7 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА ТИЕСІЛІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА ТИЕСІЛІ
Ежелден түркі тілдес халықтардың орталығы болған Түркістан алдағы уақытта да мәдени-тарихи және рухани орталықтарының бірі болып қала бермек. Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірін жаңғырту және оның рухани және сауда орталығы ретіндегі маңыздылығын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.


Түркістан облысының бәсекелестік артықшылығы ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы климаттық жағдайлар болып табылады. Облыс ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны бойынша елімізде жетекші орында.

Қоңыржай континенталды климат, құнарлы жерлердің едәуір үлесімен қатар орташа жылдық жоғары температура "жасыл технологияларды" енгізе отырып, шаруашылық қызметті жүргізуге ықпал етеді.

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ. Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7%) тиесілі. Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7%) тиесілі.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 859 млрд теңгеге жетті. Нақты көлем индексі бойынша облыс республикада 8-орынды иемденді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында ауыл, орман өсіру және балық шаруашылығының үлесі – 19%, өнеркәсіп – 14,7%, білім беру 14,4%, көлік және қоймалау – 11,6% алып отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 707 млрд 802 млн теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артқан.

Сондай-ақ, ҚР бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,1%-ы Түркістан облысына тиесілі.

2022 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 71,7 млрд.теңге болатын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 1040 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компанияның қатысуымен жалпы сомасы 12,5 млрд. теңге болатын жоба аясында 40 жұмыс орны құрылмақ. Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Жасыл экономика», химия өнеркәсібі құрылысын атап өтуге болады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА ТИЕСІЛІ


Ауылшаруашылығы саласына тоқталар болсақ, бүгінгі таңда халықты жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында итальяндық Rota Guido технологиясы бойынша 1200 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу жобасы іске асырылуда. Сүт-тауар фермасын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан Агро XXI» ЖШС базасында 1000 га алқапта жаңбырлатып суару жүйелерін қолдана отырып, жем-шөп дақылдарын өсіру бойынша жобаны іске асыру басталды. Жоба аясында 18 бірлік жаңбыр жаудыратын машина орнатылып, 26 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Инвестиция көлемі 6,4 млрд.теңге. Тұрақты жұмыс орны – 17.

Сондай-ақ, «Тurkistan Fruit» ЖШС 400 га алқапта бау-бақша шаруашылығы саласындағы көрсеткіш алаңын салу және ұйымдастыру, тікелей сығылатын шырындар өндірісін ұйымдастыра отырып, жеміс сақтау қоймасын салу құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Инвестиция сомасы – 8,533 млрд.теңге. Қуаттылығы – жылына 9 000 тонна қара өрік өңдеу.

«Жасыл экономика» бағыты бойынша энергия көздері саласында «ARM Wind» ЖШС (Италия) шетелдік инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының жұмысы биыл басталмақ. Инвестиция сомасы – 12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік, «ARM WIND» – Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетика компаниясының еншілес ұйымы.

Химия өнеркәсібі саласында Ордабасы ауданындағы «Standart Petroleum & Co» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы жүргізіліп, І кезеңі бойынша іске қосылу жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 95 млрд.теңге. Екі кезеңде жүзеге асырылып, 1 000-нан астам жұмыс орны болмақ. І кезек бойынша 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, инвестиция көлемі 24 млрд. теңгені құрайды. Қуаттылығы 500 мың тонна.

«Каратау ТрансСервис» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу зауыты. Инвестиция құны 11 млрд. теңге. Тұрақты түрде 112 адамды жұмыспен қамтымақ. Қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайды.


Қайта өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша облысымызда бірнеше зауыт өз жұмысын бастамақ. Атап айтар болсақ, кірпіш зауыты «Almaty NS-Group» ЖШС. Инвестиция құны 1,700 млрд. теңге. Жұмыс орны – 50.

«RZN» ЖШС – автоклавты бетоннан газоблок өңдіру зауыты. Жобаның жалпы соммасы 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орны – 55.

Сонымен қатар, темірбетон өндірісі бойынша «ТемірБетон» ЖШС. Жоба құны 1,2 млрд. теңге. 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.
Түркістан облысы қысқа мерзім ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Облыстың үлкен перспективаларын ескере отырып, «Turkistan Invest» өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған отандық және шетелдік инвесторларға көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетеді.


Авторы: Гүлжәмилә Сәрсенбайқызы
Просмотров материала: 311

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 586 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 396 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 050 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 080 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 378 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 927 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 075 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 245 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 890 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 086 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 018 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 114 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 951 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 824 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 650 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 793 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 935 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 601 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 970 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 706 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 550 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 390 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 645 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 589 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 101 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 527 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 428 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 673 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 017 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 429 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 407 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 448 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 391 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 625 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 767 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30