22 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Владимир Путин 73 жылдан кейін қазақ батырын орденмен марапаттады

07 ноябрь 2016, 15:33
Владимир Путин 73 жылдан кейін қазақ батырын орденмен марапаттады Ерлікпен қаза тапқан маңғыстаулық батырдың орденін Ресей Президенті В. Путин 73 жылдан кейін отбасы мүшелеріне қайтарып берді. Осылайша 2-ші дүниежүзілік соғыстың тағы бір ақтаңдақ бетіне нүкте қойылды.

Бұл жаңалық маңғыстаулық Тегісбаевтар отбасына қатысты..

...1943 жылдың күзінде Серді Тегісбаевтың қаза тапқанын жеткізген «қара қағаз» оның ағайын-туысының қабырғасын қайыстырды. Бұдан да ауыр болғаны – «қара қағазда» отағасының қайда, қашан қаза тапқанының жазылмауы. Елі үшін жаумен алысқан батырдың сүйегінің қайда жерленгенін білген жан болмады.

Владимир Путин 73 жылдан кейін қазақ батырын орденмен марапаттады


- Әкеміз соғысқа кеткенде, артында қалған анамыздың қолында үш бала едік, - деп бастады әңгімесін батырдың қызы Шорхат апа (ауылдастары Зина деп атап кеткен). – Әпкем Меңдіхан мен інім Жұмағұл үшеумізден кейін, тағы бір ініміз Аманқұл дүниеге келді. Жарты жыл бұрын соғысқа кеткен күйеуінің қаралы хабарын жаңа босанған анамызға туыстары айтпай, біразға дейін жасырып жүрді. Бәрінен бейхабар анамыз әкемізді тосумен болды...

...Серді Тегісбаев Маңғыстау облысында 1910 жылы туған. Отағасы Тегісбайдың шаңырағында бес ұл мен екі қыздың кенжесі болып дүниеге келген. Жастайынан қағілез болып өскен Серді 1936 жылы педагогикалық училищеде білім алған. Кейін ұзақ жыл бойы бастауыш сыныптың мұғалімі қызметін атқарған. Соғыс басталғанда Серді Тегісбаев Түркмен ССР-і Красноводск ауданы Қошоба ауылына ұстаздық қызметке ауысады. 1943 жылы үшінші наурызда Красноводск қаласы әскери комиссариатынан әскер қатарына шақыртылып, 33 жасында майданға аттанады...

...Жылдар өте ержеткен ұлдары Жұмағұл мен Аманқұл із-түзсіз кеткен әкелерінің хабарын білмекке Украина мен Польшаны шарлап, іздеу салды. Алайда, еш жерден ешбір дерек табылмады. Қос ағайындының іздеу жұмыстарын өздері өмірден өткен соң балалары жалғастырды. Олар жаңа заманның жетістігі - ғаламтордың мүмкіндігін пайдаланып, іздеу сайттарын ақтарып шықты...

«Ғаламтор арқылы екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздар жөніндегі мәліметтер сақталған форумға сұрау салдық. Ол жерден адамдарға өз туыстарын табуға көмек көрсететін ерікті отрядтардың электрондық адрестері табылды. Бірақ мәселе басқада болып шықты. Ол кезде құжаттар қолмен жазылатындықтан, «Тегісбаев» деп жазудың орнына құжаттарда «Тежебаев» деп толтырылып кеткен екен. Осылайша, «Тегісбаев» тегінің қате жазылуы ұзақ жыл бойы атамызды іздеп табуға кедергі болды. Әкелеріміздің бізге тапсырып кеткен аманатын орындап, атамыздың қаза болған жерін тапқанымыз біздің әулет үшін зор қуаныш болды, - дейді Сердінің немересі Ислан Тегісбаев.

Былтыр 23 ақпанда Украинадан қызыләскер Тегісбаев Сердінің қаза табу тарихы нақты көрсетілген жауап та келді. Хатта сол кездегі оқиғалар туралы құжаттарды көруге болатын сайт та көрсетіліпті.

Енді құжаттарды сөйлетейік. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, 72 жыл өткеннен кейін дерегі табылған жауынгер Серді Тегісбаев Украинадағы Донецк облысының Краматорск қаласында 1943 жылдың 9 қыркүйегінде сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Жауынгер Алексеевка ауылындағы бауырластар зиратына жерленген. Ол фашистермен танкке қарсы атқыштар жеке батальонының құрамында шайқасып жанқиярлық көрсеткен. Ол туралы батальон командирінің жазбасы айғақтайды.

Владимир Путин 73 жылдан кейін қазақ батырын орденмен марапаттады


Тегісбаев Серді қаза тапқаннан кейін, көрсеткен ерлігі мен ержүректігі үшін «Отан соғысының І дәрежелі» орденімен марапатталған.

«Отан соғысы» ордені – Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бекітілген советтік бірінші награда. Оның иегері қаза тапса, орден оның отбасы мүшелеріне тапсырылатын болған. Аталарының осы бір ардақты марапатына қол жеткізуді Тегісбаевтар әулеті алдына мақсат етіп қойды. Бұған байланысты Ресей Федерациясының Президенті әкімшілігімен, Ресей Қорғаныс министрлігімен былтырдан бері орденді отбасына тапсыру жөнінде хат алмасу басталды.

Архивтік құжаттар расталып, ретке келтірілген соң Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қолы қойылған мемлекеттік награда туралы №019749 куәлік батырдың көзі Шорхат апамызға табысталды.

Владимир Путин 73 жылдан кейін қазақ батырын орденмен марапаттады


Серді Тегісбаевқа жанқияр ерлігі үшін берілген «Отан соғысының І дәрежелі» ордені енді ұрпақтардың асыл мұрасына айналды. Батырдың ұрпақтары болса, осынау қыруар шаруаны атқаруға атсалысып, көмек қолын созған Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Сыртқы істер министрлігіне және Маңғыстау облысының әкімдігіне шынайы алғыстарын білдіріп отыр.

Осылайша, соғыс салған жараның орны жазылмаса да, Тегісбаевтар әулеті 72 жыл бойы салмақ болған белгісіздік жүгінен құтылды.

Тегісбаев Серді атамыздың шаңырағын құлатпаған жары Бибіажар 4 баланы бағып өсірді. Олардан тараған 25 немере, 96 шөбере, 25 шөпшек еліне қорған болған батыр бабаларының теңізден терең, таудан биік өмірлік өнегесін ту етіп өмір кешуде.

Abai.kz
Просмотров материала: 1 957

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 377 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 882 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 472 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 525 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 833 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 520 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 887 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 062 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 220 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 822 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 076 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 444 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 988 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 032 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 065 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 882 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 828 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 885 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 843 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031