23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қыз-келіншектер ойлап тапқан ең сәтті 5 өнертабыс

Қыз-келіншектер ойлап тапқан ең сәтті 5 өнертабыс
Тұрмыстағы түрлі қиындықтардың алдын алуды үй шаруасындағы әйелдердің жақсы меңгергені анық. Нәзік жандылар да ғылымға өз үлесін қосып, әлі күнге дейін жас ата-аналардың, кеңсе қызметкерлері мен оқушылардың және жүргізушілердің пайдасына жарайтын дүниелер ойлап тапты. Бұл мақалада біз нағыз қажетті өнертабыс саналатын тұрмыстық шешімдердің бестігін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Автокөлікке арналған терезе сүрткіш

Мэри Андерсон ойлап тапқан дүние бүгінге дейін жолдағы апаттар санын азайтуға көмектеседі.
Қыз-келіншектер ойлап тапқан ең сәтті 5 өнертабыс


1902 жылдың қыс мезгілінде америкалық Мэри Андерсон Нью-Йоркке бет алады. Сапар барысында қалалық трамвайға мінген әйел машинистің әйнектегі терезе бекітерінің ашық келе жатқанын байқайды. Жүргізуші әйнекке жабысқан қарды қолмен сүртіп, көлік салонына суық ауаны алып келетін. Сол кезде Мэри әлі күнге дейін терезені өздігінен сүртетін дүниенің қолданысқа енбегенін ойлап, бас қатырады. Мэри Андерсон сол бойда ішінде иінтірегі және қар жинайтын топсалы жұқа тақтайшасы бар әйнек сүртікштің бірінші нұсқасын қойын дәптеріне түртіп қояды. Үйге келген бойда ол өз ойлап тапқан дүниені жетілдіре түседі. Көліктің алдыңғы әйнегін қолмен басқару арқылы өздігінен тазалайтын дүние толығымен дайын болған соң Мэри алғашқы сызбаларын өндіріске апарып, модельді дайындау үшін тапсырыс береді. Көп ұзамай, 1903 жылы ол автокөлікке арналған терезе сүрткіштер үшін патент алады.

Конструкция әйнек бетіндегі резина щеткаларды оңға және солға қозғау арқылы қарды тазалайтын көлік ішіндегі иінтіректен тұратын. Ал ауа райы жақсы кезде терезе сүрткіштер жүргізушіге кедергі келтірмеу үшін төмен түседі. Осыған ұқсас дүниелер бұрын да жасалған болатын, бірақ Мэри Андерсон дайындаған бұйым нақты жұмыс істейтін алғашқы терезе сүрткіш еді. 1905 жыл ол өз өніміне арналған құқықты канадалық компанияға сатқысы келеді, алайда, олар бұл бұйымның табысты боларына сенбеген. 15 жылдан соң патенттің жарамдылық мерзімі аяқталады да, жаппай автокөлік өндіру ісі күрт көтеріледі. Мэри ойлап тапқан терезе сүрткіштерді алған болып Cadillac компаниясы жаңа көліктеріне қолданған. Кейін аталған өнертабыс әрбір көліктің стандартты жабдығына айналды.

2. Төгілмейтін тәрелке

Төгілмейтін тәрелкеге салынған ботқа еденге төгіледі деп уайымдамаңыз.


11 жасар Алексия Эйбернети кішкентай ер баланы бағып-қағатын. Күн сайын ол сәбидің таңғы ас салынған тәркелкені ас ішетін столға төгіп-шашып әкелетінін байқайды. Сол кезде Алексия күн сайын еден ботқамен былғанбауы үшін бір нәрсе жасау керектігін түсінеді. Ол көп ойланған жоқ. Оның ойынша, тамақтың төгілмеуіне жол бермейтін дүние жасалу керек еді. Мәселен, ботқаның барлығы төгілмеуі үшін тәрелкенің көлемі үлкендеу болғаны да жарап жатыр. Бір қызығы, осы сәттерде ол мектептегі «Ойлап тап, Айова» байқауына қатысып, сол сынға өзі ойлап тапқан дүниені ұсынады. Алексия Эйбернети бірнеше пластикалық шұңғыл ыдысты пайдаланады. Әкесі ыдыстың шұңғыл тұсын қиып, ободок секілді пішіннің шығуына көмектеседі. Әрі қарай тесілген жерге кішірек ыдыс салынады да, төгілмейтін тәрелке пайда болды. Алексия ыдыстардың арнайы дөңес арқылы жалғанғанын қалаған болатын. Алайда, оның бұл идеясы жүзеге асқан жоқ. Осыдан соң ол түрлі клейлерді пайдаланып, ең соңында ыдыстарды жапсыруға ыңғайлы ыстық клейге тоқтайды. Алексия өз туындысын байқауға жіберіп, кейін жеңіп шығады. Содан соң да ол бірнеше байқауларда көзге түседі, бірақ штаттағы конкурста ұтылып қалады. Десе де, оқушы қызға аталған өнімді патенттеп, кейін қандай да бір компанияға ұсынып көру туралы идеялар көп айтылады. Бұл пікірлерден соң Эйбернети түрлі фирмаларға 12 хат жазады. Алексияның ұсынысы бір компанияға ұнайды да, олар аталған өнімді пайдалану құқығын сатып алады. Ал бірнеше жылдан соң төгілмейтін тәрелкелер елдегі ірі дүкендердің сөресінен табылды.

3. Жарық беретін қағаз

Бекки Шредер АҚШ-тағы патенті бар ең жас өнертапқыш атанды.


Қараңғыда жанып тұратын қағазды он жасар қыздың ойлап тапқанына сену қиын. Бірде Бекки Шредер дүкеннен азық-түлік алып жатқан анасын көлікте күтіп отырады. Кейін іші пысқан оқушы қыз үй тапсырмасын орындауды ұйғарады. Ал көшені қараңғы басқандықтан дәптердің бетін көру қиын еді. Осы кезде Беккидің ойына қараңғыда жанып тұратын қағаз шығару туралы идея келеді. Үйге келген соң ол өзі көрген жарық беретін құрылғылардың бәрін қайта қарап, олардың қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысады. Ал ертесіне әкесімен шаруашылық тауарларын сататын дүкенге барып, фосфор жинақтаушы бояулары бар банкаларды сатып алады. Бекки қолына қағаз бен бояуды алып, үйдегі ең қараңы бөлмеге барады да, түрлі эксперименттерді жасай бастайды. Кейін жуынатын бөлмедегі жарықты бір жағып, бір сөндіріп тұрған ол «Жұмыс істейді» деген қуанышты хабарымен айғайлай жөнеледі. Бекки жазуға арналған акрил тақтаны фосфор жинақтаушы бояумен жауып қояды. Кейін өнімді жарықта ұстап тұру қажеттігі туындайды. Егер қараңғы жерде тақтаға қағаз парағын қойса, ол да жарықтанып, жазу оңайға түседі. Бекки Шредер өзі ойлап тапқан дүниені 1974 жылы патенттеп, АҚШ-тағы патенті бар ең жас өнертапқышқа айналды. Уақыт өте келе оқушы қыздың жобасы сәтті бизнеске айналып, Бекки компания президенті қызметіне көтерілді.

4. Кенгуру-рюкзак

Кенгуру аналардың қолын босатып, басқа тұрмыстық істермен айналысуға мүмкіндік береді.

Педиатр бөлімінің медбикесі Энн Мур бейбітшілік Корпусының бағыттауымен Батыс Африкада қызмет атқарады. Ол көптеген балалы әйелдерді көріп, бәрін ортақ қызық жайтты байқайды. Африкалық аналар баламен жүргенде қолын бос ұстап, басқа шаруалармен айналысу үшін сәбилерін арқаларына ілінген арнайы матаға салып қоятын. Бұл өте ыңғайлы дүние еді. Бала да тыныш отырады, анасы да өз жұмыстарымен айналыса береді. Кейін Энн үйіне оралып, өзі да ана атанған соң, африкалық әйелдердің лайфхагын қолдануды жөн көреді. Алайда, сәби оның арқасынан үнемі сырғып кете беретін. Сол кезде Энн анасы Люст Окерманның көмегіне жүгінеді. Эннің анасы баланы салып жүретін, қолдары мен аяқтарына арналған ойығы бар рюкзаг тәрізді дүние жасап шығарады. Аталған туынды Энн үшін өте ыңғайлы еді, сол себепті, көпшілік одан рэюкзагты қайдан алғанын сұрай бастады. Рюкзаг туралы көпшілік арасындағы сыбыс тез тарайды да, өнімге деген сұраныс арта бастайды. Сол кезде Эннің күйеуі жұмысын тастап, әйелі және енесімен бірге отбасылық бизнестің іргетасын қалайды. Олар рюкзагты «кенгуру» деп атап, патенттеп алады. 70-жылдардың басында Энн 300-ге жуық өнімді қолдан дайындайтын. 75-жылдары газеттердегі жағымды пікірлер әсерінен олардың кәсібі өрге басты. Ал 79-жылы компания мейілінше тығыз әрі арзан материалдан жасалған кенгурудың жаңа нұсқасын жасап шығарды. Айына 8000 өнім қолдан, 25 мың өнім фабрикадан дайындалып, өндіріс арта түсті. Кенгуру әлі күнге дейін қолданыста және үй жұмыстарын орындаған кезде ата-аналар үшін ыңғайлы.

5. Сұйық корректор

Сұйық корректор секретарь Бетти Несмитті миллионерлер қатарына қосты.


Бетти Несмит Грэм банкте аға секретарь болып жұмыс істейтін. Сол кездері жұмыс орнында баспа машинкалары қолданылды. Бірде Бетти мәтін теріп отырғанда қате жіберіп алады да, олқылықтың орнын толтыру үшін басқа амал табады. Ол қате кеткен жерді арнайы сұйықтықпен бояп тастайды. Кейін Грэм көркемдік дүниелер сататын дүкеннен темпера мен суда еритін бояу алып, кішкентай кистпен қате кеткен жерді бояйды. Бастығы байқамау үшін ол бояудың түсін қағаздың түсімен бірдей қылады. Кейін Беттидің бұл амалы туралы әріптестері де естіп, одан сұйық корректор дайындап беруді сұрайды. Осылайша, Бетти Грэм корректордың алғашқы банкаларын сата бастады. «Ғажайып сұйықтық» Бэттидің үйіндегі гаражда дайындалатын және бұған достары мен ұлы Майкл көмектесетін. Корректорге сұраныс арта бастағанда ол сатылымды да кеңейтуді көздейді. Алайда, алдымен құрамды жақсарту қажет еді. Темпераның кебуі ұзақ уақыт алатын, одан бөлек, қағазды да жиі бүлдіретін. Бетти Несмит болса кітапханадағы анықтамалықтарды ақтарып, мектептегі химия пәнінің мұғалімімен және бояу өндіретін маманмен ақылдасып, кейін эксперимент жасай бастайды. Шамамен бір жылдан соң «Сұйық қағаз» танымал офис каталогінің беттері мен кеңсе тауарларын сататын сөрелерде пайда болып, Бетти миллионер атанды.
Просмотров материала: 1 352

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 332 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 165 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 805 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 829 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 137 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 721 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 911 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 168 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930