер адамға барлық ақпаратты түсінікті түрде жеткізіңіз. Сол кезде оған сіздің не ойлағыныңызды шешіп отырудың қажеті болмайды.

3. Ұрыс-керіс

Еркектер ұрыс керістерден қорқады, себебі, екеуара мәселені дауыс көтеріп шешу ара-қатынасты ойран қылады, ешбір жұптың пайдасына жарамайды Ұрыс-керіс өмір мен төсек қатынасын жарқын қыла түседі деген бассыздықа сенудің керегі жоқ.

Кеңес: ұрыс-керісті көп жағдайда әйелдер бастайтындықтан, айғайға басуды қойып, ара-қатынастағы мәселелерді сабырмен шешуге тырысыңыз. Ал сүйкімді, тек сәл ғана ренжіп қалған әлсіз әйелден ер адам қорықпайды. Керісінше, жұбатып, бәрінен қорғағысы келіп тұрады.

4. Өзінің материалдық жағдайы

Иә, біздің қоғамда нағыз еркек табыскер болуы керек және әйелден де көп ақша табу керек деген стереотип қалыптасқан. Ал егер мұндай болмаған жағдайда, оның комплекстері бой көтере бастайды. Бұл оны қорқытады.

Кеңес: сіздің қызметіңіз бен сіздің табысыңыз ер адамның комплексіне себеп болмауы тиіс. Керісінше, мотивация беруі керек. Негізі, қазір мейрамхана барған жұптардың әрқайсысы өз ішкен-жегенін өзі төлеуі сәнге айналды.

5. Қатаң қадағалау

Еркектер еркіндікті жақсы көреді. Әр салада тәуелсіз болғанды қалайды. Сондықтан, «Қайда болдың?», «Неге телефон шалмадың?», «Мені ата-анаңмен қашан таныстырасың?» және т.б. осы сыңайдағы сұрақтар қатаң қадағалау мен алдағы уақытта есеп беріп отыру мүмкіндігінің артқанын байқатады.

Кеңес: алдымен ер адамның өзінше өмір сүруге құқығы бар екенін мойындаңыз, оның әр қадамын бақылауға тырыспаңыз. Сол кезде ол сізден табанын жалтыратып, қашқысы келмейтін шығар.

6. Сырт келбеттің өзгеруі

Ол бес жыл бұрын үйленген достарының әйелі қандай екенін көріп жүр: толығып кеткен, иек астында иек пайда болған және өздеріне қарауды ұмытқан.

Кеңес: сымбатты мүсініңізді сақтауға тырысыңыз, фитнеспен айналысыңыз, дұрыс тамақтануды қолға алып, тек жақсы жағына қарай өзгеріңіз.

7. Асқан сұлулық

Көптеген еркектің өте әдемі әрі асқан сұлу әйелдерден қатты қоқатыны рас. Иә, олар әйелдің сұлулығына таңдай қағады, мүмкін, осындай әдемі әйел немесе көңілдесі туралы жасырын қиялдайтын да шығар. Алайда, шынайы өмірде сұлу қыздармен қарым-қатынас орнатуға қорқады. Өйткені, осындай мінсіз әйелге сай келуге жүрексінеді. Шынайы ара-қатынас туралы сөз болғанда тығырыққа тірелетіні де сондықтан.

Кеңес: телевизиядағы сұлу қыздарға ұқсауға тырыспаңыз. Кірпік өсіріп, бөксеңізді үлкейтіп, қасыңызды бояту туралы жарнамаларға көп алданбағыз. Бұл сүйетін ер адамдар үшін идеал болып саналмайды.

8. Олардың өміріндегі жайттарды қабылдамайды деп қорқады

Ер адамның ата-анасы мен достарын сүйіктісі қалай қабылдайды деп алаңдайтыны рас. Тіпті, пәтері мен көлігі, сырт келбеті мен өмір сүру салты, сондай-ақ, қызығушылықтары әйелге ұнайды ма деген сұрақпен жүретіні рас.

Кеңес: ер адамның өміріндегі жайттарға қатысты сын айтып немесе таң қалған түр жасаудың қажеті жоқ. Оның пәтерін мақтап, туыстары мен достарына жылы қабақ танытып, ол әуестенетін заттарға қызығушылық танытсаңыз жеткілікті.

9. Әйелге ұнамай қалудан және ұсынысын қабылдамаудан қорқады

Әйелдің көңілінен шығу үшін ер адамдар үнемі күтім көрсетіп, әзілдеп, қызықты оқиғалар айтып, өз жетістіктерімен мақтанып, гүлдер мен кішігірім сыйлықтар жасап, мейрамханаға шақырып, есік ашып, көптеген ізеттік белгілерін көрсетеді. Кейде мұның бәрінен соң ер адамның басы айналып кетуі мүмкін.

Кеңес: ер адамға өз көңілңізді білдіріп қойыңыз, оның әзілдеріне езу тартып, әңгімелеріне таңданысыңызды жасырмаңыз. Ол сыйлаған гүл шоқтарын үлкен ықыласпен қабыл алыңыз. Ол бұл қадамдарының бәрі бос кетпейтініне, мұның барлығы сізге қнайтынына көз жеткізсін.

10. Бірінші қадам жасауға қорқады

Егер сіз ер адамдарға қыздармен танысу оңай деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Жұмыста, көңілді басқосуда немесе институтта сізге бейтаныс ер адамның екі аптадан бері көз салып жүргенін, бірақ әлі күнге дейін келіп танысудың ретін таппағанын байқаған шығарсыз? Ол да сізге ұнап қалды, алайда, танысуға сылтау таппау соншалықты қиын екенін түсінбейсіз. Негізі, бұл қиын ғана емес, бір жағынан қорқыны да басым.

Кеңес: егер сіз бір-біріңізге қымбат екендеріңізді сезсеңіз, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Өзіңіз қандай да бір амал тауып, онымен сөйлесудің ретін келтірсеңіз болады. Мәселен, жұмыста болсаңыз, компьютеріңізді жөндеп беруді өтініңіз. Ал басқосуда болсаңыз, аққайнар немесе шырын құйып жіберуді өтініңіз. Институтта болса, сабақ кестесін сұрап, сөзге тартсаңыз болады.
Просмотров материала: 793

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 768 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 591 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 560 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 494 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 477 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 764 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 315 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 466 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930