22 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Гүлім Мырзаханова: ТМД медицинасы Еуропадан 30 жылдай кейін қалған

17 ноябрь 2016, 11:13
Гүлім Мырзаханова: ТМД медицинасы Еуропадан 30 жылдай кейін қалған Норвегияның астанасы Осло қаласында бес тілде еркін сөйлейтін жоғары санатты қазақ дәрігерінің жұмыс жасайтынын кездейсоқ естіген едік. Жақында Астанаға іссапарлап келген Осло университеттік ауруханасының акушер- гинекологы Гүлім Сатыбалдықызы Не хабарға?! арнайы сұхбат берді.

– Норвегияда тұрып жатқаныңызға қанша жыл болды? Осло қаласында жоғары категориялы дәрігер болып жұмыс істеп жатқаныңызға 12 жыл болыпты. Қай елдің азаматысыз?

– – Қазақстанның азаматымын. Қазақстанның көк паспорты мені туған еліммен жалғап тұрған бір жіп сияқты. Менің соны үзгім келмейді. Өзіңіз байқап отырсаңыз, мен ана тілімде еркін сөйлеймін. Бірақ 17 жылда адам тілін ұмытып қалуы да мүмкін. Ана тілді ұмытпас үшін адам үнемі практика жасап отыруы керек. Мен қыздарыммен қазақша сөйлесем. Арасында қазақстандық телебағдарламаларды да көріп тұрам. Сосын туған еліме жылына бір рет келіп қайтам.


– Туған өлкеңіз жайлы айтасыз ба?


– Мен қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шар ауданында туғанмын. Бірақ 2 кластан бастап, Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылында оқыдым. Ол қазақи ауыл болғандықтан менің тілім қазақша жақсы қалыптасты. Мектептен кейін Семейдегі Мемлекеттік медициналық академияға оқуға түстім.


– Қазақстанға қайта оралу ойыңызда жоқ па?


– Бар. Жоспарларым көп. Қазір қыздарымды өсіріп, олар бойжеткен соң ойланамын. Ал қыздарымды бұл жаққа алып келу ойымда жоқ. Олардың сол жақта білім алып, өсіп, ержеткені дұрыс шығар. Ертең есейіп, азамат болғанда Қазақстанға келіп еңбек ете ме, кім білсін? Әзірге олардың сол жақтағы озық білім мен мәдениетті игергені дұрыс. Ал өзім Қазақстанға келіп, денсаулық саласында қызмет атқарсам деп ойлағам. Жобаларым да бар. Бірақ ол жобаларды жүзеге асыру үшін уақыт керек. Мен жұмыс істейтін аурухана Осло қаласындағы ең беделді аурухана. Ол жерде өте тәжірибелі дәрігерлер, профессорлар қызмет атқарады. Менің де олардан үйренгенім көп.


Қазақстан мен Норвегиядағы жұмыс барысы жөнінде салыстыруға бола ма?


– Мен ол жаққа барып, алғаш жұмыс істей бастағанымда ертегіде жүргендей болдым. Ол барлық жағымен алып қарағанда сондай. Бұл жөнінен салыстыруға келмейтін мәселе өте көп. Басшылық пен қызметкерлердің арасындағы қарым- қатынас, науқас пен дәрігердің ара қатынасы дегеннің бәрі басқаша. Ол жақта ешкім басшы болғысы келмейді. Өйткені жұмыс көп, жауапкершілігі жоғары. Ал біздің Қазақстанда бәрі бастық болғысы келеді және бастық болғанда да не үшін келгені баршамызға белгілі. Сосын науқастарды қабылдауда да өзгешелік көп. Ол жақта министр болса да, қарапайым жұмысшы болса да, барлығы бірдей кезек күтіп, дәрігерге қаралады. Мен кез-келген науқасты өз кезегімен қабылдаймын. Бізге телефон шалып немесе таныс іздеп дегендей тірліктер болмайды. Еуропалық қоғамның дәрігерге деген көзқарасы ерекше ілтипатты. Қазақстан мен Еуропалық медицинаны салыстыруға келмейді. Олар біздің ТМД елдерінен 30 жыл алға кетіп қалған. Сонымен қатар Қазақстанда жақсы дәрігерлер жоқ емес, бар. Дәрігер болу үшін адам сол саланы жүрегімен қалап тұруы қажет. Ал дәрігер үнемі медициналық жаңалықтар мен ғылымның дамуынан хабардар болып отыруы қажет. Ал біздің Қазақстандағы көптеген дәрігерлер ағылшынша білмейді ғой. Негізінен ең жақсы, ең соңғы жаңалықтар мен еңбектер ағылшын тілінде. Сонымен қатар біздер интернет жүйесіндегі ақылы ресурстарға тегін кіріп, білім алуымызға жағдай жасалған. Оның құнын алдын ала жұмыс орнымыз төлеп, біздің білімімізді жетілдіріп отыруға мүмкіндік жасайды..


– Сіз гинеколог мамансыз. Өзіңіз Ослода атқарып жүрген қызмет пен Қазақстандағы сала бойынша не айтуға болады?


– Қазақстанда акушер, гинеколог, УЗИ қараушы дегендер жеке-жеке. Ал Еуропада сәл басқашалау. Олар бір жас дәрігерді оқудан кейін жан-жақты маман етіп шығару үшін 5 жыл уақыт береді. Сол 5 жылдың ішінде неше ота жасайды, неше ауруды қабылдайды, неше ананы босандырады және тағы басқа қызметтің саты-сатысымен бөліп көрсетеді. Сол жұмыстардың әр сатысын арнайы құрылған комиссия бақылап, бағалап отырады. Сіз сол 5 жылда барлық бақылаудан жақсы нәтижеге жетсеңіз, сізге маман деген дәреже береді. Сол кезде сіз бесаспап маман болып шығасыз. Қазір мен аяғы ауыр әйелге байланысты барлық тексеру мен бақылауды өзім жасап, әрі қарай жұмыс жасай беремін. Мен ол науқасқа қатысты барлық анализ бен зерттеудің нәтижесі өз қолымда болғандықтан, тез әрі тиімді шешім қабылдай аламын. Қазақстандық аналарда әлеуметтік мәселе көп. Дұрыс тамақтанбайды, витамин жетіспейді дегендей. Ал шетелде басқаша. Ол жақтағы аналар семіздіктен зардап шегеді. Одан кейінгі мәселе - жасы үлкен аналар көп. Олардың бірінші баласына босанатын орташа жасы 30. Ол жақта 40 немесе одан да үлкен жастағы бала табатын аналар жиі кездеседі. Сонымен қатар Еуропада қолдан ұрықтандыру өте көп. Оның да өзіндік зардабы бар. Жас ұлғайып кеткен соң кей жағдайда адам организмі де кез-келген жағдайға даяр бола бермейді.


– Біздің кейбір дәрігерлер өте ауыр жүктемемен жұмыс істейтін сияқты көрінеді. Сіздерде еңбек бөлінісі, науқастардың құқы, дәрігерлердің міндеті қалай бөлінеді?


– Дәрігерлердің құқы мен еңбек бөлінісі жайлы кәсіподақ бақылау жасайды. Ал науқастардың құқын науқастар одағы қорғайды. Егер дәрігер бірнеше жұмысты қатар атқаратын болса, оған науқастар құқын қорғау одақтары қарсы болуы мүмкін. Себебі ол дәрігер уақытымен жұмыс жасап, уақытымен демалмаса, сапасыз қызмет көрсетеді деп есептейді. Онда дәрігерлерге аптасына 41 сағаттан артық жұмыс жасауға тиым салынған. 41 сағаттан аз істеуге болады, бірақ одан артық істеуге рұхсат жоқ. Қазақстандағы өзіммен бірге жұмыс жасаған әріптестеріммен жақсы байланыстамын. Менімен бірге

оқыған әріптестерімнің көпшілігі қазір жоғары қызметте мықты, білікті мамандар. Тіпті, бір танысым бар, өте білімді, сауатты, докторлықты қорғап тастаған мықты маман. Бірақ мінезі ауырлау. Бастықтармен тіл табыса алмайды. Қатардағы дәрігер болып жүр. Негізінде ондай мықты маман норвегиялық денсаулық саласындағы басшының қолына түссе, баяғыда-ақ үлкен жетістіктерге жетер еді. Норвегияда басшылар қол астындағы қызметкерлеріне бұйрық беріп, талап қою үшін жұмыс жасамайды. Керісінше, сол адамның дұрыс еңбек етуіне қандай жағдай жасалатындығына жұмыс жасайды. Қазақстанда денсаулық саласында сыбайластық кең етек алған. Көп шаруаң «бәке-сәкемен» шешіледі. Әсіресе, денсаулық саласында мұндай болмау керек.

– Сіз Қазақстан азаматысыз? Ол жақта қызмет істеуіңізге кедергі жоқ па?


– Мен Қазақстан азаматымын. Ол жақта тек тұрақты тіркеуде тұрамын. Норвегияның азаматтығын алғым келген. Бірақ ол үшін Қазақстанның азаматтығынан шығуым керек болды. Мен болашақта өз еліме қайтып келуім үшін азаматтығымнан бас тарта алмадым. Ал қызыма оқуға түсу үшін сол елдің азаматтығын алуға тура келді. Меніңше, Қазақстан өз азаматтарынан айрылмау жағын ойластыру керек. Қазақстанның азаматтығында да, Норвегияның азаматтығында да қала бер деп, өз азаматтарын ұстап қалуы керек. Себебі менің қызымның болашақта еліне қайтып келуі, Қазақстанның гүлденуі үшін үлес қосуы әбден мүмкін ғой. Мәселен, арабияның кейбір елдерінде қос азаматтық жолға қойылған. Оларда да басында қос азаматтыққа қарсы болғанымен, кейіннен оның дұрыс екеніне көздері жетті. Себебі мемлекет үшін әр адамның орны бөлек, қымбат, әрі ең мықты азаматтарын жоғалтып алмауы керек екендігін түсінді. Мына заманда қос елдің азаматтығы мәселесін жолға қою керек.
Просмотров материала: 1 731

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 373 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 878 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 468 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 521 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 829 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 519 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 886 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 060 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 219 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 821 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 076 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 444 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 988 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 032 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 065 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 882 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 828 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 885 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 843 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031